Просмотр содержимого документа
«Коучинг на тему: "Бағалау критерийлерін анықтау. ."»
18-күн
№ | Тақырыбы: | Бағалау критерийлерін анықтау. |
1 | Мақсаты: | Мұғалімдер сабақ табыстылығын бағалау критерийлерін әзірлейді, сабақ жоспарларын өзі бағалау мен өзара бағалау кезіндегі бағалау критерийлері, жаттығулар және оқу мақсаттары арасындағы байланысты анықтайды. |
2 | Оқу нәтижесі: | Мұғалімдер әзірленген бағалау критерийлері бойынша сабақ жоспарындағы оқу мақсаттарын, күтілетін нәтижелер мен жаттығуларды бағалайды. |
3 | Түйінді идеялар: | Сабақтың әдістері мен тәсілдерін күтілетін нәтиженің негізінде жоспарлау әдісі оқытуды тиімді етуге мүмкіндік береді. Оқушылар мен мұғалімдердің барлық іс-әрекеті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. |
Іс – шаралар | Уақыты | Тренердің әрекеті | Мұғалімнің әрекеті |
Ұйымдастыру «Сіз қандайсыз?» | 3 мин | Мұғалімдердің өздеріне бағалау жасағандарына көз жеткізу. Тақырыпқа жол ашу | Әр мұғалім өзінің бас әрпінен басталатын сын есімді айтады |
Топқа бөлу | 5 мин | Мұғалімдердің топқа бөлінуін қадағалайды | рубрика, дескриптор, критерий сөздері жазылған қағаз қиындылармен топқа бөлінеді. |
«Адасқан сөздер» Мақсаты: Сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру. | 12 мин | Тапсырманы орындауға нұсқау береді. | Уақыт, жігіт, қыз, ауыл, қала, жанжал, көз, тәтті, намыс сөздерінен оқиға желісі бар әңгіме құрайды |
«Қолдау көрсету» әдісі Мақсаты: Зейінді күшейту, бағалау критерийлерін анықтау | 1 мин | Сұрақтар қояды: Тапсырманың жақсы не нашар орындалғанын қалай бағалаймыз? Бағалау критерийлерінің тиімділігі қандай? | Қатысушылар талқылайды, бағалау критерийлерін белгілейді |
Топтық жұмысқа негізделген тәсіл | 20 мин | Әр топқа сабақ жоспарын құру тапсырылады. | Топтар сабақ жоспарына сәйкес оқушы мен мұғалім іс-әрекетін жоспарлауды аяқтайды және келесі сұрақтарға жауап береді: |
Таныстырылым | 5 мин | Бағалау критерийлері туралы қорытындылайды | |
Ой қозғау | 15 | | Әр топ пікір алмасып, сабақ жоспарының «бағалау критерийлері» бөлімін толтыруды аяқтайды және сұрақтарға жауап береді |
«Социометрия әдісі»: координаттар жүйесі Мақсаты: сабақ мақсаты мен нәтиженің және бағалау критерийлерінің байланысын көрсету. | 10 мин | Әдіс туралы мәлімет беріледі | «Координаттар жүйесіне» салып, сабақ жоспарын бағалайды |
Рефлексия «Табыс сатысы» Мақсаты: Бағалау критерийлерінің тиімділігін көрсету. | 5 мин | Табысқа апаратын баспалдақ түрінде әрбір кезеңде өзін бағалау ұсынылады | |
18-күн
№ | Тақырыбы: | Бағалау критерийлері мен жаттығулардың негізгі оқу мақсатымен бағамдау. |
1 | Мақсаты: | Мұғалімдер сабақ табыстылығын бағалау критерийлерін әзірлейді, сабақ жоспарларын өзі бағалау мен өзара бағалау кезіндегі бағалау критерийлері, жаттығулар және оқу мақсаттары арасындағы байланысты анықтайды. |
2 | Оқу нәтижесі: | Мұғалімдер әзірленген бағалау критерийлері бойынша сабақ жоспарындағы оқу мақсаттарын, күтілетін нәтижелер мен жаттығуларды бағалайды. |
3 | Түйінді идеялар: | Сабақтың әдістері мен тәсілдерін күтілетін нәтиженің негізінде жоспарлау әдісі оқытуды тиімді етуге мүмкіндік береді. Оқушылар мен мұғалімдердің барлық іс-әрекеті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. |
Іс – шаралар | Уақыты | Тренердің әрекеті | Мұғалімнің әрекеті |
Сергіту сәті «Екі шындық, бір өтірік» | 5 мин | Кері байланыс орнатады. Сергітуден алған әсерлерімен бөліседі. | Мұғалімдер ретімен 2 шындық, 1 өтірік айтады, бірін-бірі қайталамайды |
Топқа бөлу | 5 мин | Пән бойынша мұғалімдердің топқа бөледі | Мұғалімдер топқа бөлінеді |
Бейнеталдау әдісі Мақсаты: кері байланыс орнату, келесі жұмысты орындауға көпір болу | 20 мин | Мұғалімдердің өткен сабақтағы видеожазбаларын талдауды ұсынады. | Талдау мақсаттарын белгілейді. Талдау критерийлерін береді. Одан әрі жасалатын әрекеттер тізбесін жасайды. |
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл | 20 мин | Тапсырманы орындауға нұсқау береді. | Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрады |
Бағалау | 10 | Мұғалімдерге сабақ жоспарын бағалауға критерийлер береді: Оқу нәтижелері оқушылар деңгейіне сәйкес келе ме? Әр деңгейлі тапсырмалар оқу нәтижесіне қол жеткізуге ықпал ете ме? Бағалау критерийлері сабақ мазмұны бойынша оқу нәтижелеріне сәйкес келе ме? Оқушылар әр деңгейлі тапсырмалар арқылы бағалау критерийлерінің мазмұнын көрсете ала ма? Оқушылар бағалау критерийлері мен сабақтағы жаттығулар арқылы оқу дерісін көрсете ала ма? Бағалау үдерісі оқу үдерісін бағалау критерийлері арқылы бағалауға арналған ба? | Критерийлерге сәйкес сабақ жоспарын бағалайды |
Сабақты жоспарлау үдерісін бағамдау (б.б.ф) | 15 мин | САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ҮДЕРІСІН БАҒАМДАУ Сұрақтар Иə Жоқ Ұсыныс Үш деңгейдегі оқу нəтижелерінің барлығы оқу мақсаттарына сəйкес келе ме? Олар оқушылардың əртүрлі үш деңгейіне лайық па? Мұғалім мен оқушылар орындайтын шаралар оқушыларға оқытылып жатқан тақырыпқа қатысты оқу нəтижелеріне қол жеткізуге көмектесе ме? Мұғалім мен оқушылар орындайтын шаралар белгіленген үдеріс нəтижелеріне қол жеткізуге көмектесе ме? Мазмұнға қатысты табыс критерийлері оқу нəтижелері сəйкес келе ме? Үдеріске қатысты табыс критерийлері үдеріс нəтижелеріне сəйкес келе ме? Оқушылар жаттығулар арқылы мазмұнға қатысты табыс критерийлеріне қол жеткізгенін көрсете ала ма? Оқушылар жаттығулар арқылы үдеріске қатысты табыс критерийлеріне қол жеткізгенін көрсете ала ма? Бағалау моделі оқушылардың мазмұнға қатысты табыс критерийлеріне қол жеткізген-жеткізбегендігін бағалауға жарай ма? Бағалау моделі оқушылардың үдеріске қатысты табыс критерийлеріне қол жеткізген-жеткізбегендігін бағалауға жарай ма? | «Сабақты жоспарлау үдерісін бағамдау» нұсқаулығын қолдана отырып, жоғарыда көрсетілген сұрақтардың әрқайсысына кері байланыс ұсынады. «Жоқ» деген баға қойылса, оны қалай жетілдіруге болатыны туралы өз пікірін айтады. |
«Кері дизайн» әдісі | 10 мин | Әдіс туралы мәлімет беріледі | |
Сабақты қорытындылауға арналған рефлексия: Сөйлемді аяқта «Сабақты бағалау критерийі - бұл... » | 5 мин | | Мұғалімдер қорытынды бір тұжырым жасайды. |
Ертеректе... Өте ертеректе бір аралда бүкіл Сезімдер мен адамның барлық рухани құндылықтары бірге өмір сүріп жатты: Қуаныш, Қайғы, Таным және басқалары. Махаббат та сол аралдың тұрғыны-тұғын.
Бірде Сезімдер аралдың мұхит табанында қалып, көз ұзамай батып кетерін байқады. Барлығы бірден өз кемелеріне мінді де, аралды тастап шықты. Тек Махаббат қана асықпай, асықпаған күйі соңғы минуттарға дейін бір қайран болар деп күткен еді. Сосын барып, бір уақыттарда аралды түгел су алып, өзі су астында қалып бара жатқан кезде ғана көмек шақыра бастады.
Қасынан Байлықтың сән-салтанатты кемесі өтті.
Махаббат одан кемесіне алуын өтініп көрді, бірақ, Байлық кеменің көп қымбат зат пен алтын, күміске толы екендігін айтып, Махаббатқа орын жоқтығын жеткізді.
Сосын, Махаббат кемесі жақында тұрған Тәкаппарлыққа қарады...
Бірақ Махаббатқа берілген жауапта оның баруымен тәртіп бұзылып, Тәкаппарлық кемесіндегі мүлтіксіздікке олқылық келетіндігін естіді.
Махаббат жалынышпен Қайғыға көңіл аударды.
"О, Махаббат, - деді Қайғы, - Өзім сондай қайғылымын, мен жалғыздықта қалуға тиіспін".
Аралдың ту сыртынан Қуаныш жүзіп өткен болатын. Бірақ ол қуаныштан қолы тимеген күйі Махаббаттың даусын естімей кетті.
Кенет Махаббаттың құлағы бір дауысты шалды:
"Мұнда кел, Махаббат, сені өзіммен бірге алып кетемін".
Махаббат жүзі қуарған, ап-арық аппақ шалды көрді. Шаттықтан басы айналып, қатты қуанған ол, тіпті, шалдың атын сұрауды да ұмытып кеткен-ді. Аман-есен Жерге жеткен соң, Махаббат түсіп қалып, шал ары қарай жүзіп кете берді.
Шалдың қайығы көкжиекке сіңіп жоғалған соң, Махаббат әлгі шалдың атын білмек түгілі, тіпті, алғыс айтпағанын есіне түсірді.
Танымға қараған ол:
"Таным, маған айтшы, мені құтқарған кім?" - деп сұрады.
"Бұл Уақыт болатын", - деп жауап берді Таным.
"Уақыт?" - деп таңғалды Махаббат, - Неліктен Ол маған көмектесті?"
Сонда Таным былай деп жауап берді:
"Тек Уақыт қана бұл өмірге Махаббаттың қаншалықты керек екендігін түсінеді және біледі".
рубрика
рубрика
дескриптор
критерий
дескриптор
критерий
рубрика
рубрика
дескриптор
критерий
дескриптор
критерий
дескриптор
критерий
дескриптор
критерий