Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 30.12.2019ж.
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Қыс сиқырлы"
Тақырыбы / Тема: " Қыс қызықтары "
Мақсаттары / Цели:
1. Тәрбиелік – воспитательная : Кішіпейілділікке, сыпайылылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая Ойлау қабилеттерін, сөйлеуге,ойын айта білуге дамыту.
3. Оқыту – обучающая : Сөздерді дұрыс ажырата білуге, талдау жасай білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі,
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение суреттер
Көп тілділік полиязычие: қыс-зима,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
ғажайып сәт:
Қонаққа Маша келді, балалармен амандасады, (балаларда қонақпен амандасады)
Маша балалардан көмек сұрап келгенін айтады,қыста далаға шығып ойнайын десе қандай ойындар ойнау керек екенін білмейді екен. көмектесеміз бе?
2.Негізгі бөлім
«Не естідің?» дидактикалық ойыны.
Ойын шарты: аудиотаспадан жануарлардың дауыстарын және балғаның дауысын тыңдатып, ненің дауысы екенін ажырату.
-Сонымен, балалар, естіген дауыстарды тағы қалай айтуға болады?
-Дыбыс.
-Дыбыстар әртүрлі болады. Мысалы: а-а-а деп, а дыбысын созып айтуға болады. Дауыс еркін шығады. Ал енді кейбір дыбыстардың айтылуы қысқа болады. Мысалы: д дыбысы. Кәне, бәріміз осы екі дыбысты жеке-жеке айтып көрейік.
Дыбысты естиміз. Дыбыстар 2-ге бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дыбыстардан сөз құралады.
«Ана» деген сөзге дыбыстық талдау жасалады. Ана сөзі үш дыбыстан тұрады.
«Кім көп біледі?» дидактикалық ойыны.
Шарты: ойынның бірінші кезеңінде балалар дыбыстарды айтып жарысады. Екінші кезеңінде дыбыстардан сөз құрастырып айтады. Көп сөз құраған бала жеңімпаз атанады.
Суреттермен жұмыс:
(зымыран, машина, автобус, қоян, түлкі, тоқылдақ, аю, қарлығаш, торғай, үтік, кресло, шкаф) аттарын айтқызып, әр сөзде қанша дыбыс бар екенін анықтау.
Дәптердегі үзік сызықтарды қосып сызу.
Сөз құрату және дыбыстық талдау жасату. Мысалы: ара сөзі үш дыбыстан тұрады: а, р, а.
Оқушылар аудиотаспадан дыбыстарды естіп, ажыратып айтады.
Балалар толық жауап береді.
Балалар дыбыстарды айтады. Дауысты дыбыстары еркін айтылатынын, ал дауыссыз дыбыстары өзін созып айта алмайтындарын, оны созатын болсақ қасына тағы бір дыбыстың қосылатынын айту. Бірақ ол дұрыс емес,біз олай айтпаймыз.
Балалардың өздері сөз құрайды.Сұрақтарға толық жауап береді.
Көп тілділік полиязычие: сөз-слово- the word,дыбыс-звук- sound
Сергіту Сәті: "Күн қандай шуақты"
Балалар Машамен бірге көңілді қимылды ән орындайды. Тыныс алу жаттығуы орындалады.
Маша балаларға көп рахметін айтып қоштасып кетеді.
Жеке жұмыс: Алина мен Айланадан дыбыстармен талдау жасағанда мұқият болуын сұрау. Бейбарыспен қиын сөздерді бірнеше рет қайталау.
3.Қортынды
-Балалар, дыбыс деген не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді, ата?
-Буын деген не? Бірнеше дыбыстардан не құралады? (Сөз)
Балалардың жауабы. Балаларды мақтап-мадақтау.