СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Күз ханшайымының бастан кешкен оқиғалары" атты мерекелік сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы топқа арналған күз мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі

Просмотр содержимого документа
«"Күз ханшайымының бастан кешкен оқиғалары" атты мерекелік сценарий»

3 «Балауса» ортаңғы тобындағы

«Күз ханшайымының бастан кешкен оқиғалары»атты мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі

Күздік музыка туындысы ойнап тұрады. Залға бірінші жүргізуші кіреді. Жүргізуші:

Күз – мереке бастауы,

Молшылықтың мезгілі.

Еңбек еткен халыққа,

Өнім алар кез келді.

Шабыт алған бұл мезгілден,

Талай жазушы, ақындар,

Шабыт алды осы күзден,

Балаусалық балалар.

Әннен шашу шашады,

Келген мына халыққа.

Өнерлерін тамашалап,

Қол соғуды ұмытпа!

(Өлең жолдарының авторы : А. Т. Тусипжанова – Шагирова)

(Балалар залға кіреді, орындарына тұра қалады.)

  • Мерекеміздің ажарын әсем әнмен ашайық. Балаларымыздың орындауында «Осень» әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Осень»

(әннен соң балалар отырады.)

Жүргізуші:

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күзіміз құлпырып.

Музыкамен залға мұңайып Күз ханшайымы кіреді.

Жүргізуші:

  • Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!

Күз ханшайымы:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Жүргізуші:

  • Күз ханшайымы, неге көңілсізсіз? Біреу ренжітті ме? Әлде біздің балалардың тәртібі не басқа бірдеңе ұнамай қалды ма?

Күз ханшайымы:

  • Жо – жоқ! Балалар да әдемі, тәртіптері де жақсы. Менің көңіл – күйімді бүгінгі қарақшылар мен Жел түсірді. Бүгін мен үшін сәтсіз күн болды. Сендерге келе жатқанымды қатты жел соғып басыма таққан тәжімді ұшырып әкетті. Тәжімді қуып жетем дегенде екі қарақшы тонап кетті. Олар менің барлық әшекей бұйымдарымды алып кетті.

Жүргізуші:

  • Мұңайма, Күз ханшайымы! Біз бірдеңе ойлап табамыз! Не істесек екен балалар?

Балалар:

  • Әйгілі сәнгер Анель Кокони шақырайық!!! (Анель Абеугалиевна)

Жүргізуші:

  • Дұрыс айтасыңдар! Анель Кокони дәл осы уақытта Қазақстанға сән апталығына келген екен. Қазір қоңырау соғайын.

(Қолына үлкен телефон алып шығып, звондайды. Телефонның гуілі естіледі, Анель Коконимен сөйлеседі)

  • Қарсы алайық, алдарыңызда Франциядан келген әйгілгі сәнгер – дизайнер Анель Кокони! (Музыка ойнап, Анель Кокони кіреді.)

  • Сәлеметсіз бе, аса қадірменді Анель Кокони! Уақытыңыздың тығыздығына қарамастан бізге келгеніңізге көп рахмет! Күз ханшайымына Сіздің көмегіңіз керек.

Анель Кокони :

  • Сәлеметсіздер ме! Көмектесуге әрдайым дайынмын! Менің қыздарым Сіздерге «Күз 2018» бас киімдер коллекциясын ұсынатын болады. Дайынсыздар ма? Онда кеттік!

«Күз 2018» бас киімдер коллекциясы

(Қыздар мода көрсетеді. Соңында Анель Кокони өз қолымен жасаған туындысын Күз ханшайымына табыстайды.)

Күз ханшайымы:

  • Рахмет, Сізге! Керемет әдемі екен!

Анель Кокони:

- Менің уақытым тығыз. Сау болыңыздар! Чао! Адиос! (воздушный поцелуй жібереді де шығып кетеді.

Музыка ойнап, екі қарақшы кіреді.

І қарақшы (Қараханов Темірлан):

  • Стоять! Боятся! Деньги не прятать!

ІІ қарақшы (Нұрали):

  • Асыл бұйымдар сатамыз! Кім алады?

Жүргізуші:

  • Сәлеметсіздер ме, қарақшылар! Ол асыл бұйымдарды бізге сатыңыздаршы!

Қарақшылар:

  • Жарайды! Бірақ өте қымбатқа сатамыз!!!

Күз ханшайымы:

  • Бірақ, балалар жұмыс істемейді ғой. Олар әлі кішкентай! Өскенде ғана жұмыс істеп, ақша табады.

І қарақшы (Қ. Темірлан) :

  • Жоқ! Түкте де білмеймін! Маған көп ақша керек!

Жүргізуші:

  • Біздің балалар өте өнерлі. Балаларымның өнері алтыннан да қымбат! Біздің балалар өнерін көрсетсін, ал сендер асыл бұйымдарын қайтарып беріңдер. Осыған келісесіңдер ме?

ІІ қарақшы (Нұрали):

  • Досым, келісеміз бе? Келісейік.

І қарақшы (Қ. Темірлан) :

  • Мен шаршап кеттім. Онда ән айтып беріңдер.

Жүргізуші:

  • «Құстар қайтты» әнін қабыл алыңыздар!

Ән : «Құстар қайтты ән салып»

(ӘННЕН СОҢ ҚЫЗДАР КИІМ АУЫСТЫРУҒА КЕТЕДІ)

ІІ қарақшы (Нұрали):

  • Жоқ! Әлі қайтарып бермейміз. Балалар тақпақ айтсын!

Күз ханшайымы:

  • Ендеше балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Балалардың тақпақтары.

1 бала

Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

2 бала

Жұлдыз туып таң алды,

Әнге орап ғаламды,

Сазды әуен шаттыққа

Бөледі бар адамды.

3 бала

Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр - сыбдыр түседі.

4 бала

Осень славная пара

Любит осень детвора

Груша, слива, виноград

Все паспела для ребят

5 бала

Летят, летят дождинки,

Не выйдешь из ворот.

По вымокшей тропинке

Сырой туман ползет.

6 бала

Down, down!

Yellow and brown T

Тhe leaves are falling

Over the town.

7 бала

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.

8 бала

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

9 бала

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып - теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

10 бала

Осень наступила,

Начались дожди.

До чего ж уныло

Выглядят сады.

11 бала

September is a time

Of beginning for all,

Beginning of school

Beginning of fall.

Күз ханшайымы:

  • Ал, енді заттарымды қайтарып бересіңдер ме?

ІІ қарақшы (Нұрали):

  • Мен ойын ойнағым келеді!

Күз ханшайымы:

  • Мен жақсы ойын білемін! «Күздің сыйын жинап ал» деген ойын.

(Балалардың көздерін байлайды, шашылып жатқан көкөніс пен жемістерді жинатады)

Ойын : «Күздің сыйын жинап ал»

Қарақшылар:

  • Ата – аналар осылай отыра бере ме?

  • Олар да өнер көрсетсін!

Жүргізуші:

  • Онда ата – аналармен бір ойын ойнайық.

«Тағам ойлап тап» ойыны (Балалар көкөністер мен жемістердің маскасын киеді, музыка ойнайды, барлығы билеп жүреді, екі ата – анаға кастрюльдың маскасы киіледі, билеп жүріп бір ата – ана компот, екінші ата – ана «Борщ» көжесін дайындайды)

Жүргізуші:

  • Біздің балалар тағы бір ән айтқысы келіп тұр. Сыбырлап: бұл сиқырлы ән! «Жау – жау жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Жау – жау, жаңбыр»

Күз ханшайымы:

  • Мың бұралған биші қыздарымыздың «Тамшылар» биін қабыл алыңыздар.

«Тамшылар» биі.

І қарақшы:

  • Ой, жаңбыр жауып кетті ғой. Енді не істесек екен?

ІІ қарақшы:

  • Күз ханшайымы, бізге көмектес. Барлық заттарыңды қайтарып береміз!

Күз ханшайымы:

  • Жарайды онда, көмектесейін. Ол үшін біз «Қолшатыр» ойынын ойнайық.

«Қолшатыр» ойыны.

(Ойынға тақпақ айтпаған қалған балалар ғана шығады)

(Қолшатырды балалар бір – біріне тез – тез беріп отыру керек, қолшатыр кімде қалып қойса, сол бала тақпағын айтады, не қызықты би қимылын (белгілі бір себептермен балабақшаны көп босатқан балалар) келтіреді)

Қарақшылар Күз ханшайымының әшекей бұйымдарын қайтарып береді.

Қарақшылар:

  • Кешіріңдерші бізді балалар. Біз сендермен дос болғымыз келеді.

Жүргізуші:

  • Дос боламыз ба балалар? Иә, дос боламыз!

Күз ханшайымы:

  • Барлығы да жақсы аяқталған сияқты. Менің көңіл күйім бір көтеріліп қалғаны соншалықты билегім келіп кетті.

Жүргізуші:

  • Біздің барлығымыз да билегенді ұнатады. Ендеше биге шығайық.


Күзгі флешмоб.

(Күз ханшайымы байқатпақ шығып кетіп, себет толы жемістер әкеледі)

Күз ханшайымы:

  • Балалар, мынау менің сендерге арналған дәруменді сыйым.

Күз сыйлығын алыңдар,

Сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

  • Апайларыңы берейін, топқа апарып жейсіңдер.


Жүргізуші:

«Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар қонақтар,

Келгенше жыл айналып».