Ұйымдастыру-іздестіру | - Балалар, бүгін бізге қонақ келді. Ол қуыршақ Әйгерім.Онымен амандасайық. - Неге көңілсізсің қуыршақ Әйгерім? -Балалар, Әйгерім жиһаз алып келді, бірақ оны қалай орналастыру керек екенін білмей тұр. - Көмектесеміз бе? Әйгерім әкелген қорапты алып, оның ішінен үстел, орындық, шкаф, төсек, диван шығару. - Мен Әйгерімнің әкелген заттарын шығарып көрсетемін. Сендер оған қарап, ол туралы айтайық. -Мынау не? - Мынау не? -Мынау не? - Мынау не? -Мынау не? -Дұрыс. Балалар, енді осы заттардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? - Балалар, Әйгерімге бөлме дайындап берейік. «Әр заттың өз орнын тап» -Балалар, мынау не ? -Оны қайда қоямыз? -Дұрыс, келген қонақ болсын, Әйгерімнің өзі болсын, керек кезде отырып дем алады. -Ал мынау не ? -Оны қайдақоямыз? -Мынау не ? - Мынау не ? Сергіту жаттығулары: Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбырды, Ойлы қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Д/о: «Қуыршаққа бөлме жасаймыз» Шарты: Балаларға жиқаздарды орнына қоюды және неге қолданатынын үйрету. | Балалар қуыршақ Әйгеріммен амандасады. -Иә. - Бұл төсек, онда Әйгерім ұйықтайды. -Бұл орындық, онда отырады. - Ол шкаф, онда ыдыстар, киімдер салады. - Диван, ондажатыпдемалады. -Үстел, онда сабақ оқиды, тамақ ішеді -Жиһаздар. -Диван. -Диванды үлкен бөлмеге қоямыз. -Бұл үстел -Ас ішетін бөлмеге. -Орындық, оны үстелдің қасына қоямыз, өйткені оған Әйгерім отырады. -Төсек, оны жататын бөлмеге қоямыз. Әйгерім жатып ұйықтайды. Сергіту жаттығуларын орындайды. Қимылмен көрсетеді. Тәрбиеші көмегімен ойын ойнайды. |