Мотивациялық- қозғаушылық | – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазір жылдың қай мезгілі? Ауа райы қандай? – Дұрыс, қазір қыс мезгілі. Қыста ауа райы суық болады. Қар жауады. Балалар қармен ойнайды. Енді мен сендерге осы қыс мезгілі туралы өлең оқып берейін, сендер мұқият тыңдап отырыңдар. | – Сәлеметсіз бе? – Қыс мезгілі. Ауа райы суық. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | Аяз қысып, өрнек сызып, Терезеңді торлайды. Қарға омбығып, бет домбығып, Сырғанап жастар ойнайды. Бөбектерім айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? ( Ш. Ахметов) № 18 демонстрациялық материалмен жұмыс. – Балалар, жылдың қай мезгілі суреттелген? – Далада не жауып тұр? Қар-снег. – Балалардың киімдері қандай? Балаларға өз ойларын айтуға мүмкіндік береді. Қыста балалар немен сырғанайды? – Суретте Сәбит Айгүлді шанамен сырғанатып жүр. Айгүл көңілді ме? – Не үшін көңілді? – Арман мен Асқат не істеп жатыр? – Аққала қандай? Аққала – қардан соғылған домалақ қыс кейіпкері. Иә, балалар қысқы серуенді өте көңілді өткізіп жатыр. №18 үлестірмелі материалмен жұмыс Шарты: аққала мен шыршаны жабыстыру. Сергіту сәті: (Орынындарында тұрып жүгіреді). «Қыста не болады?» дидактикалық ойыны. Шеңбер құрып тұрады. Допты бір-біріне лақтырып бере отырып, қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтады.Тәрбиеші көмек беріп тұрады. | Балалардың жауабы: – Қыс мезгілі. – Қар жауып тұр. Қар-снег. – Жылы киінген. – Шанамен сырғанайды. – Көңілді. – Оны ағасы шанамен сүйреп жүр. – Аққала соғып жатыр. – Аққала – үлкен, аппақ, домалақ. Аққала мен шыршаны жабыстырады. Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды. Допты бір-біріне лақтырып бере отырып, қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтады. |
Рефлексиялық- түзетушілік | – Балалар, мына суретте не бейнеленген екен? – Жылдың қай мезгілі екен? – Балалар немен ойнап жүр? – Өлең не туралы? | Балалар сұрақтарға жауап береді. |