СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ: (Қышқылдардың химиялық қасиеттері)

Просмотр содержимого документа
«Қышқылдардың химиялық қасиеттері»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3А Химиялық реакциялар

Мектеп: №17 мектеп


Мұғалімнің аты-жөні: Жарданбек А.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандарсаны:


Сабақ тақырыбы

7.3А Қышқылдардың химиялық қасиеттері

№10 Зертханалық тәжірибе «Сутекке сапалық реакция»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.1 Қышқылдардың химиялқ қасиеттрін білу.

7.3.2.2 Сұйылтылған қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау.

7.3.2.3 Сутектің сапалық реакциясын жасау.

Сабақ мақсаттары

Бірінші мақсат:

  • Қышқылдардың химиялқ қасиеттрін сипаттайды.

  • Сұйылтылған қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атайды.

  • Сутектің сапалық реакциясын жасайды және талдайды.

Екінші мақсат:

  • Қышқылдардың металдар, карбонаттар, негіздермен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазады.

Үшініш мақсат:

  • Сутектің сапалық реакциясын талдайды.

Бағалау критерийлері

  • Қышқылдардың химиялқ қасиеттрін біледі. Сонымен қатар олармен жұмыс жасау ережелерін атай алады.

  • Сутек газының сапалық реакциясын түсіндіреді және жүзеге асырады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік мақсат

Сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады, тапсырма кезінде академиялық тілмен түсіндіре біледі

Пәнге тән лексика мен терминология:

ерітінді, бейтарап, бейтараптану, өртке қауіпсіз, жану, сынау, қауіпсіздік/қауіпсіз емес/қауіпті, араластыру, төгу, көзді қорғау құралы, қауіпсіздіктің қажетті талаптары

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Зертханада қауіпсіздік өте маңызды, себебі…

Қышқылдар теріні күйдіреді, себебі...

Құндылықтарды дарыту


Мәңгілік Ел 2050 идеясы арқылы білім алушының бойына еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Физика – тәжірибе

Алдынғы білім


5.3.2.5. заттарды ерігіштігі бойынша, металдар және бейметалдарға жіктеу

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1-2мин









3-6 мин














КҮНДЕЛІКТІ ШАРАЛАР:

Оқушылармен сәлемдесу

Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру. Лотерия әдісі арқылы 3 топқа бөлемін.

  1. Топ: H2

  2. Топ:He

  3. Топ: Li


КІРІСПЕ:

1-тапсырма

«Ассоциация» әдісі: топпен жұмыс

Қышқылдардың химиялық қасиеттерін атаңыз.


Дескриптор:

  • қышқылдардың химиялық қасиеттерін атайды. [2]















  • Оқулық

Үлестірмелі қағаздар



Сабақтың ортасы
















7-10мин




11-15 мин






















«Техника қауіпсіздік ережесі»

Негізі химия сабағында зертханалық жұмыс жасаған кезде:

№ 1 ереже «заттардың дәмін көруге болмайды»!

№ 2 «Қышқылға су құюға болмайды».

Қышқылдар күйдіргіш болып келеді (тәжірибемен көрсету). Егер де қышқыл қолыңызға тамып кетсе, 5%-к ас содасының ерітіндісімен күйген жерді жуу керек.


Дереккөз тәсілі: Сутек газы туралы ақпарат іздейді.




10- Зертханалық жұмыс: Сутекке сапалық реакция

Реактивтер:

мырыш түйіршіктері,

тұз қышқылының сұйылтылған ерітіндісі.

Химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтар:

• штатив — 1 дана

• сынауық — 2 дана

• газ жүретін түтік — 1 дана

• сіріңке — 1 дана

Газ алуға арналған құрылғыны жинап, оның герметикалығын тексеріңдер. Сынауыққа 1-2 түйір мырыш салып, үстіне 1-2 сұйыл­ тылған тұз қышқылын құйыңдар. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жауып, екінші ұшына тағы бір сынауық кигізіңдер. Сынауық газға толғанша аз уақыт күте тұрыңдар. Сутекке толған сынауықты жоғары қаратпай спиртшамның жалы­нына апарып, сутектің “тазалығын” тексеріңдер.

Не байқадыңдар?



Дескриптор

− металдың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесу үдерісін сипаттайды;[1]

− нені бақылағанын жазады;[1]

− реакция өнімдерін атап, реакция теңдеуін жазады;[1]

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің кестесі















Саралау:

Дереккөз тәсілі



Тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар:

- металл,

- тұз қышқылы,

- сынауық,

-газ өткізгіш түтік,

-су.







Сабақтың соңы

16-18мин























19-20мин






















Сабақты қортындылау

«Ой қозғау » әдісі: топпен жүмыс. Әр топқа бір сұрақтан қойылады, сұраққа нақты жауап берсе қосымша ақпарат алады. Соңында сол мәтін арқылы сабақты қортындылайды.




«Табыс баспалдағы» әдісі:

оқушыларға смайлктер беріледі сабақ барысында қол жеткізген оқу мақсаттарына байланысты, табыс баспалдағына жабыстырады.


Үй тапсырмасы:Реакция теңдеулерін жаттау. 68-бет, 4-жаттығу.



  • Слайд

Үлестірмелі қағаздар






















Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  • саралау тәсілі – қорытынды Барлық оқушы бір тапсырманы орындайды, нәтижелері әртүрлі болады

  • саралау тәсілі - дереккөздер лабораториялық тәжірибе жасағанда тәжірибенің қадамдары, алгоритмі беріледі

оқулықтан тәжіибенің нұсқаулықты пайдаланады

  • саралау тәсілі- қарқын

Аз қолдау – оқушыларға http://bilimland.kz/ru/ сайты арқылы тәжірибені орындайды


Сигнал карталары

Өзара бағалау

Дескриптор арқылы бағалау

Қалыптастырушы бағалау



Қышқылдармен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуы


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?































Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары дұрыс қойылды.Оқушылар жоспарланған оқу мақсаттарына толық жетті, оны оқушылардың ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындаған жауаптарынан көруге болады. Сабақ барысында саралаудың, дереккөздер әдісі, белсенді оқытудың зерттеушілік әдісі қолданылды. Сабақтың уақыттық кезеңдері мен бірізділігі сақталды.

1-сурет. Дереккөз әдісі.(оқушылар интернет желілерін пайдаланып ақпарат іздейді)



2- сурет. Зерттеушілік әдіс.