Ұйымдас-
тырушылық-
ізденістік
|
Сұрық-жауап:
-Балалар бұл не?
-Қәне, қайталаймыз. (Қ дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату арқылы жаттығуды орындату.
Қо-қо-қо- қоян.
Құ-құ-құ-құлақ.
Қа-қа-қа-қалам.
Қы-қы-қы-қылыш.
Қу-қу-қу-қулық.
(«Қ» дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін, ауыз қуысынан еркін шықпай, қысылып шығатындығын балаларды айтқызу арқылы ажырату).
Қаянға сипаттама беру.
-Қояның түсі қандай?
-Оның жүні қандай?
-Қоянның құлағы қандай?
-Ұзын ба, әлде қысқа ма?
-Неше құлағы бар?
Сергіті жаттығуы.
«Сұр қоян».
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ықтып-ықтып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
(Т.Бердияров)
(Сергіту жаттығуын қимыл – қозғалыс арқылы орындайды).
-Балалар, көжек деген не?
(К дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату арқылы жаттығуды орындату.
Кө-кө-кө-көжек.
Кө-кө-кө-көже,
Кө-кө-к-көкек.
Кө-кө-кө-көрпе.
«К» дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін, ауыздан кедергілерге ұшырап, қысылып шығатындығын түсіндіру).
-Балалар көжек қандай
болады?
Дидактикалық ойын:
«Көжекпен ойналық»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту және жылдамдылыққа үйрету.
Ойын шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады,
-Көжектің сәбізге дейінгі жолын сызып көрсет.
-Қоян жүзеді ме? Әлде
ұшады ма?
-Ол қандай жабайы аңдардан
қорқады?
жатады?
Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Мал жуасы-қой,
Аң жуасы-қоян.
-Балалар, қой – үй жануары,
ал қоян – жабайы аң немесе
жабайы жануар деп те айтуға
болады.
Мақал – мәтелді «Үш дауыс» әдісімен жаттату.
Әдістің қолданылуы:
- Бірінші жоғары дауыспен;
- Екіншісі ортаңғы дауыспен;
- Үшіншісі төмен дауыспен
қайталанылады;
|
-Бұл – қоян.
Педагог сөзін қайталау арқылы, «к» дыбысын анық айтуға тырысу.
-Қоянның түсі сұр.
-Оның жүні жұмсақ,
мамық, үлпілдек.
-Қоянның құлағы
ұзын.
-Оның екі құлағы бар және оның екі көзі, тұмсығы, аузы, мұрттары, төрт аяғы, кішкентай құйрығы бар.
Балалар орындарынан тұрып, жаттығуды орындайды.
-Көжек - қоянның
баласы.
Жаттығуды қайталау арқылы, «К» дыбысын анық айтуға тырысады.
-Көжек кішкентай,
жүндері жұп – жұмсақ және сүп – сүйкімді болады.
Балалар орындайды.
-Жоқ, қоян секіріп
жүреді.
-Қоян әсіресе
түлкіден қатты қорқады.
-Жабайы аңдарға
түлкі, қасқыр, аю т.б. жатады.
Мақал – мәтелді педагог көмегімен жаттап алуға тырысады.
|