Мұғалімнің аты-жөні | Шаймергенова Гаукар Баязитовна Сыныбы 7ә сынып |
Сабақтың атауы | Қысқаша көбейту формулаларын пайдалану |
Сілтеме | Математика 7 сынып. слайдтар, сабақ жоспары |
Жалпы мақсаты | Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін толықтыра отырып, бүгінгі сабақпен сабақтастыра отырып бекіту.Теориялық білімдерін тереңдету және жүйелеу, математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру. Сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу. |
Міндеттер | Оқушылардың алған білімдерін толықтыру. Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау. Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу. |
Мұғалім үшін оқу нәтижелері | |
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері | Білімді жүйелеу және жалпылау сабағы. Топтық жұмыс, жұптық жұмыс,диалогтық оқыту, АКТ –ны меңгеру, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп оқыту |
Сабақтың көрнекілігі | Видеопроектор, тақырыпқа сай слайдтар, фотоаппарат, үлестірме парақтар, топтық таспсырмалар жазылған топшамалар, бағалау парағы. |
Күтілетін нәтиже | Оқушылар қысқаша көбейту формулаларын меңгереді, күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіре алады. Есептерді шығара алады.Өздерін және сыныптастарын бағалай алады. |
Ұйымдастыру кезеңдері | Сәлемдесу. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау. Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады. Топ басшылары сайланған. Топ басшысы топ мүшелерінің жұмыстарын бөліп береді. Бағалау парағын түсіндіріп кетемін.
Бағалау критерийі: 1.Білімділігі 2.Ойлау жылдамдығы 3.Математикалық тілі 4.Топпен жұмыс жасауы 5.Жеке жұмыс жасауы |
|
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Оқушылармен үйге берген тапсырманы тексеру. «Миға шабуыл» | Слайд№1 1.Үй тапсырмасын өзін өзі тексеру . Оқушылар жұптасып бір-бірінің дәптерлерінен үй жұмысын тексереді. Нәтижесін топ басшысы бағалау парағында белгілеп отырады. Үй жұмысының дұрыс жауабын алдарына беремін. 2.Теориялық білім, формулалар. Қандай қысқаша көбейту формулаларын білесіңдер? Формула түрінде және ережесін айту,мысал келтіру. Оқушы жауаптары: Екі өрнектің квадраттарының айырымы: а2-в2=(а-в)(а+в) Мысал: 4а2-16=(2а-4)(2а+4) Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты: (а+в)2=а2+2ав+в2 (а-в)2=а2-2ав+в2 Слайд№2. Ауызша есеп(қайталау). Төмендегі есептер интерактивтік тақтада көрсетіліп тұрады. Оқушылар ауызша, тез жауап беруі керек. Есеп Жауап (а-4)(а+4) (5а-3)(5а+3) а2-16с2 а2+10а+25 в2-8в+16 | а2-16= 25а2-9= (а+4с)(а-4с)= (а+5)2= (в-4)2= |
Слайд №3. «Ой толғаныс кезеңі» Әрбір тапсырмаға дұрыс жауап тауып, оған сәйкес әріптерден сөз құрастыр. №1 | Тапсырмалар | Жауаптар | Әріптер | 1 | х2-2ху+у2 | 25в2-900с2 | С | 2 | х2-у2 | х2+2ху+у2 | Н | 3 | (3m+8)2 | у-х | А | 4 | 16c2-144 | (х-у)2 | Қ | 5 | х2-4ху+4у2 | (х-у)(х+у) | А | 6 | (5в-30с)(5в+30с) | .(2а+7в)2 | Т | 7 | 4а2+28ав+49в2 | 9m2+48m+64 | З | 8 | -(х-у) | (х-2у)2 | Қ | 9 | (х+у)2 | (4c-12)(4c+12) | А |
№1 | №2 | №3 | №4 | №5 | №6 | №7 | №8 | №9 | Қ | А | З | А | Қ | С | Т | А | Н |
Слайд №4. Сен мұғалімсің! Қатені түзету керек. 16-4х2=(16+4х)(16-4х) 9а2-25в2=(3а+25в)(3а+25в) (2а-3в)(2а+3в)=2а2-3в2 (1-а)2=(1-а)(1-в) (6а+4с)2=36а2+24ав+16в2
Слайд №5. Мына өрнектерді өз бағандарына жаз. (х+у)2 (4х-3)2 81-16х2 (3а-в)2 25-4а2 Екі өрнектің қосындысының квадраты | Екі өрнектің айырмасының квадраты | Екі өрнектің квадраттарының айырмасы | | | |
Слайд №6. «?» белгісінің орнына қандай өрнек жазу керек? а2+2ас+? ?-16ху+64у2 d2+?+81 1-2z+? |
|
Деңгейлік тапсырмалар орындау
| Оқулықпен жұмыс. Әр оқушы өз деңгейінің есебін шығарады Оқулықпен және тақтамен жұмыс қатар жүріп отырады. А №31.4(3) В №32.21(2) С №31.23(1) |
Сергіту сәті - 1 мин
|
|
Сабақты бекіту 5 мин |
Сабақты бекіту . | Сонымен оқушылар қысқаша көбейту формулаларын қалай меңгердіңдер? |
|
Топ жетекшілерінің қойған балдарын талдап оқушыларды бағалау | Топ басшысы бағалау парағындағы критерий бойынша бағалайды. |
Үйге тапсырма 1 мин |
Үйге: 31.34 тақырып А- №31.4(1) В-№32.21(3) С-№31.23(2)
| Оқушылар күнделіктерін ашып, үйге тапсырманы жазып алады. Теориялық материалдарды жаттау,формулаларды қорытып шығаруды білу. |
|
Рефлексия 1 мин | «Бес саусақ» кері байланыс. Оқушылар өз қолын салады да, әрбір саусақта сәйкес жазуларды орындайды. Шынашақ(кіші бөбек)-ойлау процесі; мен бүгін қандай ақпарат не тәжірбие алдым? Аты жоқ саусақ-мақсатқа жету; мен бүгін не істедім және не нәрсеге қол жеткіздім? Ортан терек-көңіл-күй жағдайы; менің бүгінгі көңіл-күйім қандай және ол жұмыс барысына қалай әсер етті? Неліктен? Сұқ саусақ(балаң үйрек)-көмек, қызмет көрсету; мен бүгін кімге көмек көрсеттім? Ол қандай нәтиже берді? Бас бармақ-өзін-өзі бағалай, белсенділік таныту; мен өзімді қалай сезіндім? Неліктен? |