Тәрбиеші топқа құмырсқа илеуінің макетін алып келеді. -Балалар, мен бүгін жолда келе жатып құмырсқаның илеуін тауып алдым.Бірақ ішінде де сыртында да ешқандай құмырсқа көрінбейді.Бұл бос қалған сияқты. Мүмкін оған өзіміз біраз құмырсқалар жасап, саяжайымызға апарып қойсақ даладағы құмырсқалар да көріп өздеріне үй қылып алар.(Балалардың жартысын мүсіндеуге отырғызады)
-Балалар құмырсқаның илеуін сендер қандай геометриялық денеге ұқсатасыңдар? Барлық құмырсқалар қайда жүр екен, біз оларды іздеп көрейік.
«Жұбын тап» дидактикалық ойыны. Мына жаққа қараңдаршы мында біраз құмырсқалар жүр.Арқаларына салып алған жүктері бар.Олардың пішіндері әртүрлі.Түстері де әртүрлі.Ішінде көлемі бірдей түстері әртүрлі жүк көтеріп жүрген құмырсқаларды бір-біріне тауып берейік. -Таптыңдар ма? Енді олар екеуден болды. Жүктерін бірлесе көтеретін болады. Әлемде көп нәрсе екеуден болады. Сендер өздеріңе қараңдаршы. Бір-бірлеріңде екі бірдей не бар?
-Балалар, құмырсқаларды қайдан іздеген дұрыс?
Ендеше мына шөптер мен өсімдіктердің арасынан іздеп көрейік. (Сурет. «Құмырсқалар») Сурет бойынша тапсырмалар. -Құмырсқаларды көріп тұрсыңдар ма? -Олар азықтарын тасып жатыр. Қанша құмырсқа көріп тұрсыңдар? -Бірінші құмырсқаның арқасында қандай дән бар? -Үшінші құмырсқаның ақасында қандай дән бар? -Ал екінші құмырсқада ше? -Төртінші құмырсқа қандай құрт алып кетіп бара жатыр? -Бесінші құмырсқаның арқалағаны қандай құрт? Мына құмырсқаларға қарап еңбек етуге үйрену керек. Қане барлығымыз шығып олар сияқты қимылдайық. Еңбек сүйгіш құмырсқа Ерте шықты жұмысқа(марш бір орында) Күні бойы жүк тасып(арқаға жүк салуды көрсетеді) Тізбектеліп, жұптасып.(бірінің соңына бірі тұра қалып марш қадымдарын жасайды). «Жолын тауып тез жеткіз»дидактикалық ойыны. -Балалар біз қазір адасып кеткен құмырсқаларды илеуіне жеткіземіз.Кім мені мұқият тыңдайды сол құмырсқаға дұрыс көмек береді және илеуіне тез жеткізеді. (Балалардың әрбіреуінің алдына жеке-жеке немесе кезектесіп жргізулеріне болады)  | Илеуді мұқият қарайды. Алдарына берілген материалдардан құмырсқалар мүсіндейді. Құмырсқаның арқасына салынған түсі әртүрлі, көлемі бірдей пішіндерді жұптастырады. Балалар өздеріне қатысты екі сөзімен сөздер құрастырады.(екі қол, екі көз,екі құлақ, екі аяқ) Құмырсқаны кезіктіруге болатын жерлерді атап шығады. Суретке назар аударады. Құмырсқалардың санын анықтайды. Тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстарды жасайды, сөздерді бірге айтады. Естіп түсіну арқылы қағаз бетінде кеңістікті бағдарлайды, адымдарды санайды,құмырсқаны илеуіне жеткізеді. |