Просмотр содержимого документа
«« Қысқы ағаш »»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы: 23.01.2019 жыл.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі:Сурет салу
Тақырыбы: «Қысқы ағаш»
Міндеттері:
Білімділік: Дайын шыршаның суретіне түрлі-түсті ойыншықтарды салуды үйрету;
Дамытушылық,: тазалыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу;
Тәрбиелік: тазалыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу;
Қолданылатын көрнекі құралдар:демонстрациялық материалдар,шырша,бейне ролик,музыка.
Әдіс-тәсілдер:әңгіме, сұрақ-жауап, тосын сый,ойын жаттығулар, түсіндіру, көрсету.
Қажетті құрал-жабдықтар:шырша суреті, мақталы таяқшалар, бояулар.
Сөздік жұмыс:шырша, әшекей,моншақ.
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Ай да біреу аспанда, Күн де біреу аспанда. Тұратын, міне, елжіреп, Бәрімізде бір жүрек. | Шеңберге дөңгелене тұрып өлең жолдарын қайталайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | -Саябақта не бар екен? -Шырша түстері қандай болады екен? -Шыршаны қалай безендірдік? -Қазір жылдың қай мезгілі? Жұмбақ шешу: Тікен, тікен тік пісте, Қысы-жазы бір түсте. (шырша) Қыс туралы тақпақтар айтады. Қызықты сәт: Топқа қолында шыршасы бар тиін келеді.Мұңайып тұрады. -Тиін сен неге ренжулісің? -Қолыңдағы ненің суреті? Тәрбиеші тиінге шыршаны безендіріп беруге көмектесулерін сұрайды.Шырша шамдарының түсі әртүрлі болатынын айтады.Дөңгелек ойыншықтарды мақта оралған таяқшамен немесе қылқаламмен салу тәсілін көрсетеді.Балалар түстердің атауларын қайталап,естеріне түсіреді. -Дөңгелекті солдан оңға қарай дөңгелете сызу. -Түстерді кезектестіріп бейнелеу -Бояуды біркелкі қағаздан үзбей,таяқшаны баспай жеңіл,көтеріңкі жағу. Балаларға әдіс-тәсілдерді көрсеткен соң, сурет салуға нұсқаулық беріледі. Жұмыс барысында бақылау,жеке нұсқаулық беру,балаларға көмектесу. Сергіту сәті. «Саусақ жаттығуы» Мы сегодня рисовали, Наши пальчики устали. Наши пальчики встряхнем, Рисовать опять начнем. | Балалар сұрақтарға жауап береді -шырша Тиін неге ренжулі екенін ойланады. Өздері қалаған түсті таңдап алып, дайын шырша үлгісіне мақта оралған таяқшамен немесе қылқаламмен дөңгелек ойыншықтарды салады.Ойыншықтармен безендірілген шыршаны тамашалайды. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды |
Рефлексиялық-түзетушілік | Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау. Жаңа жылда,балалар, Тек қуаныш көріңдер. Ауырмаңдар ешқашан, Мықты болу өзіңнен. | Балалар тиінге шыршаны қалай безендіргендерін түсіндіріп береді және мерекеге арнаған өз өнерлерін көрсетеді. Сұрақтарға жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:шыршаны әшекейлеуді;
Қандай түсініктерді игерді: Жаңа жыл мерекесі туралы түсінікті;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктер: мақта оралған таяқшамен немесе қылқаламмен дөңгелек ойыншықтар салуды;