Ерте жас «Сылдырмақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Тәрбиеші:Ахметші Д.Д
Білім беру саласы: «Әлумет»
Пән: Қоршаған орта
Өтпелі тақырып: «Жер-Ана»
Тақырыбы: «Құстардың алаңында: тауық пен әтешпен және олардың балалары мен таныстыру.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Жануарларға деген сүйіспеншіліке тәрбиелеу.
Дамытушылық:Сөзік қорларын дамыту.
Оқыту: Әтеш,тауық айырмашылылғын ,балапдардың дауыстарын тануға түсініктемелерін беру.
Педагогикалық технологиялар: Дамыту технологиясы,ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: үй құстарының суреттері тауық,әтеш,балапан жұмыртқаның суреті.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып,жұмбақ шешейік.
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай. (Әтеш)
2.Негізгі кезең:
Балалар дөңгелене тұрып,тәрбиешінің көмегімен жұмбақ шешеді.
Іздену- ұйымдастырушы Балаларға үнтаспадан үй құстарының дыбысын тыңдату.
-Балалар,сендер қандай құстардың дауысын тыңдадыңдар?
-Иә,балалар,үй құстарының дауысы екен.
-Дұрыс,тауық,әтеш,қаз,үйрек,балапан және т.б.Бұл құстарды неліктен үй құстары деп атайды?
Суретпен жұмыс.
-Балалар,үй құстарының адамға пайдасы өте көп. Олардың жұмыртқасы мен еті-тамақ. Бүгін үй құстарының бірі-тауық және оның балапанымен танысамыз. Тауық-ең көп тұрған құстардың бірі. Оны «мекеиін,әтеш»,-деп екіге бөлеміз. Оның балаларын балапан деп атаймыз.
Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?
-Балапанның түсі қандай?
-Тауықтарға жем,су береміз.
Тауықтар бидайды жақсы көреді. Міне,балалар,суреттен көріп тұрғандарыңдай,әтештің тауықтан ерекшелігі мынандай: оның айдары бар,ал қауырсыны түрлі түсті болады.
Тауықты сипап көрейік(жұмсақ ойыншықты тауықты көрсету)жүні майда,айдары бар,тұмсығын,қанатын созып көрейік,ол қанатының астына балапандарын алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар екен.Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді.
Үй құстары қалай дыбыстайды?
Сергіту сәті:
«Шөжелерім» әнімен орындалады.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Шарты: суреттегі салынбай тұрған бөлігін тауып жапсыру.
Дидактикалық ойын: «Артығын тап»
Шарты: суреттен үй құстарын атап,артығын табу.
Билингвалдық компоненті: Тауық –куры,әтеш-петух,балапан-цыпленок, жұмыртқа-яйцо,жем-зерно,су-вода.
Балалар тыңдайды. Олардың жауаптары тыңдалады.
Балалар құстардың аттарын атап қайталайды.
Үйде күтіп-баптап өсіретін құстарды үй құстары деп атайды.
-Балапан.
-сары (суретке қарап атайды)
Балалар үй құстарының дауысын салады.
-Қыт-қыт.
-Ку-ка-ре-ку.
Балалар қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар тәрбиешінің көмегімен тапсырманы орындайды.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Қайталайды: Тауық –куры,әтеш-петух, балапан-цыпленок, жұмыртқа-яйцо,жем-зерно,су-вода.
3.Қорытынды:Сұрақ-жауап арқылы оқу-іс әрекетінде оқып үйренгенін пысықтайды. Балалар жауап береді.
-Мен құстарды жақсы көремін,мен жем,су беремін т.б.