Білім беру саласы: «Әлеумет» Пән: «Қоршаған ортамен танысу»
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз» Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты:
-Тәрбиелік: Құстарды ажыратып, атай білуді бекіту. Балаларды құстарды қоректендіріп тұруға үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
-Дамытушылық: Балалардың жабайы құстар туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыстайтын және жыл құстарының атауларын айыра білуді үйрету.
-Оқыту : Құстар туралы білімдерін кеңейту.Олардың түр түсін, дыбыстауын ажырата білу.Құстар туралы білімдерін жүйелеу.
Педагогикалық технологиялар:Түсіндіру әдісі , сұрақ-жауап әдісі
Ресустармен қамтамасыз ету: құстардың суреттері
Билингвалдық компанент: құстар-птицы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
Просмотр содержимого документа
««Құстар біздің досымыз»»
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Әлеумет» Пән: «Қоршаған ортамен танысу»
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз» Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты:
-Тәрбиелік: Құстарды ажыратып, атай білуді бекіту. Балаларды құстарды қоректендіріп тұруға үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
-Дамытушылық: Балалардың жабайы құстар туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыстайтын және жыл құстарының атауларын айыра білуді үйрету.
-Оқыту : Құстар туралы білімдерін кеңейту.Олардың түр түсін, дыбыстауын ажырата білу.Құстар туралы білімдерін жүйелеу.
Педагогикалық технологиялар:Түсіндіру әдісі , сұрақ-жауап әдісі
Ресустармен қамтамасыз ету: құстардың суреттері
Билингвалдық компанент: құстар-птицы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырылған кезең:
Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?
Құстардың түрлері көп.
Мысалы: сауысқан,көгершін,тоқылдақ,аққу және т.б.
Балалар біз құстармен дос болуымыз керек.Ол үшін құстарға тас лақтыруды және өлтіруге болмайды.Оларға ұя жасап,жем шашып қамқор болу керек.
2.Негізгі бөлім:
Балалар бүгін біз құстардың түрлерімен танысамыз.
Құстар қайда ұшады?
-Иә,олар ұшады.Олардың екі қанаты бар.Сол қанаттар арқылы ұшады.Кейбір құстар бізден қыстап қалады, ал кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Сауысқан, торғай, қарға, көгершін қыстап қалатын құстар,ал қалған құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Көктем мезгілі келгенде бұл құстар қайтып ұшып келеді.Қыстайтын құстарға біз қалай қамқор жасауымыз керек?
Құстардың қамы тоқ болса,суыққа тоңбайды.
Қане балалар қайталаңыздар: сауысқан, көгершін.
Сергіту сәті: «Шөжелерім»
Қимылды ойын: «Жапалақ»
Тәрбиеші: «Күн» деп атағанда,
«Түн» деп атағанда
Балапандарым ойынға жақсы қа-тыстыңдар, қимылдарың ширақ екен.
Жарайсыңдар балапандарым!
3.Қортынды:
-Сонымен балалар біз қандай құстармен таныстық? -Құстарға қалай қамқорлық жасау керек? Ойын: «Ұшты-ұшты» ойынын ойнаймыз.
Егер мен құстың атын айтсам,сендер екі қолдарынды көтеріп құс болып ұшасыңдар ,ал егер заттың атын айтсам –ұшпайсыңдар.