«БҚОӘББ Жоғары аграрлық-техникалық колледж» МКҚК
©go.mail.ru
«БЕКІТЕМІН»
Колледж директорының
ТЖ бойынша орынбасары
_______ Н.Г. Хайруллина
«____» ____________2020ж.
ДайындағанСТ321 топ жетекшісі А.Қ. Исатаева
СТ321 топ студенттері
ОРАЛ – 2020жыл
«Қыздарға әсемдік жарасады» атты қыздар сайысы
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
1 жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаздар, қонақтар! Сіздерді көктемнің тамаша бір мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз! Аяулы аналарға ұзақ та бақытты ғұмыр, отбасыларына амандық пен қуаныш тілей отырып, қазақ ұлтының салт-дәстүрін ұлықтаушы ол қашанда қазақ аруы екенін, қазақ әйелі екенін айта кеткім келеді.
2 жүргізуші: Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде
Ия, Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б. жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу мақсатында бүгінде колледж аруларының арасында сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Қыздарға әсемдік жарасады» атты қыздар байқауына қош келдіңіздер!
1 жүргізуші: Бүгінгі «қыздарға әсемдік жарасады» атты байқауды ашуға колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хайруллина Назира Гайсиевнаға беріледі. (сөйлеп болған соң)
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады) аруларымызға қошемет көрсетіп отырайық
2 жүргізуші:
1ші нөмірлі аруымыз МГ211.1 топ студенті Сагитова Ақжарқын
2ші нөмірлі аруымыз: ҚТ 111.1 топ студенті Абулхайрова Гүлназ
3ші нөмірлі аруымыз: ТЖ111.1 топ студенті Избасова Аружан
4ші нөмірлі аруымыз: МГ311.1 топ студенті Кусенова Камила
5ші нөмірлі аруымыз: СТ611.1 топ студенті Нөкешова Гүлфайруз
6шы нөмірлі аруымыз: ТЖ123.1 топ студенті Ханатова Милена
1 жүргізуші: Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Сәлем – сөздің анасы » әр ару өзін таныстырады
(қатысушылар өздерін, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Қыз еркем – кестесімен көркем» қыздарымыз көрермендер алдында кестелеп өз шеберліктерін көрсетпек
(Әр қыз кесте тігіп, ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» Аруларымыз қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашады
(Аруларымыз қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашады)
4. «Ас - адамның арқауы» бұл байқауда қыздар өзденінің үйден дайындап алып келген тағамдарымен таныстырады
(бұл байқауда қыздар өзденінің үйден дайындап алып келген тағамдарымен таныстырады)
5. «Өнерлі өрге жүзер» Аруларымыз өз өнерін көрсетеді
(Аруларымыз өз өнерін көрсетеді)
6. «Зерделінің ойы озық» арулар тез арада сұрақтарға жауап беріп, тапсырмада берілген бір мақалмен аяқтайды
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып біз қояйық.
Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. менеджмент бөлімінің меңгерушісі - Ұлғаным Айгалиевна
2. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы – Тамара Булатовна
3. Қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушысы - Айымгүл Алтынбековна
2 Жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып. Сөз кезегін қыздарымызға берелік...
(қыздар өздерін таныстырып болған соң)
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз (арулардың есімдерін оқып шығамыз)
1ші нөмірлі аруымыз Сагитова Ақжарқын
2ші нөмірлі аруымыз: Абулхайрова Гүлназ
3ші нөмірлі аруымыз: Избасова Аружан
4ші нөмірлі аруымыз: Кусенова Камила
5ші нөмірлі аруымыз: Нөкешова Гүлфайруз
6шы нөмірлі аруымыз: Ханатова Милена
Аруларымызға рахмет. Келесі кезеңге дайындалу үшін сахна сыртына шығарып салайық. Ендеше, Аналарымыздың мерекесіне орай алдарыңызда халықаралық «ЖАС ДАРЫН» байқауының 1 орын иегерлері «Еркемай» вокалдық , мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушілерінің орындауында хор «Ана туралы поппури», жетекшісі Мырзабекова АйданаМырзабекқызы,
1 жүргізуші:
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білгін ізгі салтын деп біздің аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады. «Қыз еркем – кестесімен көркем» атты байқаудың ІІ кезеңіне көшеміз Бұл кезеңде әр ару қыз өзінің қолынан көрермендер алдында отырып кесте тігіп өз өнерлерімен тәнті етпек . ендеше аруларымызды ортаға шақырамыз. (қыздар орналасып болған соң) Қыздарымыз жұмыстарын аяқтағанша көрермендермен жұмыс жасағалы отырмыз.
Құрметті қонақтар, баршамыз экранға назар аударамыз.
1. Асар дегеніміз не? (жауаптан соң) Асар - қазақы ортада ауқымды да күрделі жұмыстарды ауылдас-руластарының - жетіаталық ру-қауымның негізгі құрамдас бөлігі біраталардың бірлесе атқару харекетінің атауы. Мысалы, егіншілік дамыған өлкелерде арық, кәріз қазу, тазалау секілді суландыру жүйесіндегі жұмыстарды, сондай-ақ, үй тұрғызу, қора-қопсы салу сияқты құрылыс жұмыстарын асар жасау арқылы атқарған.
2. Енші деген не? (жауаптан соң) Енші — қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті үлесі. Еншіні үлкен ата, әке, олар жоқ болса, ұлдың үлкені бөледі. Қара шаңырақ пен ата-ана кенже баланың қолында қалады. Дәстүр бойынша ұлдың үлкені әке дәулетінің үштен біріне, кенже екіден біріне, ортаншылар төрттен бір үлесіне ие болады.
3. Байғазы деген не? (жауаптан соң) қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны, көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер Байғазы (ақша, малдың төлі, т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, ізгі тілек білдіреді.
4. Көрімдік деген не? (жауаптан соң) Көрімдік– қазақ салтында жаңа киім киіп, мүлік aлғанда, жаңа үйге кіргенде, жетістікке қол жеткізгенде туған-туысқан, жора-жолдастарының жасайтын кәдесі. Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып, беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.
5. Бастаңғы деген не? (жауаптан соң) Бастаңғы — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасалады.
6. Сыбаға деген не? (жауаптан соң) Сыбаға – құрметті қонаққа немесе жақын-жуыққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері, тағам. Мәселен ақсақалдарға, құдаларға, т.б. жолы үлкен адамдарға бас, жамбас, жая, ірі малдың омыртқалары сияқты мүшелері тартылады.
7. суреттегі не? (шолпы, шашбау)оны не себептен таққан? (жауаптан соң) Қоңыраулы шолпы таққан қыздар қатты күлсе, шолпы сыңғырлап, оқыс қимылдарға тосқауыл болған. Шолпы арқаны түзу ұстап, сәнді жүруді үйрететін модель мектебінің рөлін атқарған. Шолпының ауыр салмағы басты ауыртпай, емдік қасиетке ие болған. Шолпы, шашбау сыңғыры қыз баланың үйге қарай келе жатқанынан хабар беріп, үлкендер жинақтала бастаған. Шолпы салмағының әсерінен шаш ұзын боп өскен. Шолпыны да, шашбауды да бұрым тарқатылмай жинақы болып тұру үшін таққан. Ұзын шаш қазақ түсінігінде айрықша киелі нәрсе болған. Сондықтан шаш өруге де айрықша дайындықпен келген. Шашқа тағылатын әшекей сыйлағанда бір-біріне "Шашың ұзын, қалың болсын!" деген тілек айтқан.
1 жүргізуші: қыздарымыз өз жұмыстарын әділқазылардың алдына апаруларын сұраймыз. (біраздан соң) рахмет, ендеше аруларымыздан сахна төрінен табылуын сұраймыз.
Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз
1ші нөмірлі аруымыз Сагитова Ақжарқын
2ші нөмірлі аруымыз: Абулхайрова Гүлназ
3ші нөмірлі аруымыз: Избасова Аружан
4ші нөмірлі аруымыз: Кусенова Камила
5ші нөмірлі аруымыз: Нөкешова Гүлфайруз
6шы нөмірлі аруымыз: Ханатова Милена
1 жүргізуші:
Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей байқаудың ІІІ кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі алдымен киіз үйдің ішіндегі қағаздарды суырыңыздар ал ендеше бірінші аруымыз Сагитова Ақжарқын (оқып жауап береді)
2ші нөмірлі аруымыз: Абулхайрова Гүлназ(оқып жауап береді)
3ші нөмірлі аруымыз: Избасова Аружан (оқып жауап береді)
4ші нөмірлі аруымыз: Кусенова Камила (оқып жауап береді)
5ші нөмірлі аруымыз: Нөкешова Гүлфайруз (оқып жауап береді)
6шы нөмірлі аруымыз: Ханатова Милена (оқып жауап береді)
1. «Қыздың жиған жүгіндей»
Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан
2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Біздің халқымызда «қыз» деген сөзді әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.
3.«Қызға қырық үйден тыйым»
Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.
4.«Біреудің ала жібін аттама».
Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.
5.« Шеше көрген тон пішер»
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.
6. «Қыз жат жұртқа жаратылған»
Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.
7.«Қызым – үйде, қылығы – түзде»
Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.
Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз
1ші нөмірлі аруымыз Сагитова Ақжарқын
2ші нөмірлі аруымыз: Абулхайрова Гүлназ
3ші нөмірлі аруымыз: Избасова Аружан
4ші нөмірлі аруымыз: Кусенова Камила
5ші нөмірлі аруымыз: Нөкешова Гүлфайруз
6шы нөмірлі аруымыз: Ханатова Милена
2 жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында. Демекші біздің аруларымыз тамаша аспаз екен. Оны олар
«Ас - адамның арқауы» атты байқау кезеңінде көрсетпек. Аруларымызға үйден тағамның бір түрін жасап, оның атауы мен пайдасы туралы әділқазыларға таныстыру керек болған. Ендеше бірінші нөмірлі аруымыз 1ші нөмірлі аруымыз Сагитова Ақжарқын. Әділқазыларға жақындап, айтып берсеңіз (таныстырады)
2ші нөмірлі аруымыз: Абулхайрова Гүлназ
3ші нөмірлі аруымыз: Избасова Аружан
4ші нөмірлі аруымыз: Кусенова Камила
5ші нөмірлі аруымыз: Нөкешова Гүлфайруз
6шы нөмірлі аруымыз: Ханатова Милена. (әділқазыларға апарып, таныстырады)
(барлығы болған соң келіп орындарына тұрады) аруларымыздың өз орындарыңыздан табылуларыңызды сұраймыз
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз. Рахмет. Келесі кезеңе дайындалуға аруларымызды сахна сыртына шығарып саламыз.
Келесі кезекті әнге берелік.
СТ321 топ студенті Жұбатова Нұресен «Аппағым»
1 жүргізуші:
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білгін ізгі салтын дей келе ІV кезең «Өнерлі өрге жүзер» кезеңіне жолдаймыз. Бұл кезеңде арулардың өнерлері тамашаланады. Сахнаға 1ші нөмірлі аруымыз Сагитова Ақжарқын
2ші нөмірлі аруымыз: Абулхайрова Гүлназ
3ші нөмірлі аруымыз: Избасова Аружан
4ші нөмірлі аруымыз: Кусенова Камила
5ші нөмірлі аруымыз: Нөкешова Гүлфайруз
6шы нөмірлі аруымыз: Ханатова Милена (өнерлерден соң) Аруларымызды ортаға шақырамыз. Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз.
1ші нөмірлі аруымыз Сагитова Ақжарқын
2ші нөмірлі аруымыз: Абулхайрова Гүлназ
3ші нөмірлі аруымыз: Избасова Аружан
4ші нөмірлі аруымыз: Кусенова Камила
5ші нөмірлі аруымыз: Нөкешова Гүлфайруз
6шы нөмірлі аруымыз: Ханатова Милена аруларымызға рахмет
2 жүргізуші:
Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың, Қанатын самғаған.
Балалық құштарым, Өзіңе арнаған демекші Ана туралы ән-жыр шумақтары сансыз. Ана туралы жырламаған еш ақын жоқ шығар сірә... олай болса келесі тыңдайтындарыңыз Арайлым Қобландықызының «Анашым» әні... тамашалаңыздар
(әннен соң)
1 жүргізуші: «Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. «Зерделінің ойы озық» – деп, аталатын бұл кезеңде әр аруға 10 тапсырма оның ішінде 9ы сұрақ болса 10шысы аталған тақырыпқа мақал айту. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
1 жүргізуші:
1ші нөмірлі аруымыз Сагитова Ақжарқынның сұрақтары.
1. Еңліктің серігі? (Кебек)
2. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)
3. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
4. «Ана тілі – арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)
5. Қазақстандық әйгілі биші анамыз? (Ш. Жиенқұлова).
6.Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
7. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).
8. Әнші Нағима… (Есқалиева)
9.Ботаның анасы? (түйе).
10. Бала туралы бір мақал айтыңыз.
2 жүргізуші:
2ші нөмірлі аруымыз: Абулхайрова Гүлназ сұрақтары.
1. Төлегеннің серігі? (Жібек)
2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
4. Аллада не жоқ? (бауыр)
5. Қазақстанның әйгілі ақыныжайықтың ақ шағаласы? (А.Бақтыгереева).
6.Әйгілі күйші – анамыз? (Дина Нүрпейісова).
7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
8. Халқымыздың батыр қыздары? ( Әлия, Мәншүк )
9.Тай, құлынның анасы? (Бие).
10. Ана туралы бір мақал айтыңыз.
1 жүргізуші:
3ші нөмірлі аруымыз: Избасова Аружанның сұрақтары.
1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)
2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
4. Қазақстанның Президенті кім? (Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев)
5. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б. Төлегенова).
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
7. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).
8. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
9.Қошақанның анасы? (қой).
10. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.
2 жүргізуші:
4ші нөмірлі аруымыз: Кусенова Камиланың сұрақтары
Шілдехана қандай дәстүр?
Жүннен жасалған бұйым (Киіз)
Сәндік бұйым жасайтын адам? (Зергер)
жиен кім? (күйеуге шыққан қыздан туған баласы)
Ұлыс күні жасалатын тағам? (Наурызкөже)
Түйенің сүті? (Шұбат)
Қыста жейтін малдың етін не деп атайды? (Соғым)
Қазақ қыздарының бас киімі (Сәукеле)
Екі ақынның сөз өнерімен сайысы (Айтыс)
Білім туралы мақал айтыңыз
1 жүргізуші:
5ші нөмірлі аруымыз: Нөкешова Гүлфайруздың сұрақтары.
1. Ас атасы (нан)
2. Анаңның бауырлары (нағашы)
3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С.Назарбаева)
4. Жиреншенің әйелі (Қарашаш)
5. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім? (М.Шаханов)
6. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем)
7. Жарға тұтылатын зат (кілем)
8. Жылқыда не жоқ (өт).
9. « Сұлу » сөзінің синонимі ? ( көркем, әдемі)
10. Туған жер туралы мақал айтыңыз
2 жүргізуші:
6шы нөмірлі аруымыз: Кусенова Милена сұрақтары.
1.Әйел есімімен қай планета аталады? (Венера планетасы )
2. Киелі құс (аққу)
3.Тігінші құралы ( ине)
4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)
5. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)
6. Тіршілік иелерінің моторы (жүрек)
7. Көздің суы (жас)
8. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)
9. Қобыландының жары ( Құртқа)
10. Денсаулық туралы мақал айтыңыз
2 жүргізуші:
6-шы кезең бойынша аруларымыздың ұпайлары.
1ші нөмірлі аруымыз Сагитова Ақжарқын
2ші нөмірлі аруымыз: Абулхайрова Гүлназ
3ші нөмірлі аруымыз: Избасова Аружан
4ші нөмірлі аруымыз: Кусенова Камила
5ші нөмірлі аруымыз: Нөкешова Гүлфайруз
6шы нөмірлі аруымыз: Ханатова Милена
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
«Қыздар - ай» әні. Орындайтын Жолдығулов Сырым
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.
VII Қорытынды:
2 жүргізуші: Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Сонымен қатар осындай аруларды тәрбелеп отырған асыл аналарымыз отыр бұл залда. Сол аналарға да шағын сыйлықтарымыз бар. Қабыл алыңыздар Оларға үлкен алғыс. Мерекелеріңіз құтты болсын!
1. «Қыздың жиған жүгіндей»
2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
3.«Қызға қырық үйден тыйым»
4.«Біреудің ала жібін аттама».
5.« Шеше көрген тон пішер»
6. «Қыз жат жұртқа жаратылған»
7.«Қызым – үйде, қылығы – түзде»