СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Құстарға арналған жемсауыт

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Қатынас»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Қ ұстарға арналған жемсауыт.

Мақсаты:

1. Құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсінік беру,құстар біздің досымыз ұғымын бекіту.Олар қамқорлықты қалайды.

2.Баланың табиғат әлеміндегі құстарға қамқор болуға дағдыларын қалыптастыру.Қыс мезгілінде қоректенуге адам көмегі қажет екендігін ашу.

3.Белингвальді компонент енгізу.

Керекті құралдар: Құстардың суреттері, бейнетаспалар, дидактикалық ойынға арналған үлестірмелі материалдар т.б.

Әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу,көрсету,үлгі әрекет,ойын.

Билингвальді компонент: Құстар – птицы – birds

                                                 Күнбағыс – семечки – seeds

                                                 Бидай – пшеница –wheat

                                                 Тары-пшено-миллет

Сөздік жұмыс.Өлі табиғат,тірі табиғат,жемсауыт,қорек.

Просмотр содержимого документа
«Құстарға арналған жемсауыт»


Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы

Мерзімі: 29.10.2014 ж.

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Қатынас»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Қ ұстарға арналған жемсауыт.

Мақсаты:

1. Құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсінік беру,құстар біздің досымыз ұғымын бекіту.Олар қамқорлықты қалайды.

2.Баланың табиғат әлеміндегі құстарға қамқор болуға дағдыларын қалыптастыру.Қыс мезгілінде қоректенуге адам көмегі қажет екендігін ашу.

3.Белингвальді компонент енгізу.

Керекті құралдар: Құстардың суреттері, бейнетаспалар, дидактикалық ойынға арналған үлестірмелі материалдар т.б.

Әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу,көрсету,үлгі әрекет,ойын.

Билингвальді компонент: Құстар – птицы – birds

         Күнбағыс – семечки – seeds

Бидай – пшеница –wheat

  Тары-пшено-миллет

Сөздік жұмыс.Өлі табиғат,тірі табиғат,жемсауыт,қорек.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

 Шаттық шеңбер:

Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасып, жүздесіп,

Тұрайық біз- сіз десіп

Бұл- өнеге, білсеңіз

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте!Good morning!

Армысың асыл күн! Армысың асыл, жыр!

Армысың көк аспан! Армысыңдар, достарым!

Жылуыңа жылу қос, міне, менің қолым!

Әңгімелесу:

-Балалар сендер күнделікті серуенге шыққан кезде не көресіңдер?

-Қазір қай жыл мезгілін бақылап жүрсіңдер?

-Балалар табиғаттың екі түрі бар: тірі табиғат, өлі табиғат.

-Тірі табиғатқа-гүлдер, адамдар, құстар.

-Өлі табиғатқа- жапырақтар, тастар, су.

Тірі табиғаттың ең көп маңызды тобы құстар болып есептелетіндіктен біздер бүгін құстардың немен қоректенетіні туралы айтпақпыз. Олардың немен қоректенетіні жайлы білетін боламыз. Біз өткен тақырыпта сендермен бірге құстардың жемсауытын жасадық. Бүгінгі тақырыбымыз «Құстарға арналғанжемсауыт!» деп аталады.Әр-түрлі жапырақтарды жемсауытқа жапсырып, әшекейлеуіміз керек.Сонда жемсауытымыз әдемі болады.

-Балалар мына суретте құстар келіп жемсауыттан қоректеніп жатыр.

-Енді жапсыруымызды бастайық.

-Алдарыңдағы тақтайшаға жемсауытты қойып, қолымызға желімді алып, түрлі – түсті жапырақтарға аз мөлшерде жағып, жемсауытқа жапсырамыз.

-Құстарға не беруге болады?

- Күнбағысты қайда егеді?

- Бидай, тары дегеніміз не?

- Оларды қай мезгілде егеді?

- Дәнді-дақылдарға кім күтім жасайды?

Құстар біздің досымыз. Біз оларға қамқор болуымыз керек. Құстардың немен қоректенетіні туралы енді білеміз. Біз оларға тамақ беріп отыруымыз керек. Жемдерді үш тілде айтып үйренейік.

Күнбағыс – семечки – seeds (сидс)

Бидай – пшеница – wheat(уэт)

Тары – пшено – millet(миллет)

Күрiш-рис-рiсе (райс)

Жүгері – кукуруз – maize (мейз)

Қарақұмық – гречка – buckwheat (бакует)

Балалар, сендер құстар туралы тақпақ білесіңдер ме?


Торғай торғай тоқылдақ,

Жерден бидай шоқып – ап.

Бөтекесі бұлтиып,

Шиқ – шиқ етіп отырмақ.


Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп-теріп қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.


Балалар, мен сендерге, жұмбақ жасырайын.


Жұмбақ:Тұмсығымен ояды,

Ұя салып қояды.

Табындаршы балалар,

Ол қандай құс болады?


Шиқ-шиқ еткен аулада,

Тастамайтын мекенін.

Кім айтады балалар

Бұл қандай құс екенін?


Қайталап атымды,

Көктемде ән саламын.

Кез-келген ұяға,

Жұмыртқа табамын.


Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады.

Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді.

Балалар дөңгелене тұрып, айтады.












Алақандарын бір- біріне тигізеді.


Бізді қоршаған ортаны

 

 Күз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






 








-Күнбағыс, бидай, тары, нан қалдықтары,

-Егістікке егіледі

-Дәнді-дақылдар

-Көктемде егеді

-Диқаншылар





Күнбағыс – семечки – seeds

Бидай – пшеница – wheat

Тары – пшено - millet


 





Балалар тақпақты қайталайды.











Жұмбақтың жауабы:

Тоқылдақ - дятель – woodpecker (вудпеккә)

 



Торғай-воробей-sparrow





Көкек – кукушка – cuckoo (куку)


 

 

 

Ізденуұйымдастырушы

Сергіту сәті

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.


Қарлығашқа ұқсайық

Қане қанат жасайық

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық..


Жарайсыңдар балалар!

Балалардың жұмыстарын бағалау.


Дидактикалық ойын: «Құстардың жейтін тамақтарының атын ата»

Мақсаты: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, зейінділікке тәрбиелеу.

Ойынның шарты:Көздеріңді жұмып құстардың жемдерінің атынтауып, атау керек.Енді бүгінгі тақырыбымызды қортындылаймыз.Барлық жемдерді бір ыдысқа салып араластырамызда жемсауытқа бөліп-бөліп саламыз.Серуенге шыққан кезде тоғайларға іліп қоямыз.


Сергіту сәтін жасайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 Ойын ойнайды.

 

 

 

 

 

Рефлекстікоррекциялаушы

Балалардың жұмысын мақтайды. Бір – бірінің жұмыстарына баға береді.

Жасаған жұмыстарына риза болады.


Күтілетін нәтиже:

БіледіҚұстартуралы, олардың тіршілігі мен пайдасы тралы біледі.

Игереді: Құстардың жейтін тамақтарын білу.

Меңгереді: Құстарға қамқор болуды, жемсауыт жасауды. 

Тексерді:

Тәрбиеші:Адильбаева Р.К.