СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қыс мезгілі көңілді

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Әтеш пен Тоты» ертегісі.

Мақсаты: а) Ертегінің мазмұнын түсіндіру;

ә)Өз түсінігімен әңгімелеу барысында сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту;

б) Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Шырша суреттер,сыйлықтар. Қысқы мереке. Жаңа жыл мерекесі. Аяз ата, Ақшақар, суреттері.

Просмотр содержимого документа
«Қыс мезгілі көңілді»

Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізі күні:09.12.19ж

Тәрбиеші:Оразова Г.Т

Білім беру саласы: «Шығармашылық»,

Пән: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Қыс келді»

Тақырыбы: Жаңа жылдық шыршаға арналған безендірулер жұлдызшалар, алқалалар,өз бетінше. Көңілді аққала

Мақсаты:

Тәрбиелік: Ұқыпты таза жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Таныс тәсілдерін қолдана отырып, түрлі көлнмді, бірнеше бөліктен тұратын, дөңгелек, сопақша пішінді заттарды мүсіндеу дағдыларын бекіту.

Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап

Билингвальдық компонент: Шырша – ёлка

Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлгі,сүрткіш, тақтайша


Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең:

-Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетімізге қонақтар келген екен, қанеки сәлемдесейікші.

-Жарайсыңдар, балалар орындарыңа жайғасыңдар. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

2.Негізгі бөлім:

-Дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілі басталды.Ал балалар енді маған айтыңдаршы, сендер сыйлық алғанды ұнатасыңдарма?

-Олай болса, мен сендерге бір сыйлық алып келдім. Ішінде не бар екенін білгілерің келеді ма?

-Қанеки онда жұмбағымның жауабын шешіңдер.

Тікен, тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. Ол не?

-Балалар,шыршаның түсі қандай?

-Шыршаның жапырақтары ине сияқты қатты болады екен.Шырша қыста да, жазда да бір түсте болады екен

-Жарайсыңдар, балалар бұл шырша екен.Ал қанеки ашып көрейікші. Ішінен ойыншықтар мен безендірілген шырша суреті шығады. Хатта: Осы суретті ермексазбен мүсіндеп салу керек, әдемі салынған, мүсінделген жұмысқа арнайы сыйлық бар екені жазылған.

Сергіту сәті

Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғақтан


Шымшу, ширату тәсілдерімен шырша және ойыншықтармен безендірілген суретті ермексазбен мүсіндейміз.

Дидактикалық ойын: «Көңілді аққала».
Ойын шарты: Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.

3.Қорытынды: -Жарайсыңдар, балалар шыршамыз әдемі болып шықты.Сендерге көп рахмет.Келген қонақтармен қоштасайық.