СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Курбанова Гульнар Шералиевна

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

планиравание урока для 5 класса по обнавленной программе 

Просмотр содержимого документа
«Курбанова Гульнар Шералиевна»


Мектебі:


«Қазығұрт жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі

Күні: 02.03.2018ж.

Пәні: математика

Сыныбы: 5

Тақырыбы: Ондық бөлшектерді дөңгелектеу. (2-сабақ)

Мұғалімнің есімі: Курбанова Г.Ш.


Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

5.1.1.15 санның жуық мәні ұғымын білу;

5.1.2.32 ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу;

Сабақтың

мақсаты:

Білу

Санның жуық мәні ұғымын біледі;

Түсіну

Ондық бөлшектердің жуық мәнін табу ережесін тұжырымдай алады;ондық бөлшектің артығымен және кемімен жуық мәнін табуды ажырата алады;

Қолдану

Ондық бөлшектердің жуық мәнін табу ережелерін пайдаланып, есептеулерді дұрыс жүргізе алады;

Талдау

Ондық бөлшектерді дөңгелектеудің маңыздылығын түсініп, есептеулеріне талдау жасай алады.

Жинақтау

Есептер құрастырады және есептеулеріне зерттеу, талдау жасай алады.

Бағалау

Құрастырған есептеріне бағалау дескрипторларын жасай біледі


Тілдік мақсат/

негізгі ұғымдар мен терминдер

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: бүтін бөлік, бөлшек бөлік; ондық бөлшек; үтірмен ажыратылатын таңбалар саны; үтірден кейінгі таңбалар саны; ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер; жоғары (үлкен) разряд; төменгі (кіші) разряд; разрядтық бірліктер; ондық таңбалар, сандарды дөңгелектеу. Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ... керек; ондық бөлшекті қандай да бір разрядқа дейін дөңгелектеу үшін ... керек.

Құндылықтармен

байланыс.

Оқушылардың:

Топтық жұмыс арқылы оқушылар бір – бірін сыйлауға, өзгенің пікірін тыңдауға, ұйымшылдыққа бейімделеді. Көшбасшылық, жауапкершілік сезімдері дамиды, белсенділігі артады, сыни тұрғысынан ойлау қабілеті қалыптасады. Уақытты ұтымды пайдалануға тәрбиеленеді. «Туған жер» бағдарламасының міндеттерін орындау.

Алдыңғы білім

(меңгерген дағдылар)

Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы.

Жоспар

Сабақ құрылымы

ж/е жоспар-

ланған уақыт

Жоспарланған тапсырмалар


Ресурстар

Сабақтың басы.

Ақпараттық блок

7 минут

1.Ұйымдастыру:

А) Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа

дайындығын тексеру;


Ә) Үй жұмысын тексеру;

(«Солай ма?...» әдісімен.)

Оқушылар бірін-бірі бағалайды.


Б) Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.(Экранда көрсетіледі)



2. Жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті білімдерін еске түсіріп, жинақтау.

(«Миға шабуыл» стратегиясы)

Ондық бөлшекті дөңгелектеу алгоритмін еске түсіреміз:

  • Қажетті разрядты/ үлесті тауып, астын сызып қоямыз.

  • Осы разрядтан/ үлестен кейінгі цифрды анықтаймыз.

  • Егер 0,1,2,3,4, цифрлары болса, онда көрсетілген разрядтан кейінгі цифрларды жазбаймыз.

  • Ал, егер 5,6,7,8,9 цифрлары болса, онда көрсетілген разрядтан кейінгі цифрға 1-ді қосамыз да, одан кейінгі цифрларды жазбаймыз.


Бағалау парақшалары таратылады.

Слайд №1, 2.

Слайд №3, 4.

Дәптерге жазылады


Слайд №5


Сабақтың ортасы.

Логикалық тапсырмалар блогы

6 минут

Логикалық тапсырмалар беріледі/ саралау жүргізіледі:

Тапсырма №1 (жеке жұмыс)

«Кім көп және тез?» әдісі.

Берілген сандарды дөңгелектеңдер:

  • ондық үлеске дейін:

  1. 6,458

  2. 39,401

  3. 2,153

  • жүздік үлеске дейін:

  1. 3,512

  2. 7,956

  3. 8,797

  • мыңдық үлеске дейін:

  1. 5,00245

  2. 12,36574

  3. 2,0004

  • ондық разрядқа дейін:

  1. 123,56

  2. 235,71

  3. 346,002

ҚБ: оқушылар бірін-бірі бағалайды. Әрбір дұрыс жауап үшін мұғалім оқушыға смайлик береді. Көп смайлик жинаған жеңімпаз атанады. Смайликтер саны бағалау парақшасына қойылады. Мұғалім өз тарапынан бағалауға түзетулер енгізеді. Нәтижесі бойынша сараптау жүргізіліп, оқушылар топқа бөлінеді.


Слайд №6.


Слайд №7.

Дұрыс жауабы


Дәптерге жазылады.

Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

8 минут

Топтық, деңгейлік жұмыстар орындалады:

Тапсырма №2 «Орнымды тап» әдісі.

Өрнектердің мәнін тауып, ондық үлеске дейін дөңгелектеңіздер.

А-деңгей:

90,2 + 4,28 =

94,48


6,25 - 4,3 =

1,95


6,3 * 8,5 =

53,55


1,644 : 0,4 =

4,11


В-деңгей:

+ 3,52 =

9,37


58,75 - =

54,43


10,27 * 5,1 =

52,377


6,042 : 0,6 =

10,07


С-деңгей:

(9-0,9)+ 9=

17,7


(6,2 – 0,68) + 8 =

14,27


(30+2,16) *5 =

167,232


40,6725 : 4 =

9,57



ҚБ: оқушыларға тапсырма мен жауаптары, оларды дөңгелектеген сан жазылған парақшаның артқы бетіндегі сурет сыйланады. Оқушылар ол сыйлықты қалай пайдаланатыны туралы баяндап, қалыптастырушы бағалау жүргізеді. Бағалау парақшасына шығарылған есептер санына қарай берілген смайликтер саны және әрбір сөйлемге қосымша «Жарайсың!» деген сөз жазылған мөр саны қосылып жазылады.


Слайд №8,9,10.


Суреттер:

  1. Ауылдағы мешіт

  2. Қазақстан жері

  3. Ауылдағы «Шілтер әулие»


Интелектуалдылық трейнинг блогы

13 минут

Шығармашылық жұмыс: (топтық жұмыс) «Постер жасау» стратегиясы.

Тапсырма №3

А- деңгей тапсырмасы

Санды өрнек құрастырып, оның мәнін табыңдар. Шыққан мәнін ондық үлеске дейін дөңгелектеңдер.

Бағалау дескрипторларын дайындаңдар.

В - деңгей тапсырмасы

Ондық бөлшек сандарын пайдаланып, теңдеу құрастырыңдар. Оны шешіп, шыққан мәнін бүтін санға дейін дөңгелектеңдер.

Бағалау дескрипторларын дайындаңдар.

С - деңгей тапсырмасы

Өмірмен байланысты мәтін есеп құрастырыңдар. Оны шешіп, шыққан мәнін бірлік разрядқа дейін дөңгелектеңдер. Бағалау дескрипторларын дайындайындаңдар.

ҚБ: Дескрипторлар санына қарай смайликтер беріледі. Смайликтер саны бағалау парақшасына енгізіледі.

Постерге жазылады.


Слайд №12,13.


Сабақтың соңы.

Күтілетін нәтиже блогы

6 минут



ҚБ:(бағалау парақшасы бойынша)

Үйге тапсырма:

Кері байланыс: «Кірпішешен» әдісімен. Оқушылар қай тапсырмада қиналғанын/ қиналмағанын білдіреді.

«Қатысқандарыңызға рахмет»




Слайд №14



Слайд №15

Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша көмек (қолдау) көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Анағұрлым қабілетті

оқушыларға жаттығуларды

күрделендіруді қалай жасайсыз?

Бағалау (қалыптастырушы) -оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс.

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері.

АКT байланыстары.


Саралау – логикалық тапсырмалар блогында орындалады.Оқушыларды білімдеріне қарай деңгейге бөлемі:

(А)дең. 0-3 тапсырма орындағандар;

(В)дең.4-5 тапсырма орындағандар;

(С)дең. 6 тапсырма орындағандар.


Қаблетті оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындаймын.

Әр тапсырма бойынша дескрипторлар дайындаймын. Қалыптастырушы бағалау жүргіземін, бағалауға оқушыларды қатыстыруға тырысамын, кері байланыс беремін. Сабақтың соңында бағалау парақшасы бойынша бағалау жұргіземін. Оқушылардан рефлексия алып, нәтижесімен келесі сабақты жоспарлаймын.

АКТ-ны қолданау арқылы информатика пәнімен және мәтінді есептер шығаруда физика, геометрия, география пәндерімен байланыс орнатамын. «Орнымды тап» әдісін пайдаланып орындаған тапсырма арқылы қазақ тілі және әдебиетімен байланыс жасаймын..

Рефлексия




Сабақ / оқу мақсаттары

қолжетімді ме?


Бүгін оқушылар не білді?


Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен жоспарлаған саралау шаралары сəтті болды ма?


Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?


Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Өз сабағыңыз туралы рефлексияны төмендегі бос орынға жазыңыз.

(Сол жақтағы бағанада келтірілген сұрақтардың арасынан Сіздің сабағыңызға сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.)

Сабақ мақсаты оқу мақсатына сәйкес түзілді, қолжетімді болды. Оқушылар сандарды дөңгелектеуді білді. Шығармашылық тапсырмада өздігінен мәтін есеп, теңдеу, сандық өрнек құрастырды. Оларды шешті, жауаптарын дөңгелектеді және бағалау дескрипторларын дайындады. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы орын алды. Оқушыларым командамен (топта) жұмыс жасау барысында өзінің пікірін айқын айтуды, өзгенің көзқарасымен санасуды, бір-біріне көмек беруді үйренді. Мен жоспарлаған саралау әдісі – «Кім тез және көп» ұтымды болды.Сонан соң «Орнымды тап» әдісімен берілген деңгейлік тапсырмаларым сәтті шықты. Бұл тапсырманы орындау барысында пәнаралық байланысты және сабақтың тәрбиелік мақсатын орындауға мүмкіндік алдым. Жоспарланған іс-шараларымның бәрін орындап үлгердім, тек үй тапсырмасын беруді ұмыттым.


Қорытынды бағамдау:

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Қолданылған әдіс-тәсілдерім тиімді болды;

  2. Қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктерін жақсы пайдаландым.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Уақытты тиімді пайдалану;

  2. Оқушылардың мүмкіндігін ескеріп тапсырма беру.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

  1. Сабақта үлгерімі төмен оқушыларға Димаштың көмегі құнды болды. Мұғалімнің көмекшісін сайлап алудың тиімділігің байқадым.







Қосымша№1 (Сабақта артық уақыт қалған жағдайда)

Тапсырма №1 (А тобы) Берілген санның қандай разрядқа дейін дөңгелектеніп жазылғанын анықтаңыз:

1


2


3


4




Тапсырма №2 (В тобы) Берілген санды натурал санға дейін дөңгелектеңіз:

1

Центнерге дейінгі дәлдікпен


2

Километрге дейінгі дәлдікпен


3

Килограммға дейінгі дәлдікпен


4

Метрге дейінгі дәлдікпен




Тапсырма№3 (С тобы)

Мәліметтер

Тапсырмалар


1


Қазақстан мен Ресей шекарасы –  әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара (7 512,85 шақырым); 
Толығырақ: http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/19220/

1.Берілген санды жазыңыз:

кв.метрмен:

2) Алынған мәннің жуық мәнін жазыңыз(км):

Бірлік разрядына дейін

-артығымен


-кемімен




ондық үлеске дейін

-артығымен


-кемімен




























І- топ тапсырмасы


Сандарды дөңгелектеңдер ондық үлеске дейін:

) 9,12; 2) 0,281; 3) 52,513; 4) 2,8711;

2.Жүздік үлестерге дейін:

1) 12,513; 2) 8,4237; 3) 26,0402; 4) 2,938;

3. Мыңдық үлеске дейін:

1) 0,61371; 2) 7,23447; 3) 106,0408; 4) 21,9384;


ІI- топ тапсырмасы

1.Сандарды дөңгелектеңдер ондық үлеске дейін:

1) 0,452 2)8,245 ; 3) 12,583; 4) 2,771 ;

2.Жүздік үлестерге дейін

1) 1,518; 2) 8,4427; 3) 36,9468; 4) 0,934;

3.Мыңдық үлеске дейін

1) 2,5134; 2) 8,4287; 3) 26,0412; 4) 2,9383;


III- топ тапсырмасы

Сандарды дөңгелектеңдер ондық үлеске дейін:

) 9,68 2)9,241 ; 3) 22,613; 4) 0,8711 ;

2.Жүздік үлестергедейін

1) 10,4683; 2) 8,1237; 3) 6,0482; 4) 2,932;

3. Мыңдық үлеске дейін

1) 1,6518; 2) 5,4138; 3) 6,0412; 4) 21,9384;













29.08.2017ж. №1 педагогикалық кеңесте бекітілген

Мектебі:

«Қазығұрт жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі

Күні:

Пәні:

Сыныбы:

Тақырыбы:

Мұғалімнің есімі:


Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқу мақсаты


Сабақтың мақсаттары


Тілдік мақсат/

негізгі ұғымдар мен терминдер


Құндылықтармен

байланыс.

Тапсырмалар мазмұнын 7 құндылықпен байланыстырамын.

Алдыңғы білім

(меңгерген дағдылар)


Жоспар

Сабақ құрылымы

ж/е жоспар-

ланған уақыт

Жоспарланған тапсырмалар


Ресурстар

Басталуы:

1 минут

2 минут



Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу

Оқушылардың зейінін пәнге аудару


Ортасы:

8+5 минут




5 минут

1 минут


5 минут

1 минут


5 минут

1 минут


5 минут

1 минут


2 минут


Мұғалім оқу материалын қосымша ресурстар арқылы түсіндіруді ұйымдастырады.

Оқушы рефлексиясы: «Бас бармақ» әдісін немесе т.б. әдістерді пайдаланып оқушының жаңа оқу материалын түсінгенін/түсінбегенін анықтау үшін.

Тапсырма №1.

Оқушының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру (дескрипторлар арқылы).

Тапсырма №2

Оқушының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру (дескрипторлар арқылы).

Тапсырма №3.

Оқушының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру (дескрипторлар арқылы).

Тапсырма №4.

Оқушының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру (дескрипторлар арқылы).

Формативті бағалауды ұйымдастыру (бағалау парақшасындағы ұпайлардың жиынтығы негіінде)


Слайд №1, 2, ...10

Дәптерге жазылады Тапсырмалар жазылған парақшалар.

Аяқталуы:

3 минут


Кері байланыс: «Не білдім? Нені білгім келеді?» әдісі арқылы стикерге өз ойларын жазып береді

Көрме: Оқушылар жасаған жұмыстарын қабырғаға ілу арқылы көрме ұйымдастырады. Барлық оқушылар достарының жұмыстарымен танысады.


Стикерді қолданамыз

Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша көмек (қолдау) көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Анағұрлым қабілетті

оқушыларға жаттығуларды

күрделендіруді қалай жасайсыз?

Бағалау (қалыптастырушы) -оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс.

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері.

АКT байланыстары.


Саралау – логикалық тапсырмалар блогында орындалады.Оқушыларды білімдеріне қарай деңгейге бөлемін.

1-деңгейден (А) – 7 тапсырма;

2-деңгейден (В) – 2 тапсырма;

3деңгейден (С) – 1 тапсырма.

Қаблетті оқушыларға күрделі тапсырмалар дайындаймын.

Әр тапсырма бойынша дескрипторлар дайындаймын. Дұрыс орындалған әрбір тапсырмаға 1 ұпай бере отырып, сабақтың соңында ұпайлар жиынтығына орай формативті бағалау жүргіземін, бағалауға оқушыларды қатыстыруға тырысамын, кері байланыс беремін.

АКТ-ны қолданау арқылы информатика пәнімен және мәтінді есептер шығаруда физика, геометрия, химия пәндерімен байланыс орнатамын.

Рефлексия




Сабақ / оқу мақсаттары

қолжетімді ме?


Бүгін оқушылар не білді?


Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен жоспарлаған саралау шаралары сəтті болды ма?


Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?


Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Өз сабағыңыз туралы рефлексияны төмендегі бос орынға жазыңыз.

(Сол жақтағы бағанада келтірілген сұрақтардың арасынан Сіздің сабағыңызға сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.)

Қорытынды бағамдау:

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1)


2)


Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1)


2)


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1)

2)