«Қыстап қалған құстар» тақырыбындағы ашық сабақ
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:05.03
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Қыстап қалған құстар»
Мақсаты: Балалардың қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту,
білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Құстар туралы ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Құстардың суреттері.
Әдіс тәсілдері: Ой қозғау, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, тосын сый, ойын, ой жүгірту.
Тәрбиешінің әрекеті
Ұйымдастыру “Жылулық шеңбері” Психологиялық дайындық
-Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетіне қатысуға қонақтар келіп отыр.
Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік.
Арайланып таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жайнап түсті гүліміз
Қайырлы күн балалар
Қайырлы күн қонақтар
-Жақсы балалар, енді орнымызға отырайық
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады
Балалар, қазір мен сендерге сурет жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың шешуі арқылы оқу қызметінің тақырыбын анықтаймыз.
Жұмбақтар:
Сурет арқылы жұмбақ жасыру
Балалар, жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар,
Балалар құстар неше топқа бөлінеді?
Дұрыс , ендеше біз құстар туралы, соның ішінде қыстайтын құстар туралы әңгімелейміз.
-Балалар мына құстардың атын атап жіберейікші.
-Ал енді балалар біздің жақта қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер?
-Суреттен сол құстарды табайықшы, кәне кім көрсетеді?
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Қысқы құстарға: қарға, көгершін, сауысқан, торғай жатады екен.
-Балалар жылы жаққа ұшпайтын, суыққа төзімді құстарды қысқы құстар деп атаймыз. Қысқа қарай олардың қауырсындарының астындағы мамық жүндері қалыңдайды, сондықтан олар суықта тоңбайды, төзімді болады.
-Балалар, осы құстар қыста немен қоректенеді, не жейді деп ойлайсыңдар?
Кәне балалар назарларынды теледидарға аударындар.
Көрдің дер ме?
Балалар кейбір ағаштар мен бұталарда қураған жапырақтар сақталып қалады құстар соны азық етеді. Қыста оларға қар астынан дән тауып жеу өте қиын, сондықтан олар үйдің маңайына ұшып келеді.
Адамдар, балалар құстарға жемшашар жасап, оған нанның қоқымын, жем салып қамқорлық көрсетеді.
Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде құстар патшалығы болыпты. Патшалықты басқаратын ханзада және ханшайым болыпты. Құстар патшалығының ханшайымы бізге тосын сый беріп жіберіпті.
Құстар патшалығының ханшайымы
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Мен құстар патшалығының ханшайымымын.
Құстар тақырыбында ашық оқу қызметі өтіпсздерге өзімнің сиқырлы сандықтарымның біреуін беріп жібердім..
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі сандықшалар!
– Сандықтың ішінде не бар екен?–
Балалар сендер қалай ойлайсындар
міне қандай керемет , балалар мынау ненің дауысы?
Әрине құстардың дауысы.
Кәне балалар сандықтың ішінде тағы не бар екен?.
Сандықтың ішінде тапсырмалар бар екен
Балалар ханшайымның тапсырмасын орындаймыз ба?
Өте жақсы
1 тапсырма: Менің қысқы құстарым туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Жарайсыңдар, балалар!
1-ші тапсырманы өте жақсы орындадыңдар!
Балалар мынау екінші тапсырмасы екен соны да орындап көрелік.
2 – тапсырма: бұл ойын екен алдарыңызда «Сиқырлы дөңгелек бар» сол дөңгелекте аралас құстардың суреттері бар , біз қыстап қалған құстарды қыстырғыш арқылы анықтаймыз.
Керемет балалар сендер екі тапсырманы жақсы орындадыңдар
Балалар, шаршаған боларсыңдар сергіту жаттығуларын жасайық.
– Торғайларға ұқсайық,
Кәне, қанат жайайық.
Торғай боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық
Кәне сандықтың ішінде тағы не бар екен , міне балалар тағы бір тапсырма қалып қойыпты. Соны орындаймыз ба?
Жарайсындар балалар сендер менде ақылдысындар және тапқырсындар.
3 тапсырма: қыстап қалған құстарға үй салып беру керек дейді.
Балалар саламыз ба?
Жақсы міне, алдарында ақ парақ осыған өздеріннің қиялдарындағы құстың ұясын салыңыздар.
-Жарайсыңдар, балалар! Сендер 3- ші тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар!
Жақсы сонымен құстар адамдарға кім болады?
Дұрыс айтасындар
Біз құстарды қалай күтіп, көмек беруіміз керек.
Әрине
Сонымен қортындыла келе мына тапсырманы орындасандар алдарыңызда жылы мезгіл мен суық мезгіл ілініп тұр,
Қолдарыңыздағы құстады айыра екі мезгілге жабыстырамыз.
–Балалар , сендер қыстап қалған құстар туралы көп тақпақ тиым сөз біледі екенсіңдер. Сендер менің құстарыммен дос екенсіңдер! Құстарды қорғап, қамқорлық көрсетеді екенсіңдер. Мен сендерге өте риза болдым.
-Балалар сендерге салған сыйлығым бар еді соны сандықтын түбінен тауып алып апайларын таратып берсін,
-Сау болыңдар
Рефлексия : Менің алдымда қол білездіктері жатыр ол білездікте суреттер бейнеленген
Сол суреттер арқылы оқу қызметімізді аяқтаймыз
Тәрбиеші: -Балалар барлығың бүгінгі оқу қызмектінде өте жақсы қатыстыңдар. Өздеріңнің білімді, зерек, алғыр, тапқыр балалар екендіктеріңді көрсете білдіңдер.
-Балалар келген қонақ апайлармен
қоштасайық.
Келген қадамдарыңызға гүл бітсін! Деген ізгі тілекпен оқу қызметімізді аяқтаймыз.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Өлкемізде қыстап қалатын құстардың түрлерін және олардың қысқы тіршілігін.
Түсінеді: Қысқы құстар және оларға қамқорлық жасау туралы тақпақтар, тиым сөздер айтуды.
Қолданады: Қысқы құстарға қамқорлық жасауды.