Сабақтың барысы
|
Уақыты
|
Тапсырмалар
|
Бағалау
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
5мин
|
Оқушылармен сәлемдесу,
Сабаққа қатнасын тексеру,
Топтастыру:
Үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер бойынша оқушыларды топтастыру
Психологиялық ахуал: шеңберде функция жазылған, төртбұрышта төртбұрыштың түрлері, үшбұрышта үшбұрыштың түрлері салынған, сол сөздерді пайдаланып немесе сол әріптен басталатын сөздерді пайдаланып бір-біріне тілек айту
|
|
Үй жұмысын тексеру
|
3мин
|
№270 есептің екіншісін шығару алдарына дұрыс жауабы беріледі сол бойынша тексеріп, топ басшысына балын айтады
|
Үй жұмысын тексеру критерийін оқушылар өздері шығарды.
Оқушылар өзін – өздері бағалады. Барлығы дұрыс болса 5 балл, 1-2 қате болса 4 балл, одан көп болса 3 балл
|
Үй жұмысын қорытындылау
|
4 мин
|
Қар қиыршығы: І топтағы оқушы өтілген тақырыптар бойынша ІІ топтағы оқушыға сұрақ қояды. ІІ топтағы оқушы ІІІ топтағы оқушыға сұрақ қояды. Озі жауап бере алмаса, топтағы басқа оқушы жауап беруге болады
|
Дұрыс жауап 1 балл.
Топ басшылары бағалау парағына қойып отырады.
|
Жаңа тақырып
|
5мин
|
Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып – құйып Құрманға бер.
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер. Өзің іш те, маған бер деген екен. Мұны естіген ұрылар «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік» - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты. Сонда есепте, үйдегі адам нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5 ұры) Оқушылар осы 10 және 5 сандарын пайдаланып, квадраттық функция жазады және графигін салады. Осы орындаған тапсырмаларына қарап сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады.
|
Толық шығарған оқушыға 5 балл. Функциясын немесе графигин салған оқушыға 4 балл. Ал тек жұмбақты шешкен оқушыға 3 балл
|
Топтық жұмыс
|
10 мин
|
І топқа: Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді. Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу?(23 асық, 3 немере) Осы сандарды пайдаланып, квадраттық функция жазады және графигін салады.
|
Толық шығарған топқа 5 балл. Функциясын немесе графигин салған оқушыға 4 балл. Ал тек логикалық есепті шығарған топқа 3 балл. Бағалау бетшесіне топ басшысы қойып отырады.
|
ІІ топқа: Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Ол қандай сандар?(5пен 3) Осы сандарды пайдаланып, квадраттық функция жазады және графигін салады.
|
ІІІ топқа: Қонақтарға 2 адамға 1 табақтан қойса, 1 табақ жетпейді. 3 адамға 1 табақтан қойса, 1 табақ артық қалады. Қонақ нешеу? Табақ нешеу? (12 қонақ, 5 табақ) Осы сандарды пайдаланып, квадраттық функция жазады және графигін салады.
|
Жеке жұмыс
Деңгейлік тапсырма
|
5 мин
|
Карточкада А,В,С деңгейлі тапсырма беріледі, оқушы өз деңгейіне қарай тапсырманы таңдап алады.
Оқулықтан есептер: Әр топ мүшелері өзіне тиісті есепті шығарады
А деңгей
№184 есеп (1,2,3) Егер y=ax2 функциясының графигі
В деңгей
№183 есеп (1,2,3): Параболаның абсцисса осімен қиылысу нүктелерін анықтаңдар
С деңгей
№181 есеп (1,2,3) функцияның графигін салыңдар
|
Әрбір дұрыс есепке 5 балл, 1-2 қате болса 4 балл, одан көп болса 3 балл
|
Бекіту
|
5 мин
|
Венн диаграммасын толтыру
Әр топтағы оқушыларды 3 жұпқа бөліп, І жұпқа y=ax2 және y=ax2+bx+c , ІІ жұпқа y=ax2+n және y=ax-m2 ІІІ жұпқа y=ax2+n және y=ax2+bx+c функциялары беріледі. 2мин венн диаграммасын толтырғаннан кейін әр топтың бірінші жұптары І топқа, екінші жұптары ІІ топқа, үшінші жұптары ІІІ топқа отырып, тағы да 1 минут талқылайды. Сосын тақта да жұмыстарын қорғайды.
|
Фармативті бағалау І топ ІІ топты, ІІ топ ІІІ топты, ІІІ топ бірінші топты бағалайды. Топ басшылары бағалау парағына қояды.
|
Рефлексия
|
3 мин
|
Стратегия: 2 шындық 1 өтірік
Осы тақырыпқа байланысты 2 шындық және 1 өтірік мәлімет айту керек
|
|
Бағалау
|
2 мин
|
Топ басшылары барлық балдарын қосып есептейді(критериалды бағалау)
|
30-40 балл – «5»
20-29 балл –«4»
10-19 балл – «3»
1-9 балл – «2»
|
Кері байланыс
|
2 мин
|
Стикерге сұрағын, ұсынысын, тілегін жазып тақтаға жабыстыру
|
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
№273
|
|