СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Коучинг на тему: "Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.

Просмотр содержимого документа
«Коучинг на тему: "Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану"»

12-күн

1 сабақ




Тақырыбы

Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану

Мақсаты

Мұғалімдер оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды.

Күтілетін

нәтижелер

Мұғалімдер өз пәні бойынша сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал ететін үш түрлі тапсырма әзірлейді.

Түйінді идея

Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.


Тренердің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Сергіту (10 мин)


«Есімдер сыры»

Мақсаты: қатысушылар өз есімі арқылы өзіндегі бір жақсы қасиетін сезінеді.

Алгоритмі:

Әрбір қатысушы өз есімін атап, бастапқы әріптен басталатын сын есім қосады, алдында тұрған қатысушының айтқанын қайталайды.

Аудиторияда жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.





Топтық ереже

(6 минут)

Қатысушыларға топтық ереже құратады.

Мақсаты: топта жұмыс жасаудың тәртіппен жүруіне қол жеткізу.

Қатысушылар өздері топтық ереже құрайды.

Топтарға бөліну

(2 мин)

Қатысушыларды пазл арқылы топқа бөлу.

Мақсаты: қатысушыларды ынтымақтастықта жұмыс жасауға бағыттау. Мәселені бірігіп шешуге жағдай тудыру.

Қатысушылар пазл арқылы тиін, ара, аю, бүркіт топқа бөлінеді.

Көңіл –күйді анықтау

(2 мин)


Қатысушылар бір парақ ақ қағаз алып, ортасынан екі бүктейді. Бір бөлігіне көңіл -күйін бейнелейтін смайликтің немесе табиғат құбылыстарының бірінің суретін салып қояды. Бұл іс-әрекет арқылы қатысушының көңіл –күйі анықталады.







Миға шабуыл

(20 мин)






Қатысушылар суретке қарап өз ойларын



Топтарға қойылатын сұрақтар

Тәсіл «Идеялар, ұғымдар, есімдер ... себеті»

Сұрақтар:

1) «Сын тұрғысынан ойлау» туралы не білесіздер?

2) Сын тұрғысынан ойлаудың қандай тәсілдері сіздерге таныс?

Тақырыпты топпық талқылауға салу.

Түйінді идеяларды стикерлерге жазып, себетке салу, идеялар қайталанбау керек.

Бағалау (3 мин)

Екі жұлдыз, бір тілек

Шағын дәріс

(15 мин)

Презентация (сын тұрғысынан ойлаудың анықтамасы, мақсаты) білім беру платформасын қарау.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың құралдары. білім беру платформасын қарау.

СТО дамыту құралдары.

Қатысушылар презентация арқылы сын тұрғысынан ойлаумен танысады



Кейстер әдісі

(15 мин)

Әр топқа танысу үшін «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдарын өзімнің пәнімде қалай қолданатын боламын?» деген сұрақ беріледі.

Тапсырма: қатысушылар пәндері бойынша топқа бөлініп, сын тұрғысынан ойлау құралдарын қолдану жайлы постер қорғайды.

Бағалау (2 мин)

Сэндвич әдісі арқылы топтар бірін–бірі бағалайды

Мағынаны тану

(10 мин)


Суретке қарап әңгіме құрастыру


Сурет бойынша әңгіме құрастырып,негізгі идеяны табады.

Постер қорғау

Сыни тұрғыдан ойлау неге соншалықты маңызды?

Рефлексия

(3 мин)



  • Бұл тәсілді сіздер сабағынызда қалай пайдалана аласыз? Қандай нәтиже болуы мүмкін?

  • Бұл тәсілді қалай тиімді пайдалану болады екен?

  • Бұл тәсіл оқушылардың қандай білік-дағдыларын қалыптастырады?

  • Кері байланыс сұрақтарына жауап береді.

  • Стикерлерге бір сөйлеммен жазып қорытады.

Бағалау (2 мин)

Екі жұлдыз, бір ұсыныс

















12 – күн.

2 сабақ.




Тақырыбы

Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау

Мақсаты

Мұғалімдер оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды.

Күтілетін

нәтижелер

Мұғалімдер өз пәні бойынша сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал ететін үш түрлі тапсырма әзірлейді.

Түйінді идея

Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.


Тренердің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Миға шабуыл

(10 мин)


Өзгеріске ілесу керек пе? «5 маймыл» әңгімесін слайд арқылы бақылау.

«5 маймыл»

Ғалымдар мынадай тәжірибе жасаған. 5 маймылды торға кіргізіп, жоғарыға банандар іліп қойған және тордың ішінде саты бар. Торға кірген маймылдар бананға ұмтылғанда оларға өте мұздай су шашып отырған. Нәтижесінде маймылдар бананды ала алмайды. Бұдан соң 5 маймылдың бірі тордан шығарылып, оның орнына ешнәрседен хабарсыз бір маймыл кіргізіледі. Жаңадан келген маймыл бананды көрген бойда сатыға өрмелеп жоғары ұмтылады. Ал қалған маймылдар өте суық су шашылатындықтан оны аяғынан тартып бананға жібермейді. Ол көнбейді. Әдепкі 4 маймылдың айтуға тілдері жоқ. Ақыры болмаған соң аяусыз ұрып тоқтатады. Сонымен банан тағы желінбей қалады. Сәлден соң тағы бір маймыл жаңа маймылмен ауыстырылады. Жаңадан келген маймыл да бананға ұмтылады. Ал қалған маймылдар оны тоқтатпақ болады, ақыры ұрып тоқтатады. Назар аударатын нәрсе жаңадан кірген бірінші маймыл екінші кірген маймылды аяусыз ұрады. Әдепкі үш маймыл су шашылатынын біліп ұрса, жаңадан кірген бірінші маймыл неге ұрып жатқанын білмейді, тек өш алу үшін ызаланып ұрады. Осылай тағы бір ескі маймыл жаңа маймылмен ауыстырылады. Әлгі жағдай қайталанады. Назар аударатын нәрсе жаңадан кірген маймылдар қатыгездік танытып отырады. Осылай әдепкі барлық 5 маймыл ауыстырылып болады. Одан кейін де маймылдар ауыстырыла береді. Әр маймыл кірген сайын іштегі маймылдардан таяқ жеп отырады. Банан бәрінің есінен шығып кетеді. Неге? Сіз қалай ойлайсыз? Неге банан бәрінің есінен шығып кетті?

Оқу бағдарламасы туралы сын тұрғысынан ойлау.



Модерация

(45 мин)

Алгоритм

  1. Жағдайға бойлау. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың мақсаттары мен құндылықтары. Білім беру платформасын қарау.

  2. Топтарға бөлу.

Қатысушыларды қар лақтыру ойыны арқылы топқа бөлу.

Мақсаты: қатысушыларды сергіту. Көңіл күйлерін көтеру. Топқа бөлу.

Алгоритмі: жерде жұмбаздалып бүктелген қағаздар шашылып жатады. Әрбір қағазда сөздер жазылған. Оны қатысушылар көрмейді. Олар бір-біріні қағазды қар ретінде лақтырады. «Стоп» белгісі берілгенде әрбір қатысушы бір-бір қағаздан ұстап қалуы тиіс.

  1. Карточкалар мен нұсқау.

Топтарға тапсырма: «Сын тұрғысынан ойлаудың әдістері жеке тұлғаға қалай әсер етуі мүмкін?»

  1. Топтық жұмыс.

Әр топ осы сұрақ төңірегінде ойланып, постер қорғайды.

  1. Таныстырылым туралы нұсқау

Тренер таныстырылымды қалай жүргізу керектігін айтады.

  1. Командалар таныстырылымы.

Топтар өз таныстырылымдарын жасайды.

  1. Тренердің жіктемесі.

Оқытудың жеке тұлғаға бағытталуының он тәсілі.

  1. Қорытынды.

Бағалау (5 мин)

Топтар бірін–бірі бағалайды

Сергіту (10 мин)


Өз есімдерінің алғашқы әрпінен басталатын әндер айтқызу.

Мақсаты: қатысушылардың көңіл – күйін ретке келтіру. Шаршағандарын басу.

Алгоритмі: әрбір қатысушы өз есімінің алғашқы әріпіне сәйкес келетін бір – бір әннен айтады.

Социометрия

(15 минут)

Топтарда тақырыптың қаншалықты меңгерілгенін білу үшін жүргізіледі. Шкалалар арқылы (жеткіліксіз, қанағаттанарлық, толық) деңгейді анықтау жүреді.

Рефлексия

(5 мин)



  • Бүгінгі тренингтен сіз қандай құндылықтарды байқадыңыз?


  • Кері байланыс сұрақтарына жауап береді.

  • Стикерлерге бір сөйлеммен жазып қорытады.