Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация
Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Әрқашан күн сөнбесін»
Тақырыбы/Тема: «Күн сәулесі және біз»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Балаларды мейірімділікке, достыққа, адамгершілікке, әдепті болуға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: «Әрқашан күн сөнбесін» сөйлемінің мағынасын балаларға ұғындыру. Күн сәулесінің жылу, жарық беретінін, адамның денсаулығы күн сәулесіне байланысты екенін түсіндіру. Күнге сипаттама беру: сары, дөңгелек, жарық, жылу береді.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулықты сақтау бойынша педагогикалық технологиялар, ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Күннің көзі, суреттер
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: Күн-солнце; сары-желтый; дөңгелек-круг
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт. (есік қағылады, тәрбиеші топқа «Күннің көзін» кіргізеді)
-Сәлеметсіңбе, Күннің көзі! Сен неге көңілсізсің?
-Балалар қандай аянышты, қане жұбатайықшы Күнді.
-Балалар Күннің көзінің досы жоқ екен. Ол сосын көңілсіз екен. Біз онымен дос боламыз ба? Қане ендеше достық шеңберіне тұрайық.
Армысың асыл күн,
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым бос.
-Міне көрдің бе, Күннің көзі, сен мейірімді де тату достарға тап болдың, енді мұңайма.
-Балалар, ал бізге тағы бір дос қосылды, сендердің сөздеріңнен кейін Күннің көзі
енді көңілденді. Қараңдаршы күннің көзі бізге шуағын шашып тұр.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Өзекті сұрақ: «Күн кімге, неге қажет?»
Күннің кімге, неге қажет екенін түсіндірулерін сұрайды.
Балалар күннің бəріне де қажет екенін айтады.
Жеке жұмыс: Амира күн гүлдерге не үшін қажет?
Қорытынды: Күн болмаса, жер суып кетеді, жарық болмайды. Күн адамға да, жануарға да, өсімдікке де қажет. Күнсіз барлығы құрып кетеді.
-Күн бізге не береді?
-Күннің пішіні қандай болады?
-Күннің түсі қандай?
Билингвалдық компонент: күн-солнце; сары-желтый; дөңгелек-круг
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрамыз,
Айналаны шоламыз.
Күн нұрындай жарқырап,
Жер бетіне қонамыз.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Жарайсыңдар, балалар! Орындаған әніміздің ішінде «әрқашан күн сөнбесін» деген сөз ол әрдайым күн бізге жарық, жылу берсін деген мағынаны білдіреді.
Қонаққа келген Күн «Мен күннен үйренемін» ойынын ұйымдастырады.
Балалар, күн сәулесі арқылы қандай жылы сөздерді білесіңдер?
Мен күннен мейрімділікті үйрендім.
Мен күннен жылулықты сезіндім.
Күннің сәулесі анамның жылуындай.
Күннің шуағынан нәр аламын
Күн бізге жарық пен жылу береді
Күннен күлуді үйрендім.
Жарайсыңдар балалар!
Күн: Рахмет сендерге балалар, енді мен сәулелерім арқылы жер бетіне бұрынғыдан да көп жылу төгетін болдым. Сау болыңдар, балалар.
3.Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар бізге қонаққа не келді?
-Күннің бізге қандай пайдасы бар?
Күннің шуағы адам денсаулығына пайдалы екенін білдік. Күн тіршілік көзі. Күнсіз жер бетінде тіршілік болмайтынын ұғындық.
Балаларды мадақтау.