СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Күншуақ» шағын орталық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Қоян

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Қоян"

Просмотр содержимого документа
««Күншуақ» шағын орталық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Қоян»

«Күншуақ» шағын орталық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 05.01.22ж.

Тәрбиеші: Жәкіш Г.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлім:  Мүсіндеу

Тақырыбы:   «Қоян»

Мақсаты:   Балаларға қоянның дене құрылысы жайында түсініктерін бекіту, оны мүсіндей алуға үйрету.Ақ түсті ермексазды пайдаланып, дөңгелек, сопақша пішіндерді домалақтай білуге ұйрету.

Билингвальды компонентҚоян-заяц, мүсіндеу-лепка, көз-глаза т.б.

Сөздік жұмысы: Бөлшектермен толықтыру.

Технологиялық қамтамасыз ету: Қоянның суреті. Мүсінделген қоянның үлгісі. Жабайы жанурлар (түлкі, аю, қасқыр, қоян).

Ұйымдастырушылық-ізденушілік қозғаушылық 

Шаттық шеңбері: Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер сондай әдемісіңдер, сондай көңілдісіңдер. Ендеше күніміз көңілді, достықта өтсін деп, бір-бірімізбен қол ұстасып шаттық шеңберін құрып, көңіліді күйімізді сыйлайық.

Арайланып таң атты.

Күн шуағын таратты

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қайырлы күн, достарым!

Жылуыма жылу қос,

Бәрімізз болайық дос! 

Негізгі бөлім

Үстел үстінде сулықпен жабылған ойыншық жабайы жануарлар тұр. Тәрбиеші сулықтың шетін көтереді де, онда біреулер біреулер тығылып тұрғанын айтады. Жануарларды кезек-кезек алып шығады, балалар олардың аттарын атайды. –балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, жабай жануарлар адамдардың үйінде тұрады ма, әлде орманда өмір сүреді ме?

-Әрине, олар жабайы табиғат аясында өмір сүреді. Сондықтан оларды жабай жануарлар деп атайды.

Жануарлар ормандар мен шөл далаларда, суық және ыстық елдерде өмір сүреді. Оларға ешкім де қамқор болмайды. өз тамақтарын өздері тауып жейді. Және ұрпақтары туралы өздері қам жейді.

-Мынау –қоян, оның құлақтары ұзын және құйрығы шошақ, тоны сұр. Ол қасқыр, түлкі лерден қорқады. Сондықтан мен оны шыршаның астына тығып қойдым. Енді біз қоянға көмектесу үшін мына ермексазбен қоянның бейнесін мүсіндейік. Ермексазды алақанысызбен уқалап, тақтайшада ысып, саусақтарымызбен қысқылау арқылы жұмсартып ұзын, сопақша жасаймыз. Осы біртұтас сопақшадан қысқылау арқылы қоянның дене мүшелерін жасаймыз.

    Енді басына көзін, мұрнын орналастырайық. Аяғына табанын жабыстырайық. Міне, осылай біз біртұтас қоянды мүсіндедік. Қонаққа келген қоянымыз риза шығар. Қане барлығымыз жұмыстарымызда қонағымызға көрсетіп мәз қылып қуантайық. Ендеше, балалар, қонаққа келген қоянымызыды қасқыр мен түлкіге жем болып қалмасын деп шығарып салайық.

Қоян: -Сау болыңдар, балалар! Сендер өте өнерлі, тату, ұйымшыл балалар екенсіңдер. Сендерге кездескеніме қуаныштымын!

Олар орманда өмір сүреді.

Сергіту сәті:

Ақ қоян-ау, ақ қоян.

Орныңнан тұрсаңшы.

Бетіңді жусаңшы,

Шашыңды тарашы,

Әй-әй көйлек киші,

Бізге қарап тұршы.

Д/қ ойын: «Жасырылған ойыншықты тап». Шарты: тақтаға аңдардың суреттері ілінеді. Балалар көздерін жұмады. Тәрб. бір аңның суретін жасырып қай аңның суреті жасырылғанын сұрайды.

Ойын балалар-ң ойлау, есте сақтау қабілет-н дамытады. 

Сау болыңыз, Қоян! 

Қорытынды

Бал-ң жұмыстарын жинап, өз қолдарымен жасаған еңбектерін салыстырып, балаларды мақтау арқылы, оқу іс-әрекетін аяқтау.