СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Квадрат. Оның қасиеті мен белгілері

Категория: Алгебра

Нажмите, чтобы узнать подробности

Квадрат. Оның қасиеті мен белгілері ысыфяысФС

Просмотр содержимого документа
«Квадрат. Оның қасиеті мен белгілері»

Күні:____________

8 «А» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Квадрат. Оның қасиеті мен белгілері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Квадратты берілген элементі арқылы салуда, оның анықтамасын қолданады. Квадраттың белгілерін дәлелдейді

Дамытушылық: Ауызша есептеу, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру; өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру, ойын жеткізе білуін және ой-өрісін дамыту. 

Тәрбиелілік: оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу

Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (14 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (3 мин.).

Сабақ барысы:

І. Ақпарат алмасу (14 мин.).

Анықтама: Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш квадрат деп аталады. Квадраттың бұрыштары тік болғандықтан:

Квадраттың биіктігі ретінде оның қабырғасын аламыз.

Квадрат пен параллелограмм, ромб және тіктөртбұрыштың байланысы:

  • Квадрат дегеніміз ол бір уақытта әрі ромб, әрі тіктөртбұрыш, әрі параллелограмм болып тұрған фигура.

  • Сол үшін тіктөртбұрыш, ромб, параллелограмның барлық қасиеттері квадрат үшін орындалады.

Квадраттың қасиеттері:

  • Квадраттың диагоналдары тең

  • Квадраттың диагоналдары қиылысу нүктесінде тең екіге бөлінеді

  • Квадраттың диагоналдары өзара перпендикуляр

  • Квадраттың диагоналдары оның бұрыштарының биссектрисалары болады

Квадраттың периметрі: Квадраттың қабырғалары тең болғандықтан: P = 4a

Квадраттың белгілері

  • Егер ромб берілсе және оның бір бұрышы тік екені белгілі болса, онда ол фигура квадрат

  • Егер тіктөртбұрыш берілсе және оның диагоналдары тіктөртбұрыштың биссектрисалары екені белгілі болса, онда ол фигура квадрат

іі. алғашқы бекіту

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Квадраттың ерекшеліктерін жазыңыз

Квадраттың қасиеттері

Квадраттың белгілері





ііі. құзырлылық қалыптастыру

І деңгей тапсырмалары

  1. Квадраттың периметрі 28 см. Қабырғасын табыңыз

  2. Квадраттың биіктігі берілген: 5 см. Квадраттың периметрін табыңыз

  3. Егер квадраттың қабырғасы 2 см-ге ұзарса, онда берілген квадраттың периметрі қалай өзгереді?

  4. ABCD квадрат. АС диагональі 10 см. АС диагоналынан АК = 2 см
    CH =2 см болатындай етіп K және H нүктелері алынған. DKBH төртбұрышы ромб екенін дәлелдеңіздер

  5. Квадраттың қабырғаларының орталары квадраттың төбелері болатынын дәлелдеңіздер


ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Егер квадраттың әрбір қабырғасы 3 есе арттырса, оның ауданы қалай өзгереді?

  2. Мына тұжырымдамалардан дұрысын таңдаңыз: Квадрат ол ромб. Параллелограмм ол ромб. Тіктөртбұрыш ол квадрат


ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. Егер берілген параллелограмм бір уақытта ромб және тіктөртбұрыш екені белгілі болса, онда ол фигура квадрат па?

іV. шығармашылық әрекет.

Топтық жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлініп келесі тапсырманы орындайды


1.

Берілгені: АВСD - квадрат

ВВ1 =СС1=DD1=АА1

Дәлелдеу керек: А1B1C1D1-квадрат екенін


2.

Берілгені: АВСD - квадрат

Дәлелдеу керек: - ромб екенін


3.

Берілгені: АВСD - квадрат

ВВ1=ВА1=D1C1=DD1

Дәлелдеу керек: тіктөртбұрыш


V. бағамдау-бағалау.

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

Қорытынды. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасы №57, №58, 59 есептерді шығару.