СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әлем дискурсындағы «шаңырақ» концептісі − лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистиканың бірлігі

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Әлем дискурсындағы «шаңырақ» концептісі − лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистиканың бірлігі»

ӘЛЕМ ДИСКУРСЫНДАҒЫ «ШАҢЫРАҚ» КОНЦЕПТІСІ − ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ ЖӘНЕ КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ БІРЛІГІ

Куштаева М.Т.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жаңабергенова Г.Ғ.

7М02304–«Филология» білім беру бағдарламасының магистранты



Қазақ тілінде когнитивті концепт ретінде зерттелініп жатқан «шаңырақ» концептісі этнография ғылымының негізгі объектісі болғандықтан, оның тілдегі көрінісі, ақпараттық берілу бірліктері тікелей лингвистикалық этнографиямен байланысты. Лингвистикалық этнография табиғи тілді парадигматикалық сипатта, яғни адам қарым-қатынасындағы контекстке қатысты ақпараттық сөздерді түбегейлі зерттеуді, қолданыстағы кез келген сөздердің мәнділігін, мүмкіндігін ашуға көңіл бөлу қажет екендігін басты назарда ұстайды. Мысалы, сөздің болмаса пайымдаудың мағынасы олардың қолданылу жағдаяты оның сол кездегі жағдайымен , мән мәтіннен ажырамас бірлікте қарастырылады.

Адамның мәдени тәжірибесі қаншалықты аз болса, оның тілі, сөздік қорының концептілік өрісі соншалықты жұтаң болады. Концепт сөз мағынасын ауыстырып қана қоймайды, ол сонымен қатар сөз мағынасын түсінудегі айырмашылық пен келіспеушілікті жойып, қарым-қатынасты жеңілдетеді және мағынаны кеңейтіп, ойлауды жалғастыруға, қиялдауға және сөздің эмоционалдық аурасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Концепт адамның жеке тәжірибесінде қалыптаспайды және барлық адамдар тең дәрежеде ұлттық тілдің концептілік өрісін байытуға қабілеті жоқ. Сондықтан концепт жасауда халық ауыз әдебиетінің түрлі салалары (мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, шешендік сөздер, жұмбақтар, т.б.) мен өкілдерінің, жазушылар мен ақындардың белсенділігі айрықша болады [1,11].

Қазіргі таңда когнитивтік лингвистиканың негізгі термині болып табылатын концепт ұғымы кеңінен зерттелінуде. Өйткені әлем бейнесін когнитивтік тұрғыдан зерттеуде аталған ұғым аса маңызды рөл атқарады. Концепт ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналады. Ол – этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін күрделі құрылым. «Мәдениетаралық байланыста өзінің ұлттық ерекшеліктерін, ділін, өзге мәдениет өкілдеріне таныстыру және сол арқылы өзі де ерекшелігін сезініп, тереңірек ұғынып, өзіндік баға беру қазақ халқының тарихында ерте кезден басталды. Маңызды концептілер ұлттың тілімен, мәдениетімен бірге игерілгендіктен олардың бірқатары бірден «білініп тұрады». Ал кейбірі талдау негізінде анықталады», - дейді М.Абдрахманова өзінің мақаласында. [2,6]. Көптеген этностарға ортақ, «бірден білініп тұратын» концептілерге «бақыт», тағдыр», «уақыт», «махаббат», «сезім», «достық», «табиғат» т.б. концептілер жатса, белгілі бір этносқа ғана тән, сол этностың ұлттық дүниетанымын бейнелейтін «тары», «қамшы», «босаға», «шаңырақ», «келін» және т.б. көптеген концептілері бар. Бұлардың барлығы этностың ұлттық ерекшелігі мен тәжірибесіне, аялық біліміне байланысты ғаламның тілдік бейнесін жасайды.

Адам өзінің барлық танымдық әрекетіне дүниені тануға бағытталған бір дамушы үрдіс ретінде қарау керек, себебі бұл әрекеттер объектінің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратудан басталады. Осы әрекеттердің нәтижесінде концепт қалыптасады. Концептіні анықтау үшін дүниенің кейбір ерекшеліктері мен заттық құндылықтары, олардың объектілермен қатынасы, олардың қызметі мен оларға берілген ұлттық сананың сипаты әрі бағасы айқындалуы қажет. Концептілік ұғымға ие болу үшін белгілі бір ұлттың қолданысындағы сөздер сол ұлттың ғасырлар бойғы мәдениетімен, дәстүрімен, дінімен, тілімен тығыз байланыста қолданылып, белгілі бір ұлттық-мәдени дәрежеге жетуі керек. Ұлт мәдениеті, діні, салт-дәстүрі және тілімен біте қайнасып, ұлттың болмысын бойына сіңірген танымдық түсінік беретін сөздер тілімізде өте көп. Солардың бірі – шаңырақ концептісі.

Қазақ халқының ұлттық дүниетанымындағы «шаңырақ» ұғымы концептілік қасиетке ие. Бұл концепт кез-келген этнос тілінде қалыптасқан. Қазақ халқының дүниетанымында, болмысы мен тіршілігінде, оның «ғаламдық бейнесінде» шаңырақ ұғымы іргелі концептілер қатарына жатады. Шаңырақ – ұлттың концептуалды дүниетаным әлемін қалыптастыратын маңызды категориялардың бірі.

Шаңырақ, түндүк, тооно (башқ. сағырағ, қаз. шаңырақ, қырғ. түндүк, бур., моңғол. тооно) - киіз үй күмбезін кереге көзді крестімен дөңгелек ішінде қоршалана аяқталған конструктивті элемент. Күмбездің бүйір элементтерін - уықтарын ұстап тұруы үшін, ойықтан күн жарығының сәулесі пайда болуы үшін және ошақ түтіннің сыртқа шығуына орай арналады.

Сөздің түпкі төркіні моңғол тілдерінен деп жобалаймыз. Жазба моңғол тілінде -"чағарыг", қазіргі моңғолдарда - "цагариг", буряттарда - "сахари" тұлғалары біздегі "шеңбер", "құрсау" орнына жұмсалады. (ССТМЯ,1977,378) [10.35].

Моңғолдарда осы тұлға басқа түркі тілдеріне өткенде шеңбер қалпындағы заттарға атау болып табылғандығын мына деректер анықтайды: якут тілінде "күмбез" мағынасын "чампырық" тұлғасы берсе (Э.Пек.,СЯЯ,1959,3567), бізде киіз үйдің жабдығының бірі - шаңырақ. Осыған қарағанда, қазақтар қолданып жүрген "шаңырақ" - "шеңбер" баламасы.(292-б, БЖБС, 1994) [3.37].

Қазақ халқы қай кезде де ұлттық дәстүрді дәріптеген халық. Ата-бабаларымыз өмір сүрген сонау тарихи жылдардан сары майдай сақталып күні бүгінге дейін жеткен қазақ халқының төл құндылықтары қаншама. Этномәдени құндылықтарымызға тереңнен бойлай қарайтын болсақ тамырының тереңдігіне көз жеткіземіз. Мәселен, «Шаңырақ» атауын мәдени концепті деп тани аламыз. Себебі, ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз. Шаңырақ – киіз үй мен көк әлемнің арасын қосып тұратын қасиетті ұғым.

Шаңырақ тоғын, күлдіреуіш және кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғын дегеніміз – кәдімгі шаңыраққа дөңгелек түр беретін шеңбер. Тоғынның сүйегі қайыңнан жасалады. Оны оюлап өрнектейді және айналдыра жиілетіп уық кіргізетін ойықтар жасайды, уық қалам тәрізді үшкірленетін болғандықтан, оны «қаламдық» дейді. Ал, күлдіреуіш шаңырақтың күмбезін жасайды, кепілдік күлдіреуіш орнынан қозғалып кетпес үшін қойылады.

Қазақ шаңырағында әуелі әке, сосын ана осы отбасының ұстазы болмақ. Ата-анасы отбасында имандылыққа тәрбиелесе, ол бала тіл алғыш, адал, үлкен-кішіге қамқор болып өседі. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлауынан, қадірлеуінен, әсіресе, баланың қартайған әке-шешелеріне қамқор болуынан көрінеді. Үлкен балалары отау тігіп, бөлек шыққанда ең кенже ұл (кіші ұлы) әкесімен бірге қалады. Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып қағатын, көне салт бүгінгі Қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған. Әке-шешені асырау кенже ұлдың міндеті. Әкесі бар кезінде де немесе ол қайтыс болғаннан кейін де осы үй «қара шаңырақ» деп аталады. Бұл «үлкен үй» деген мағынаны білдіреді. Егер «қара шаңырақ» батыр, би, әулие, молда, сыйлы кісілердің үйі болса, онда сол ауылдың адамдары алыс сапарға шықса немесе алыстан адам келсе сол үйден ырым қылып дәм татады [11.37].

«Шаңырақ» концептісі - аясы кең ауқымды сөз.

Концептінің құрылымдарын жинақтап, оны бір салаға біріктіретін жүйе –концептілік өріс деп аталады. Концептілік жеке сөздер өріс жеке бір адамның, бүкіл бір топтың, тұтас бір халықтың мәдени дәрежесін айқындайтын концептілердің арасындағы байланысты қарастырады [4]. Осымен байланысты «шаңырақ» концептісінің тілдік экспликациясы ретінде жеке сөздер, символдар, фразеологизмдер, тұрақты теңеулер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, шығармалардың аттары да қамтылады.

Шаңырақ концептісін зерттеулер барысында шешендік сөздерде қолданылатындығына тағы бір мәрте көз жеткіздім. Шаңырақ сөзінің тұғыры биік сөз екендігін бізге жеткен Қорқыт, Төле би, Сырым билердің шығармаларынан да байқадық. «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанған Төле би «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезінде ел ауғанда Төле үйін жықпай, қасиетті жұртын қимапты. Сонда жоңғарлық әскербасы Төле биден көшпей қалудың себебін қиыла сұрапты.

- Шаңырағыма бір бейкүнә қарлығаш ұя салып еді, ол жер бетін топан суы басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап қалған.Жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда қызғыштай қорғаған құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын зарлатып кете алмадым – дейді дана туған Төле би. Төле бидің бұл шығармасынан адам болсын, құс болсын мейлі шаңырақтың алатын орны ерекше екендігін насихаттаған [6-48]. Осындай өнегелі рухани мұраларымыздың бірі Сырым бидің қанатты сөздері. Бірде Сырым би Мөңке бидің аулына келсе, оның құдалары да келіп жатыр екен. Атақты билер бір-бірімен төс қағыстырып амандасады. Дастарқан батасын Сырым: «Алты шаңырақтың іргесі ажырамасын, әумин» - деп жасайды.Сырымның нені меңзегенін түсінбеген құданың ыңғайын сезген Мөңке былайша түсіндірген: «Құдай қаласа, біз құдандалы ағайын болғалы отырыз. Екеуміздің баламыз қосылып, ата жолын жалғастырады. Сенің балаң маған келін болып түседі, ол үш шаңыраққа ие болады, бірінші – төркіні, екінші – қайын жұрты, біздің шаңырақ, үшінші – нағашы жұрты. Менің балам сізге күйеу бала болады, оның да әлгіндей үш жұрты болады, демек, екі бала қосылғанда алты шаңырақ жақындасады.Сырымның жаңа берген батасы – осы алты шаңырақтың іргесі ажырамаса біздің ағайындығымыздың мәңгіге кеткендігі. Осы алты шаңырақ ажыраспаса алты рулы елдің тұтастығы, бізге де керегі осы емес пе ? » - дейді [5,67].

Кең мағынада концепт құрылымын шеңбер ретінде елестетуге болады, оның орталығында негізгі ұғым, концепт ядросы болады да, ал перифериясында мәдениет, дәстүр, халықтық пен жекелік тәжірибе арқылы танылғандар болады.

Ядро – осы не өзге лексеманың сөздіктегі мағыналары. Периферия – субъективті тәжірибе, коннотациялар, ассоциациялар, лексеманы құрайтын түрлі прагматикалық құрамдастар.

Ядро - "шаңырақ" концептісі фразеологиялық оралымдарда жиі кездеседі. Мысалы,

- шаңырағына ат ойнатты - шаңырағын қиратып, түндігін тілді (ортасына түсірді). Астан - кестеңін шығара ойрандады, әлек салды. "Расымен - ақ біреу осы нәрестеге де қол көтерер ма екен? Кімнің бұл шаңырағын қиратып, түндігін тіліп еді"- деді ол ішінен (І.Есенберлин).

- шаңырағың биік болсын! Үй көтергенде, үй тіккенде, үй болып бөлініп шыққанда айтылатын тілек.

- шаңырағы ортасына түсті. Отауы бұзылды, отбасының берекесі кетті, үй-орманы ыдырады, жойылды. "Енді Ақан да үй бар ма? Шаңырағы ортасына түсті ғой " (З.Шашкин).

- шаңырақ көтерді - үйлі- баранды болды. Өз алдына үй болды. Жеңіс жылы Әбілез үйленіп, шаңырақ көтерді (Қаз.әдеб.) .

- шаңыраққа қара. Өз үйің емес, біреудің үйі, тыныш отыр, абайлап қой деген мағынада.

Ұлттық тілдің этнолингвистикалық сипаты сол ұлттың қалыптасуындағы түрлі тарихи-мәдени белгілерімен өріліп, бедерленіп отырады. Жер бетіндегі қандай ұлт болмасын оның пайда болуы мен қалыптасуында, әр кезеңге сай өзіне тән мәдениеті мен тұрмысында өзге ұлыс пен ұлттарға ұқсамайтын әдет-ғұрыптық салт-саналық белгі көрінісстер болады. «Тұрмыс-салт дегеніміз- үй тұрмыста, қоғамдық тұрмыста және мемлекеттік дәстүрлерде көрінеді» - деп нақтылаған болатын заңғар жазушы М.О.Әуезов. Белгілі бір ұлттың мәдениеті сол ұлттың материалдық тұрмыс тіршілігінде, әлеуметтік өміріндегі рухани дүниесінде көрініс табады. Қандай да болсын мәдениеттің бастау көзі сол этнос өмірінен туындайтыны белгілі. Немесе шаруашылыққа негізделген мәдениеттің ұшар басында сол этностың жай-күйі, ұлттық мінезі мен тұрмыс қаракетінің белгісі тұратыны да айқын екендігін ұлт мәдениетін терең зерттеп, зерделей білген біртуар ғұламаларымыз әркез айтумен, дәріптеумен жол көрсеткен болатын. «Шаңырақ» концептісіне қатысты әдет-ғүрыптар мен әртүрлі ырым атаулары, этномәдени мәні бар тілдік тұлғалар, әлем дискурсын танытатын тілдік бірліктер. Мысалы, шаңырақ көтеру (салт). Жас отаудың алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі қазақ үшін бір қызықты, ерекше сәт. Мұны қазақ салт-дәстүрін жетік білетін белгілі этнограф жазушы Ахмет Жүнісұлы былай деп жазған: «... қазақта отаудың шаңырағын албаты адам көтермейді. Бұған баласы көп, кәрі күйеу керек. Оны қос атпен болса да алғызады. Ыңғайлы жер болып, отау өте үлкен болса, кәрі күйеу шаңырақты аттың үстінде тұрып көтереді. Бұл еңбегіне ол не ат мінеді, не түйе жетектейді. Бұған малды отауды көтерткен жақ береді».( А. Жүнісов «Фәниден бақиға дейін»). Әдетте киіз үйдің шаңырағын ер адамдар көтереді. Ал, жас отаудың шаңырағын кәрі күйеуге көтертуде үлкен мән, ырым бар. Өйткені «жасы үлкен күйеу» қашан да елге сыйлы және тілектес адам. Және күйеу қартайған сайын жұртына қадыры, сыйы арта түседі. Қазақ елі осы жолдан әлі айырылған жоқ. Кәрі күйеу келсе, ауылдың үлкен-кішісі, еркек-әйелі онымен бір қағыспай, қажыспай қалмайды. Оның шаңырақ көтеруінде де осындай терең сыйластық бар.

Шаңырақ түйе (дәстүр). Ұзатылып келе жатқан қыздың және оның жанындағы әйелдердің (шешесі, жеңгесі, сіңлісі т.б.) мініп келе жатқан көлігі «шаңырақ түйе» деп аталады. Және ол келін үшін ыстық, қасиетті мал болып саналады. Бұған жолшыбай кездескен немесе бөтен адам мінбейді. Егер міне қалса, оны көрген жұрт «пәленше келіннің шаңырақ түйесіне» мініп келді деп келемеждеген. Ертедегі салт бойынша, көште үлкен шаңырақ жеке түйеге артылып, алдымен жүреді екен. Оған адам мінбейді, атпен жетелейді, «шаңырақ түйе» деген сөз осыдан шыққан екен. Ғ. Аманованың «Халықтық педагогика-даналық мектебі» кітабынан алынған.

Күйеуі жерленгеннен кейін бір жыл өткен соң, әмеңгер ер жеткен болса, ол жесірдің киіз үйіне кіріп, шаңырақтың астына бақан тірейді де, осы мезеттен бастап күйеу немесе отағасы болып саналады.

Келін түсіру салтына байланысты. Қалыңдықтың киіз үйі алға кетеді, оны жиналған қыз-келіншектер тұрғызады, шаңырақты тағы да ең бақытты әйелге көтергізеді. Бұның өзіндік сыры да бар. Яғни, шаңырақтарының тұғыры биік болсын, бақытты болсын деген мағынаны аңғартады.

Қалыңдық көру салтында да бірнеше қиындықтың соңғы кезеңі осы шаңырақпен қатысты.Бірақ олардың жолында тағы да бөгеттер бар. Басқа бір әйел киіз үйдің шаңырағын көтеретін ашаны жолға көлденең қояды. Бұл кедергіні аттап өту жаман ырым болып саналады. Сонымен, шаңырақ – киелі! Әрбір үйдің өз шаңырағы болады. Бұл келтірілген мысалдағы шаңырақтың берер мағынасы біреудің ала жібін аттамау керектігін ұғындырады.

Халқымызда қалыптасқан дәстүрлі таным бойынша, шұғыл шаруамен кіріп-шығуға ғана келген адам болса да міндетті түрде шаңырақты сыйлап, тізе бүгуі тиіс. Үйдің жанынан өтіп кетпей, тоқтап үйге кіріп шығуы, үй ішіндегілерге амандасып, хал-жағдай сұрасуы – қазақтың жазылмаған заңдылығы. Сонымен қатар ертеде бір адам өлсе сол үйдің шаңырағына қара ту тігетін болған. Ауылдың маңайынан өтіп бара жатқан кісілер қара туды көріп, сол үйдің қайғыға ұшырағанын түсіне берген. Осы жағдайға байланысты қалыптасқан тіліміздегі шаңыраққа қара ту тігілді прецедентті мәтіні «өлім» ұғымын аңғартады. Оты өшкен үйдің шаңырағына байғыз саңғиды. 1. Қазақ халқы киіз үйдегі тіршіліктің жайын ошақтағы отпен байланыстырады. Халқымыздың дәстүрлі сенімі бойынша от түрлі сипатта келеді. Мәселен, екі көзден от жанған (яғни өжет, өткір мінезді адамға байланысты айтылады), жүрегінің [көзінің] оты бар (жігерлі, қайратты адам туралы айтылады), көзінен от шашты немесе көзінен от жарқ етті (ашу-ызамен қаһарлана қараған адамның кейпі) тәрізді т.б. тіркестер оттың агрессиялық сипатын білдірсе, оты жанбау (ісі ілгері баспаған немесе үйленбеген кісі туралы), оты өшу (үйдің иесіз қалуы) секілді тіркестерде утопиялық сипат танылады. Сол себептен, Түндігінен түтін шыққан үй – тіршілігі бар үй дегенді білдірсе, Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында байғыздың шақыруы жаман ырымға баланып, бұл құсқа қатысты әртүрлі аңыздар қалыптасқан. 2. ауыс. Күш-қуаты кеткен, ертеңгі күніне сенімі жоқ елге кім көрінген келіп, білгенін істейді, мазақ етеді [4]

Қорыта айтқанда, әлемнің дискурсында қалыптасатын этникалық менталитет көбінесе белгілі бір тілді тұтынушылардың өздерін қоршаған орта туралы менталды көрінісін сипаттайтын символдық вербалданған бейнелердің мәдени «тірек» концептілері арқылы өзектіленеді.


Библиографиялық тізім:

1. Маслова В.А. Введение в когнитивную лингвистику. –М.: Флинта Наука, 2007. – 296с

2. Ақбердиева Б. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылымдар: канд.дис. қолжазба. – Алматы, 2000 – 146.

3. Куштаева М.Т. Этномәдени концептінің семантикалық құрылымы мен лингвомәдени мазмұны («тары» концептісі бойынша). Монография. –Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, 2020. -216 бет.

4. Қанарбаева Б. Қазақтың наным-сенімдері. Алматы: Қағанат – ҚС, 1999, 120 б.

5. «Аталы сөз – баталы іс». Құраст. Н.А.Әлімтаева. – Алматы: Нұрлы әлем. 2006. – 264 бет