СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қыс ғажайыптары" экология

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Сурет бойынша әңгіме құрап, өз ойын толық жеткізе білуге жүйелі әңгімелеуге тәрбилеу.

3.Оқыту – обучающая: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Қыс ғажайыптары" экология»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Әлеуметтік орта. Социум

Пән/Предмет: Экология

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Қыс мезгілі керемет!»

Тақырыбы/Тема: «Қыс ғажайыптары»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Сурет бойынша әңгіме құрап, өз ойын толық жеткізе білуге жүйелі әңгімелеуге тәрбилеу.

3.Оқыту – обучающая: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулықты сақтау бойынша педагогикалық технологиялар, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интербелсенді тақта, қағаздан қиылған қар бүршіктері, қаршық, жыл мезілдерінің суреттері.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: қыс - зима, қар - снег.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: Балалар сендер қысқы орманға саяхат жасағыларың келе ме?

Интербелсенді тақтадан қардың сықырлаған, боранның ұйытқыған дыбысы естіледі.

Ендеше көздерімізді жұмайық. Қыс мезгіліндегі орманды елестетейік.

Орманға қыс мезгілінде немен баруға болады?

Шаңғымызды алып мына өлең жолдарын айтып барсақ тез жетеміз.

Шаңғы теуіп аппақ қарда

Жорыққа біз шығамыз

Ну орманға асқар тауға

Биікке алыс шығамыз

(Балалар шаңғымен орманға келеді)

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Интербелсенді тақтамен жұмыс. (сурет бойынша әңгімелесу)

Балалар суреттен қандай мезгілді көріп тұрсыңдар?

Айналада нелер жатыр?

Билингвалдық компонент: қыс - зима, қар - снег.

Қыста ауа райы қандай болады?

Суретте балалар немен сырғанап жүр?

Адамдар қалай киінеді екен?

Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз. Денемізді қыздырып жаттығу жасайық.

Сергіту сәті:

Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

Ойын: «Қар жинау»

Жерде шашылған қарларды шелекке жинау.

Енді балалар қыс мезгілі бейнеленген суретке қарап әңгіме құрастырайық.

Жеке жұмыс: Амира қыста адамдар қалай еңбектенеді?

Балалар сендер қыста ойналатын қандай ойын түрлерін білесіңдер?

Суреттен қыста ойналатын ойындарды айту: шаңғы тебу, мәнерлеп сырғанау, коньки тебу, хоккей, шанамен сырғанау, аққала жасау.

Балалар енді біздің топқа қайтатын уақытымыз келді. (музыка қосылады)

Д/ойын: «Қыс мезгілінің ерекшеліктерін тап»

Ойын шарты: Менің қолымда ғажайып қалташа бар оның ішінде жыл мезгілдерінің суреті бар сендер оның ішінен тақтаға тек қана қыс мезгілінің суретін тауып ілу керексіңдер.

Балалар ойын шарты бойынша орындайды.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар біз бүгін қайда серуенге бардық?

Қыста ауа райы қандай болады?

Дала қандай екен?

Ағаштар мен шыршалар не жамылған?

-Қысқы ойындар қандай?

Жарайсыңдар балалар сендер бүгін сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Мен сендерге қар бүршіктерін сыйға тартамын.