Іс – шаралар | Уақыты | Тренердің әрекеті | Мұғалімнің әрекеті |
Ұйымдастыру Сергіту «Поэзия минуты» Мақсаты: зейінді шоғырландыру | 5 мин | Тақырыпқа жол ашу. | Мұғалімдер бір бір шумақ өлең оқиды. |
Топқа бөлу Мақсаты: Сабақтың мақсаты, нәтиже, қоданылатын әдістердің арасында байланыс болу керектігін білу. | 5 мин | Мұғалімдердің топқа бөлінуін қадағалайды | Мақсат, нәтиже, әдіс -тәсіл сөздері жазылған қағаз қиындылармен топқа бөлінеді. |
Миға шабуыл Мұғалімдер сабақтың мақсатынан нәтиже, ал нәтижеге жету үшін әдіс тәсілдер дұрыс таңдалу керектігін біледі. | 20 мин | Бір топқа кез келген сабақтың мақсатттары, келесі топқа нәтижелері, үшінші топқа әдіс тәсілдер жазуды ұсынады. Сұрақтар: Сіздің мақсатыңыз қаншалықты нақты, шынайы? Мақсатқа жеткенінізді қалай білесіз немесе мақсатыңызды қалай өлшейсіз? Жұмыс жаттығуларыңыз мақсатқа жетуге бағытталғанын қалай білесіз? | Мұғалімдер жазған мақсат, нәтиже, әдіс тәсілдерді байланыстыру керек. Мұғалімдер бірін бірі аралау арқылы ортақ бір жүйе шығарады. Сұрақтарға жауап береді. |
Түйін | 5 мин | smart мақсаттарымен таныстырып, талдау жасайды. Блум таксономиясының ойлау деңгейлеріне сәйкес етістіктерді көрсетеді. | |
Шағын дәріс Мақсаты: әр оқушының деңгейлік қажеттілігіне сәйкес деңгейлік тапсырмалар таңдау туралы ойлану | 20 | Үш топқа үлгерімі жақсы, нашар, төмен оқушылармен жасалатын жұмыстың мақсатын, нәтижесін, қандай әдіс тәсіл қолданатынын талқылап, өз жобаларын қорғау тапсырады. | Әр топ өздеріне тиесілі оқушының сипатына қарай жасалынатын жұмыстың әдістемелік нұсқаулығын жасайды. үлгерімі жақсы |
Таныстырылым | 10 | | Әр топ өздерінің жасаған жобаларын таныстырады. |
Бағалау | 10 | Әр топтың жасаған жұмысын салыстырып, қорытынды шығаруға ықпал жасайды. | Мұғалімдер бір бірінің жасаған жұмыстарын салыстырады. |
Cергіту «Шеринг» Мақсаты: Тақырып бойынша ой бөліседі. | 15 | Сұрақтар қояды. Сіз бүгінгі сабақтан кейін қандай қорытындыға келдіңіз? | Мұғалімдер өздерін еркін сезініп, бір бірімен пікір алмасады. |
№ | Тақырыбы: | Оқу нәтижелеріне қол жеткізуге арналған жаттығуларды жоспарлау және Бағдарлама тақырыптарын ықпалдастыру. |
1 | Мақсаты: | Мұғалімдер «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасын ескере отырып, сабақты қалай жоспарлау керектігі туралы негізгі идеяларды тұжырымдайды. |
2 | Оқу нәтижесі: | Мұғалімдер барлық оқушылар қол жеткізетін, нақты өлшенетін нәтижелері бар сабақты жоспарлау тәсілдерін әзірлейді |
3 | Түйінді идеялар: | Мұғалімдер оқушылардың оқудағы нақты нәтижелерін анықтайды. Олар оқушылардың ш деңгейі мен іс қимыл жоспары бойынша бағалау критерийлерін анықтайтын болады. Кейбір педагогикалық ұстанымдар мен бағдарламаның стратегиялары сабақ жоспарында көрсетіледі. |
Іс – шаралар | Уақыты | Тренердің әрекеті | Мұғалімнің әрекеті |
Сергіту сәті «Сөз тізбегі» Мақсаты: Сергітудегі сияқты сабақтың әр кезеңі де бірінен бірі туындайтынын білу. | 5 мин | Сергітуді өткізу нұсқаулығын айтады. | Кез келген сөздің соңғы буынынан жаңа сөз құрастырады. |
Топқа бөлу | 5 мин | Пән бойынша мұғалімдердің топқа бөледі | |
Жұптық жұмыс | 20 мин | Тапсырманы орындауға нұсқау береді. Әр жұпқа бағдарламаның идеялары мен әдіс тәсілдерін бөліп береді. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ƏДІС-ТƏСІЛДЕРІ •Сын тұрғысынан ойлау •Қалай оқу керектігін үйрену •Біздің қалай білім алатынымызды білу • Бірлескен оқу • Диалогтік оқу • Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау •Оқытуды басқару және көшбасшылық • Оқыту мен оқуда АКТ қолдану, • Өзін‐өзі және өзара бағалау | Мұғалімдер тақырып бойынша ізденіп, талдап, пікір алмасады. Тұжырымдамалық карта жасайды. |
Бағалау | 10 | Сұрақтар қояды: Сіздің мәліметіңіз сиз үшін қаншалықты маңызды? Сіздің жасап жүрген жоспарыңызда осы аталғандар қамтылған ба? Сіз жоспарыңызға өзгерту қажет деп ойлайсыз ба? | Мұғалімдер жауап береді |
Тақырыптық жаттығу: «әткеншек» Мақсаты: сабақ жоспарын қалай құруға кеңес беру. | 10 | Тақырыптық жаттығуды өткізуге нұсқау береді. | Мұғалімдер екі шеңбер болып бөлінеді. Сыртқы шеңбер отырады, ал ішкі шеңбердегі мұғалімдер оларға кеңес беріп өтеді. Әр мұғалімге 30 секунд уақыт беріледі. |
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл | 30 мин | Сабақ жоспарының үлгісін береді | Мұғалімдер бір тақырыпты алып, сабақ жоспарын құрады. |
Сабақты қорытындылауға арналған рефлексия. | 5 мин | | Сабақ бойынша бір қорытынды ой айтады. |