СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"К?з патшалы?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныптар аралы?ында ?ткізілетін мерекелік іс-шара жоспары

Просмотр содержимого документа
«"К?з патшалы?ы"»

Бастауыш сыныптар аралығында өтілетін «Күз патшалығы» мерекелік іс-шарасының жоспары


Егін пісіп, далада,

Қырманға толы сыймайды.

Үлкенге де, балаға да

Шаттық әнін сыйлайды.

Жапырақтар бұл шақта,

«Қош,қош» дейді бұтаққа,

Жайқалады алтын күз,

Даланы алып құшаққа.


Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар оқушылар.Ағашта жапырақ сарғайып, жерге түсіп, айналаны қоңыр-сары кілем болатын мезгіл «Алтын күзде» жетіпті күз өте ерке мезгіл сәл нәрсеге қабағын түйіп ренжіп, көз жасын жаңбыр қылып төгіп-төгіп алады.Дегенмен , жомарттығы үшін бәріміз ұнататынымыз анық..Олай болса «Күз патшалығы» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймын.

Құрметті « Күз патшалығы» мерекесіне қатысушы қонақтар сіздердің құрметтеріңізге «Қуанышым қазынам » әнін қабыл алыңыздар.


1.«Күз патшалығы» сайысының талаптарымен таныстырып өтейін.

1.Таныстыру ( команданың аты, ұраны, киімі)

2.Стол үстін безендіру

3.Өнер көрсету

4.Мәнерлеп өлең оқу (күз туралы)

5.Жемісті жеп жарысу

6.Жұмбақ шешу

7.Сурет салу (жемістердің суреті)

8.Тиісті сөздерді теру


Шоғы толған гүлдей жайнап

Жарқырады жарқын жүз.

Сайрандадық күліп-ойнап,

Келді, міне, алтын күз. -дей келе таныстыру кезеңіне кезек берейік!!!

Бірінші таныстыруды мектеп алды даярлық тобынан бастайық.

Қазан болды молшылық,

Дәулет қорын қалады

Заңғыр көкке жол сызып,

Құстар қайтып барады

Қалықтаған аспанда,

Тырау-тырау тырналар

Алыстағы достарға,

Жеткіз бізден бір хабар-деп




2.Келесі кезекте стол үстін безендіру кезеңі

Әр топ өздеріңіз столдарыңызды таныстырып өтесіздер.

Бірінші сіздер бастасаныздар 4-сынып


Бұтақты бүге балбырап

Көз тартады көріңіз

Алма піскен албырап

Маужырап барқыт қоңыр күз,- дей келе

3.Кезең «Өз өнерлерін көрсету»

Мектеп алды даярлық тобынан бастайық.



Көбейді құт береке,

Астық толы қоймамыз,

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.


Алтын сары,қызыл көк

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жапырлап-дей келе келесі кезекті

4. «Мәнерлеп өлең оқу (күз туралы)»


Апорт деген алма бар,

Алматы оның Отаны

Ондай алма қайда бар

Жерді жарған атағы?

Күзде жайнап ашыла,

Күннің нұры көмекейдей

Алма ағаштың басына

Қызыл қарбыз көшкендей.

Күз салқын мезгіл.

Дегенмен, күздің басында барлық жеміс жидектерімізді, бау-бақшамызды жинап аламыз. Сондықтан күз мол өнім береді,

Ендеше 5.кезең Жемісті жеп жарысу қай топ бірінші болса сол топ жеңімпаз болады.


Бұтақты бүге балбырап,

Көз тартады көріңіз

Алма піскен албырап

Маужырап барқыт қоңыр күз. - дей келе келесі 6 кезекте жұмбақ шешу.


Тыру-тыру тырналар

Күзден жетті бір хабар

Қызық көрсең балалар



Үйде отырма,қырға бар-дей келе 7-кезең сурет салу.Мына суретке қарап сол жемістің суретін саласыздар.


Соңғы 8-ші кезең Тиісті сөздерді теру

Мектеп алды даярлық тобы гүлдерді тересіздер.

1-сынып Көкөністерді тересіздер.

2-сынып Сіздер жеміс жидектер тиісті сөздерін тересіздер.

3-сынып Сіздер ағаштарды тересіздер;

4-сынып Дәнді-дақылдарды тересіздер.


Көк майса көрікті.

Алқаптағы көп егін,

Бұл күндері киіпті.

Сары жібек көйлегін,

Жел тынымсыз гуілдеп.

Болып кетті тым бұзық,

Шуылдайды тал-терек.

Жапырағын жұлғызып-дей келе қатысқан топты марапаттау үшін сөз кезегі директордың тәрбие ісі-жөніңдегі орынбасары Барлыбекова Алмагүл Қалиқызына сөз беріледі.


Құрметті «Күз патшалығына келген» қоңақтар осымен кешіміз аяқталды сау саламатта болыңыздар.