СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Күлкі күні!!!!!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсінік беру. Үнемі күліп, жақсы көңл-күйде жүру денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіру

Просмотр содержимого документа
«Күлкі күні!!!!!»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

ІІ кіші топ «Көбелек» Күні: 07.10.16

Тақырыбы: «Күлкі әлеміне саяхат»Тәрбиеші:

Мақсаты:Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру. Күлкі және жымиюдың адам өміріндегі қажеттілік екенін түсіндіру;
Балаларға жылы жымиып, шынайы күліп жүру керектігіне көздерін жеткізе отырып, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
Өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент: күлкі – смех, жымию - улыбаться

Сөздік жұмыс: қоршау, жүрек

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар, бір-бірімізбен көздеріміз арқылы амандасайықшы. Осы жерде «сиқирлы қолшатыр» көмекке келеді. (әшекейленген қолшатырды қолдану)

— Балалар! Енді бәрің менің қолымдағы әдемі күнге қараңдаршы, ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр. Қане, біз де бір-бірімізге күн сияқты әдемі күлкімізді сыйлайықшы.

-Балалар бір – бірімен көз арқылы амандасады.

Қолшатырға назар аударады


Тәрбиешіге назар аударады

Күннің көзіне қызығушылықпен қарайды

Күннің көзіне жымияды, күледі

Ұйымдасты-рушылық ізденіс

Балаларға өлең жолдарына хормен айтуға ұсыну.







Жарайсыңдар балалар.

Балалар біз бүгін күлкі еліне саяхатқа шығамыз.


Күлкі деген не?


Қай уақытта біз күлеміз?

Сендер қай уақытта қуанасыңдар?

Ол үшін

мен сендерге мынадай бейнелерді таратамын. Соларды сендер бояуларың керек. Балалар суретті бояп болсаңдар қазір біз ойын ойнаймыз.

Ойын: «Кім епті»
Мазмұны: Ортаға балалар шығып, кішкентай шарларды лақтыру қорапқа дәл тигізіп лақтыру керек.

Сергіту сәті.

Күлкілі видео қарау.


Кел, балалар, күлейік!
Қабақ түйген не керек,
Кел балалар, күлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күлкіменен түлейік!
Көңілді боп жүрейік!
Күлкіменен түлейік!
Күліп өмір сүрейік!


Саяхатқа шығатындарына қуанады

Күлкіні біз жымиғанда көреміз

Біз қуанғанда күлеміз

Көңіл-күйіміз жақсы болғанда қуанамыз

Балалар бейнелерге назар аударады.

Алдарында жатқан бейнелерді мұқият қарайды.

Ойынға қуанады

Балалар ойынға белсенді қатысады

Ойын кезінде қуанады



Видеоны мұқият, қызықтап қарайды

Рефлексивті-коррекциялау

Дидактикалық ойын: «Менің досым...».

-Балалар, сендерді ойын ойнау-ға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» - деп сұрай-мын, ол маған допты қайта лақтырып, өз досынның қандай екенін айтып береді.


Балалар тәрбиешіге назар аударады. Ойынға қатысады

Бір-бірінің көңілдерін көтереді.

Күтілетін нәтиже:

Күлкі туралыұғынады

Жақсы көңіл-күй, күлу, бір-біріне қамқорлық жасау жайлы түсінеді

Ойын кезінде көңіл-күйді көтеру, белсене қатысуқолданады