СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қуыршақты серуенге шығару үшін қалай киіндереміз?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қуыршақты серуенге шығару үшін қалай киіндереміз? тех карта

Просмотр содержимого документа
«Қуыршақты серуенге шығару үшін қалай киіндереміз?»

Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні:14.12.2016ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Қуыршақты серуенге шығару үшін киіндіреміз»(дидактикалық ойын).

Мақсаты:Тәрбиешінің көмегімен әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Киім-кешектерді, істелінетін әрекеттерді, түсті білдіретін сын есімдерді атауды үйрету.

«Т» дыбысын және сөздерді дұрыс және анық айтуға жаттықтыру.Киімді ұқыпты, таза киюге, киінудің реттілігін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Дидактикалық ойын: «Қыстық киімдерді ата».

Сөздік жұмыс: тон,малақай.

Қостілділік компонент: тон-шуба, малақай-ушанка.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар тәрбиешімен дөңгелене шеңбер құрып, өлең жолдарын бірге қайталайды.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Айналаға бар адамға,

Тек мейірім сыйлаймыз.



Тәрбиешімен бірге өлеңді қайталайды.






Ұйымдастырушылық-

ізденістік

– Қайырлы таң!

– Бүгін ауа райы қандай?

– Жылдың қай мезгілі?

– Қыс мезгілінде қалай киінеміз?

Киінген кезде басты ережелерді еске алу қажеттігін түсіндіреді.

1. Киінудің реттілігін сақтап отыру қажет.

2. Балалар киінгенде бір-біріне көмектесу керектігін ұсынады.

№ 15 демонстрациялық материал.

– Балалар, біз өзімізбен бірге топтағы қуыршақты серуенге шығарайық.

Ол сендермен бірге серуенде ойнағысы келеді. Бұл қуыршаққа Марат деп ат қояйық. Серуенге шығару үшін қалай киіндіреміз?

– Ол серуенге шығу үшін қандай киімдер киеді?

Тәрбиеші балаларға қуыршақ Маратты серуенге киіндіруді ұсынды.

-Тон-шуба.

-Малақай-ушанка.

– Балалар, тон дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

– Дұрыс, «т» дыбысы.

Сергіту сәті:

Санайық жаңаша,

Бір, екі, үш!

Желбіре, жалауша,

Достықта біздің күш!

«Қыстық киімдерді ата» дидактикалық ойыны.

Шарты: қыстық киімдерді ретімен атау.


Балалардың жауабы.





1. Киінудің реттілігін сақтайды.

2. Балалар киінгенде бір-біріне көмектеседі.





Маратпен амандасады.

Балалар қуыршақты

киіну реттілігін сақтай отырып киіндіреді, педагог көмегімен

серуенге қалай киінетіндерін айтады.

-Тон-шуба.

-Малақай-ушанка.

Т» дыбысын бірнеше рет қайталап айтады.

Саусақтарын біріктіріп, үшке дейін санайды.

Қыстық киімдерді ретімен атайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

– Қуыршақ Маратты серуенге шығару үшін қалай киіндірдік?

– Сендер өздерің серуенге қалай киінесіңдер?






Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыстықкиімдерді ретімен атауды, киінуді;

Игереді: «т» дыбысын, сөздерді дұрыс айтуды;

Меңгереді:қысқашаәңгіме құрастыруды.