“Саран қаласы әкімдігінің № 6 жалпы білім беретін мектебі”
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Күмбірлеген күй-құдірет, күй-арман»
Сыныбы:11 «М,Г»
Пәні: қазақ тілі
Өткізген: Ғ.М. Байтұрсынова
2014\15 оқу жылы
Күні: 03.02.2015ж.
Ашық тәрбие сағаты:Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жыл толу мерейтойына Тақырыбы: «Күмбірлеген күй-құдірет, күй-арман»
Сынып: 11 «М,Г»
Мақсаты:
Білімділік: Күйдің тарихымен түрлерімен таныстыру, шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жыл толу мерейтойына байланысты өмірімен таныстыру. Өз халқының күйшілерін тану. Өнер адамдарына деген құрмет сезімдерін туғызу.
Тәрбиелік : Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу. Өнерді құрметтеуге, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық : Оқушылардың ән - күйлерді тыңдай арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу, ән сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтада, слайд, күйшілердің суреті, топтастыру, сергіту сәті, сызба жұмыстары, аспаптардың суреті, суреттер.
Барысы:
1-жүргізуші: Мадина. Құрметті оқушылар ,қонақтар! Сіздер, бүгін «Сары даланы сазбен тербеткен» қазақтың атақты күйшісі Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жыл толу мерейтойына байланысты « Күмбірлеген күй- құдірет, күй- арман» -атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!.
Бүгінгі сабақта жарқ етіп сөнген жасындай ,аз ғана ғұмыр кешсе де, өмірдің бар қызығын тәрк етіп, бүкіл күш-қуатын, жастық-жігерін, махаббатын туған халқына арнаған қазақ халқының ұлы компазиторы, әрі асқан домбрашы, аспапты музыкада романтикалық дәстүр қалыптастырып, шертпе күй орындаушылық мектептің негізін салған Тәттімбеттің өмірі мен творчествасына тоқталғалы отырмыз.
Ендеше сөз кезегін Айзадаға берейік. Баяндама (слайд): « Күй төресі- Тәттімбет»
2-жүргізуші: Сергей
-Нұрлы сәуле шақырғандай гүл-арман,
Денең балқып, көңіл шығар құмардан.
Дана десек Тәттімбетті қазағым,
«Сарыжайлау» ғой төр, төбеге шығарған
(«Сарыжайлау» күйін тыңдайық.)
3-жүргізуші: Өздеріңіз тыңдаған «Сарыжайлау» күйінің шығу тарихына тоқтала кетейік.
Санкт-Петербургте ақпатша ІІ Александр таққа отыру тойында Сібір қазақтары өкілі ретінде Шыңғыс Уалиханов, Бегали Қоңырқұлжин, Мұса Шорманов, тәттімбет Қазанғапұлымен бірге сегіз адамды қабылдаған.Қабылдауға барған Тәттімбет өзінің өзек жарды шығармасы «Сарыжайлау» мен «Көкейкесті» күйін орындап беріп, патшаның өз қолынан күміс медаль белгісін алады.
4-жүргізуші: Оксана
Домбырамда бір күй бар көкей кескен,
Көкей кескен, ұға алсаң, шықпайды естеп,
Бір кезде сол көкейі алмас қылыш,
Жан қайғысын ағызып, шаншып тескен
(«Көкейкесті» күйін тыңдау)
5-жүргізуші: Ислам
Билеп бір күй сана-сезім,есімді,
Одан өзге естіртпейді еш үнді.
Күңіренген күй секілді гуілдеп,
Сарыарқаның самал желі есілді.
Әлдеқайдан құстар үні сұңқылдап,
Жүрегімді шымырлатты шым-шымдап.
«Көкейкесті» көңіл күйін арбаса,
Сылдыр қақты құлағымда «Сылқылдақ»
( «Сылқылдақ» күйін тыңдайық.)
«Адасқан ноталар» ойынын ойнату. Құрметті қонақтар мен балалар, біздер «Адасқан ноталар» сұрақ - жауап ойынына сіздермен сергіту сәтін өткізейік.
Ойынның нұсқасы:Нота астында жазылған сұрақтарға жауап беріп, ноталарды нота сызығына орналастырамыз.
1. Қазақтың халық музыкасы қай жылдан қалыптасты? (1920 жылдан бастап)
2. Халық таланттарының бірінші слеті қашан өткізілді (1919 ж Верный (қазіргі Алматы) қаласында)
3. Мұхтар Әуезовтың қандай пьесасы бар (Еңлік-Кебек)
4. Қазанғапұлы Тәттімбет қай жылы қайда туған? (1815 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданына қарасты Дастар тауының етегінде туған)
5. Шәкен Айманов кім? (актер, режисер)
6.Қазақтың бұлбұлы атанған әнші (Күләш Бәйсейітова)
7. Шара Жиенқұлова кім? (актер, биші)
6-жүргізуші: Евгения
- Музыка дегенде көз алдымызға не елестейді? Сұраққа жауап беру.
- Ән, күй, би, домбыра бұның барлығын өнер деп атаймыз.
Күйдің құдіреттілігі жөнінде ақын Ілияс Жансүгіров былай деп жырлаған:
Тайпалап жорға болып салдырған күй,
Мейірін тыңдағанның қандырған күй.
Тартқанда зарылдатып,сұңқылдатып
Аққуды аспандағы қондырған күй.- деп күйдің мазмұны мен сырын терең бағалай біліп, поэзия тілімен шебер суреттеген
7-жүргізуші: Диана
Күй» дегеніміз не?
Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері.Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді.Суырып салма ақындар мен бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен назды әндер, ғажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес,мәдени байлыға, рухани азығы болып отыр.
8-жүргізуші:Ольга
Күй - домбыра және басқа аспаптарда халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма
Күйлер тақырыбымен мазмұнына қарай: аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау, лирикалық, психологиялық күйлер болып жіктеледі
Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды. «Жетім бала», «Ақсақ құлан» т. б күйлерді жатқызамыз.
Тарихи оқиғаларға жоңғар шапқыншылығымен оған қарсы халқымыздың күресі «Ел айырылған», «Жеңіс» атты күйлер.
Арнау күйі - белгілі бір адамдарға арнап шығарған күй. Оларға «Абыл»,»Байжұма» күйлерді жатқызамыз.
(«Ақсақ құлан» бейнеклипін көру)
9-жүргізуші: Шыңғыс
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.
(Домбырамен төкпе мен шертпенің айырмашылығын көрсету)
10-жүргізуші: Айза
Ұлы күйшілеріміз: Құрманғазы, Дина, Сүгір, Қазанғап, Тәттімбет, Қорқыт, Дәулеткерей, Боғда, Махамбет т.б ал, қазіргі заманда күй жанрын елге танытқан, еңбек еткен Қ. Ахмедияров, Х. Тастанбеков, А. Райымбергенов, С. Тұрысбеков т.б. ағаларымызды айтып кетуіміз керек.
Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.
(Қорқыт туралы бейне жазба көрсету)
11-жүргізуші: Луиза (Топпен жұмыс ойыны)
Оқушыларға таратылған күйшілердің күйлерін интербелсенді тақтада көрсетілген суреттеріне сәйкес топтастыру
Жазушылар тобы
Күй тыңдау барысында көз алдарыңа елестеген табиғатты қағаз бетіне түсіріп эссе жазу.
Ақындар тобы
Мына сөздерге байланысты төрт жол өлең шығару: табиғат, күй, кең дала, жыр.
Суретшілер тобы
Тыңдаған күйге байланысты көз алдарыңа елестеген табиғат көрінісін қағаз бетіне түрлі-түсті бояумен түсіру.
12-жүргізуші: Дарья
Көп іздеген көңіл емін таптым деп,
Тұнық ойдың теңізіне баттым көп.
Күй сарыны күмбірлесе құлақта.
Көз алдымда көптің ұлы Тәттімбет.
Дарындардан дара шығып сый алған,
Күмбірлеген күй тудырған қиялдан.
О, Тәтті аға, талантыңа табындық,
Күмбірлеген күй-құдірет, күй-арман.
(Вакасова Ангелина Тәттімбеттің күйі «Сылқылдаққа» би билеп берді)
13-жүргізуші: Зарина
Құрметті қонақтар ! Әрқашан аспанымыз ашық болып, көк аспанда көк туымыз желбірей берсін деген тілекпен «Күмбірлеген күй-құдірет,күй-арман» -атты тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.
Келіп тамшалағандарыңызға көп, көп рахмет!
