Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні / Дата проведения: 06.09.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Балабақша
Тақырыбы / Тема: "Күзгі байлық"(көкөністер мен жемістер)
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік – воспитательная: Балалардың зейінділікпен орындау қабілетін арттыру, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая : Бейнелеудің қажетті тәсілдерін еске түсіріп өз суреттерінің мазмұнын ойластырып, балалардың ой- өрісін дамыту, суретті сәнді салуға тәрбиелеу.
3. Оқыту – обучающая : Балаларға әртүрлі жемістермен көкөністердің суреттерін гуашпен салуға үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, ақ қағаз, жай қарындаш, гуашь бояу, қылқалам.
Көп тілділік полиязычие: көкөністер мен жемістер-овощи и фрукты- fruits and vegetables
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Тосын сәт:
Қонаққа күз ханшайымы келеді. Балалармен амандасады, Қолында кәрзенкесі бар,ішінде жемістер салынған. Балалар сендер менің кім екенімді білесіңдер ме? (балалардың жауабы)
Ия, мен күз ханшайымымын.Сендердің қолдарыңнан не келетінін көруге келдім
- 2.негізгі бөлім.
Тәрбиеші: Хош келдің Күз ханшайымы, төрлет біздің балалардың шығармашылығын тамашала.
Балалар Кәне кім айтады кәзір қандай жыл мезгілі? Күз айында неше ай бар?(балалар жауап береді)Күз мезгілін сипаттап берейікші,Айдос айтағой
Айдос: күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып түсе бастайды.Күн суытады.
Тәрбиеші: жарайсың, өте тамаша! Біздің балабақшаның ауласында көптеген ағаштар бар ия, жапырақтары түскенде біз оларды жинаймыз.Балабақшаның айналасын таза ұстаймыз.
Алина сен не айтасың?
Алина: күзде жемістер мен жидектер піседі.
Тәриеші: өте жақсы.
Камила сен айтағагой қандай жемістерді білесің?
Камила: алма, алмұрт,банан,апилсин,мандарин, анар
Тәрбиеші: өте тамаша, енді балалар жемістердің суретін салайық.
Алдарыңдағы ақ қағазға түрлі-түсті гуаштарды қолдана отырып,сурет саламыз.
Балалар сурет сала бастайды, қиналған балаларға қол ұшын беру.
Ойын: «Кім көп біледі?»
Балаларға ойынның шартын айтып түсіндіріп өтеміз. (көкөніс пен жемістердің атын атай отырып, көкөніс пе,жеміс пе екенін ажыратып айту)
Көп тілділік полиязычие: көкөністер мен жемістер-овощи и фрукты- fruits and vegetables
Сергіту сәті:
Шашылып нұрға атырап,
Ағаштар жайды жапырақ.
Далаға бірден таралды,
Гүлдерден жұпар шашырап.
Балаларға қауіпсіздік ережелерін айтып өтеміз.
Күз ханшайымы: балалар сендер суретті өте жақсы салады екенсіңдер,енді мен қайтайын, сау болыңдар.
3.қортынды
Балалар сендерге көп рахмет. барің суретті жақсы салдыңдар. енді суреттерімізді іліп қояйық.