Просмотр содержимого документа
«Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері»
Күні: 15.11.2017 ж
Пәні: алгебра
8 «А» сыныбы
Сабақтың тақырыбы:
Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың толымсыз квадрат теңдеулерді шеше білу бейімділіктерін одан әрі дамыту. Есеп шығаруға машықтандыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.Есептеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез
ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.
Түрі: қайталау
Көрнекілік: слайд, үлестірмелі қағаздар, формула
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
«Теңдеу және түбір» жаттығуы
Жүргізуші «түбір» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де
«квадрат теңдеу» деген кезде 3 оқушы, «толымсыз квадрат теңдеу» деген
кезде 2 оқушы жұптасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді.
Тарихи деректер (квадрат теңдеу құру)
1)Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды
16 желтоқсан 1991 жылы
16x2+12x+1991=0
2)Ұлттық теңгенің шыққан уақыты
15 қараша 1993 жылы
15x2+11x+1993=0
3)Қазақстан Республикасының Президенті қашан сайланды?
1 желтоқсан 1991 жылы
x2+12x+1991=0
4)Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылдады?
4 шілде 1992 жылы
4x2+6x+1992=0
5)Қазақстан Респуликасының Конституциясы қашан қабылданды?
30 тамыз 1995 жылы
30x2+8x+1995=0
1) Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2) Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4) Ағаш үстінде 200 торғай отырады. Аңшы 20 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (20 торғай).
5) 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
6) 6 аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (Адам орындықта отыр)
Берілген мақалдағы сан есімді тауып, толымсыз квадрат теңдеу құрастыр
1)1 тал кессең, 10 тал ек. (х2+10х=0)
2)5 саусақ 1-дей емес (5x2+x=0)
3)1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді. (x2+1000x=0)
4)7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл. (7x2+7x=0)

Жауабы:
1)нақты
2)квадрат
3)парабола
4)келтірілген
5)гипербола.
Бағалау (тиын арқылы бағалау)
Үйге тапсырма: №
Қорытындылау.