Сергіту сәті. « Велосипед шынжыры» әдісі. ( уақыты 3-10 минут) Нұсқаулық: екі топ ішкі және сыртқы шеңбер болып екі екіден жұптасып бір –біріне қарама қарсы тұрады. Ішкі шеңбер айналып өтілген тақырып бойынша жұптарына қысқаша мәлімет береді. Солай айналып өз орнына қайта келгенше қайталанады. Мақсаты: сілку, шашыраңқы назардан шоғырланған назарға өтуге көмектесу 4- тапсырма. Бейнеталдау әдісі (уақыты 40 минут) Алгоритм 1.Талдау мақсаттарын белгілеу 2.Талдау критерийлерін беру 3. Бейне үзіндіні қарау 4.Топқа қойылатын сұрақ – қадағалау критерилері бойынша талқылау 5. Түйіндеу шешім 6. 3-5 тармақтарды қайталау 7. Жалпы қорытынды және одан әрі жасалатын әрекеттерге логикалық көпір 1.Мақсаты –. Оқушының қалай оқу керектігінің ,білім алу үшін эмоциялық , танымдық, ынталандырушылық, әлеуметтік өзін-өзі реттеуінің дәлелдерін тауып дағды қалыптастыру 2.Талдау критерийлері: 1.Оқушылардың қалай оқу керектігін білуі 2. Оқушының эмоциялық, танымдық, әлеуметтік, ынталандырушылық өзін-өзі реттелуінің негіздемесін жасау Нұсқаулық : бұл сабақта жұптық жұмыс жасау тапсырылған. 1-топ бірінші бейнематериалдағы қатар отырған екі қыз бала бақылау және салыстыру , 2-топ бірінші бейнематериалдығы қатар отырған бір қыз және бір ер баланы бақылайды және салыстырады . 3-топ екінші бейнематериалдағы оң жақта отырған екі ер баланы бақылайды және салыстырады . 4- топ екінші бейнематериалдағы сол жақта отырған екі ер баланы бақылау және салыстыру 3.Бейнеүзіндіні қарау 4. Қадағалау критерийлері бойынша талқылау 1. Оқушылар осы сабақта қалай оқу керектігін түсініп отыр ма? Оны қайдан білдіңіз? 2. Оқушылардың эмоциялық, танымдық, әлеуметтік, ынталандырушылық реттелуінің дәлелдері 5. түйіндеу шешім Өзін-өзі реттеу мен метатанымдық қабілеттерді дамыту баланың алғыр оқушы болуына ықтималдығының негізгі көрсеткіші болып табылатынын түсіндік 6. Мұғалімдер жоғары саналы педагогикалық тәжірибе көмегімен осы салаға барынша мол үлес қоса алады 5 -тапсырма. Бейнеталдау әдісі ( уақыты 10-15 минут) Мақсаты – теория мен практиканы талқылауға өз бетімен үйренудің дәлелі болып табылатын сыныптағы бір топтың білім алудағы іс әрекетін зерттеу . «Осы жерде және осы мезетте» жағдайында өзін сырттай бақылауға мүмкіндік береді. Кім қалай білім алуда? Бұл үзінді де Марта Бронсон айқындаған өзін-өзі реттеудің төрт саласы : танымдық, әсершілдік, әлеуметтік және ынталандырушылықты кімнің әрекетінен байқадыңыз? Кімнің әрекетін қай топқа жатқызар едіңіз? |