СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әлемнің 7 кереметі

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Хеопс пирамидасыдүние жүзіндегі аса ірі пирамидалардың бірі. Бұл пирамиданы перғауын Хеопс  көзі тірісінде өзіне арнап б.з.б. 3-мыңжылдықтың 1-жартысында Гиза қаласы маңындағы Ливия шөлінде салғызған.

Просмотр содержимого документа
«Әлемнің 7 кереметі»

біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.

біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.

Хеопс пирамидасы— дүние жүзіндегі аса ірі пирамидалардың бірі. Бұл пирамиданы перғауын Хеопс көзі тірісінде өзіне арнап б.з.б. 3-мыңжылдықтың 1-жартысында Гиза қаласы маңындағы Ливия шөлінде салғызған. Кезінде ежелгі мысырлықтар осынау алып кесене-пирамиданы “Хуфу көкжиегі” деп атаған. Хеопс пирамидасының табаны төрт бұрышты болып басталады да, жоғары қарай басқыш тәрізді көтеріліп, көп сатылы құрылыс түрінде тұрғызылған. Ұшар басы сүйірленіп бітетін Хеопс пирамидасының архитектуралық құрылысына сәулетші Хемиун басшылық жасаған. Әйгілі Хеопс пирамидасы құрылысында 120 мың адам 30 жыл бойы жұмыс істеген. Пирамиданың биіктігі 137 м, әрбір қабырғасының ұзындығы 230,38 метр, ал оның алып жатқан алаңы 55 мың м2. Алып құрылысқа пайдаланған тас “асуаннан” (арабша “әс-суан”, яғни “қатты тас” деген ұғымды білдіреді) 2,5 т текше тас түрінде дайындалған. Хеопя пирамидасына осындай текше тастың 2 млн. 2300-і жұмсалған.Гизадағы Хеопс пирамадасы. Б.з.б 2560 жылы салынған. Әлемдегі ең ежелгі пирамидалардың бірі 1953 жылы араб ғалымдары осы пирамида маңынан 17 м тереңдікте, мүлде бекітіліп тасталған үлкен зал тапты. Залдан қару-жарақ, асыл бұйымдар және ұзындығы 35 метр желкенді қайық шықты. Ежелгі мысырлықтар тұрғызған пирамидалардың ішіндегі ең үлкені болып табылатын Хеопс пирамидасы адам еңбегінің ғажайып туындысы саналады.

Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген патша ІІ Навуходоносор- дың бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. II Навуходоносор атты Вавилон патшасы басты жауы Вавилон мемлекетінің

астанасын екі рет талқандатқан Ассирияға қарсы тартыс үшін Мидия ханы, Киаксармен әскери одақ құрады. Жеңіске жеткен олар Ассирия жерін өз арасында бөліп алады. Олардың әскери одағы II Навуходоносор дың Мидия ханының қызы Амитиске үйленуімен расталды. Таулы және жасыл Мидияда өскен патшайымды жалаң құмды жазықта орналасқан шаңды да, дулы Вавилон қуантпады. Оны жұбату үшін, Навуходоносор аспалы бақ тұрғызуды бұйырады. Бірақ тарихи ғылымда жаңылысып, бақ атауын одан екі ғасыр бұрын өмір сүрген ассириялық Семирамида патшайымның атауымен атап кеткен. Деректерге қарағанда, Навуходоносор Аспалы бақты Амитис үшін, Вавилонның шаңдағында өз елін аңсап жүрген кезінде салғызған. Қалың өскен өсімдіктер әлемі оның есіне Мидияның (қазіргі Иран) көк шалғын төбелерін есіне түсіретін. Бұл жасанды жолмен жасалған жұмақта жұбайлар қыдыратын, демалатын және сарай қызметшілерімен бірге тамақтанатын болған.

Артемида храмы — әлемнің жеті кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қаласында салынған. Зевстің қызы Артемида ежелгі гректерде аңшылық құдайы ретінде танылған. Көне заманда ең маңызды күнкөріс көзін жебеуші Артемиданың қаншалықты сыйлы, құрметті екені өзінен-өзі түсінікті. Мұндай мәртебелі ғибадатхананы салу сәулетші Херсифронға тапсырылды. Ол құрылыс орнына Кайстра өз-нің бойындағы батпақты алаңды таңдады. Бұл жер

сілкінісінен сақтаудың қамы еді. Ғибадатханаға Артемиданың аңшы киімінде, қолы- на садақ ұстатып таза ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды. Шымыр денелі жас қыздың жүзінде батылдық, салқынқандылық бейнеленген. Салынуы 120 жылға созылған ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра б.з.б. 450 ж. аяқтады. Б.з.б. 356 ж. Александр Македонскийдің туған күні Эфес тұрғыны Геро- страт деген біреу храмды өртеп жіберді. Сөйтіп, әлемнің “жеті кереметінің” бірі болып және оны жоюшы болып Герострат аты қалды. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадатхананың жобасын сақтағанмен, одан сәл биіктеу болады. Ғибадатхананың ауданы- 110 * 55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан.

Артемида ғибадатханасы салынған уақытта Эфест қаласы 200 мың халқы бар, құдайға құлшылық ететін маңызды орталық болған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі- ионика ордерінің стилімен тұрғызылған. Сол кездегі қарапайым құралдар мен көліктер көмегімен Артемида сияқты ғибадатхана салу үлкен жетістік еді. Ғибадатхана салу үшін бірнеше жылдар бойы сәулетшілер, тас қалаушылар, құлдар армиясы еңбек етті. Олар діни орынның құрылыс жұмысын керемет құлшыныспен істеп, нәтижесінде таңғаларлық ғимаратты дүниеге әкелді. Храмның көркі сол замандағы барша адамзатты таңғалдырды. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стилі жағынан ұқсас құрылыстар салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Геростат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ескендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір берді.

Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғасырында өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен

өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төменгі бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғасырында Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.

Галикарнастағы Мавзолей әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналады. Өзінің керемет сәулеттілігі және ұлылығы үйлесімін тапқан Галикарнастағы Мавзолей бір кезде керемет адамдар тамашалайтын орындардың бірінің қызметін атқарған. Ол б.з.д. 4- ғасырда Түркияның оңтүстік-батысындағы мемлекеттің басты тұлғасы - патша Мавсолдың моласы ретінде жасалған. Мавсол (б.з.д. 377-323 жж.) Кари патшалығын

және оған тәуелсіз Парсы империясының бір бөлігінің басшысы болды. Оның атаққұмар жобаларының арқасында Галикарнас Эгей теңізі жағасындағы ұла қала болды. Оның құрылысы Мавсолдың тірі уақытында басталған. Мавзолейдің жобасын атақты сәулетшілер Сатир, Пифей, Леохар, Скопас, Бриаксид, Тимофей жасады. Мавсол өлгеннен кейін б.з.д. 353 ж. құрылыс жұмысын билік тізгінін өз қолыны алған әйелі III Артимисия басқарды. III Артимисия да құрылыс жұмысы аяқталмай тұрып өлген, өз даңқтарын мәңгі қалдыру мақсатында мүсіншілер жұмысты аяғына жеткізу керек деп шешкен. Ақырында мемориал қирап, археологтар Мавзолейдің көптеген құпияларын ашқан. Галикарнас аты кейін Бодрумға өзгертілген, Мавзолейдің қалдықтары осы қаланың мұражайында сақталған.

Галикарнас жеті шақырым қорғаны, қақпасы бар мәртебелі қала болатын. Қаланың назар аударарлықтай жерлеріне: Марс Шіркеуі және әйгілі көпшілік ойын-сауықтар өткізілетін амфитеатр, Мавсолдың отбасы және қызметшілері тұратын сарай кірді. Мавзолей Галикарнастың негізін қалаушы Мавсолдың маңыздылығын көрсету мақсатында қаланың ең басты көшесінің бойына, базар алаңының жанына салынды. Мавзолей жер сілкінуі салдарынан бүлінген, бірақ оны бір-жола 1522 ж. крес жорығының жауынгерлері жойып жіберді. Олар оның материалдарын түріктерден қорғану мақсатында өздерінің бекінісін нығайтуға пайдаланды. 1846 жылы қалдықтарды Британияның музейі Чарльз Томас Ньютон басқарған экспедиция зерттеді.

Галикарнас жеті шақырым қорғаны, қақпасы бар мәртебелі қала болатын. Қаланың назар аударарлықтай жерлеріне: Марс Шіркеуі және әйгілі көпшілік ойын-сауықтар өткізілетін амфитеатр, Мавсолдың отбасы және қызметшілері тұратын сарай кірді. Мавзолей Галикарнастың негізін қалаушы Мавсолдың маңыздылығын көрсету мақсатында қаланың ең басты көшесінің бойына, базар алаңының жанына салынды.

Мавзолей жер сілкінуі салдарынан бүлінген, бірақ оны бір-жола 1522 ж. крес жорығының жауынгерлері жойып жіберді. Олар оның материалдарын түріктерден қорғану мақсатында өздерінің бекінісін нығайтуға пайдаланды. 1846 жылы қалдықтарды Британияның музейі Чарльз Томас Ньютон басқарған экспедиция зерттеді.

Мавзолей Хеопс пирамидасынан басқа, әлемнің кейбір кереметтеріне қарағанда ең ұзақ сақталды. Бірнеше мүсіндер ғимарат құлаған кезде топырақтың астында қалып сақталып қалған. Дренажды (құрғатқыш) жабу үшін пайдаланылған фриз, бірнеше жылдар бойы белгісіз жата берген. Мавсолдың атына байланысты шыққан «Мавзолей» сөзі қазірге дейін үлкен кесененің аты ретінде пайдаланылып жүр. Мавзолей жер сілкінуі салдарынан бүлінген.
  • Мавзолей Хеопс пирамидасынан басқа, әлемнің кейбір кереметтеріне қарағанда ең ұзақ сақталды.
  • Бірнеше мүсіндер ғимарат құлаған кезде топырақтың астында қалып сақталып қалған. Дренажды (құрғатқыш) жабу үшін пайдаланылған фриз, бірнеше жылдар бойы белгісіз жата берген.
  • Мавсолдың атына байланысты шыққан «Мавзолей» сөзі қазірге дейін үлкен кесененің аты ретінде пайдаланылып жүр.
  • Мавзолей жер сілкінуі салдарынан бүлінген.

Родостағы алып мүсін (колосс) - Артемида мавзолейі мен ғибадатханасының кіші замандасы болатын. Жарқыраған құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолаушының көзіне қиырдан шалынатын. Алайда, жарты ғасыр өткенде Родосты қиратқан аса зор жер сілкінісі алып мүсінді де құлатқан. Мүсіннің ең осал жері қос тізесі болып шығады. Осыдан «балшық аяқты мүсін» деп келетін мәтел қалған.Родостықтар алып мүсінді тұрғызбақ болады, бірақ ештеңе өнбейді. Алып мүсін келімді кетімді қызықтайтын аралдағы ең басты белгі болып айлақ жағалауында жата береді. Бағы тайған алыпты біздің заманымыздың 1 ғасырында Үлкен Плиний келіп көрген. Мүсіннің бас бармағына ілеуде біреудің ғана құшағы жететіні Плинийді қайран қалдырады. Рим әдебиетіндегі аңыз бойынша, ол алғашқыда айлақ үстінен асқақтап көтеріліп тұрғанда, үлкендігі соншалық, қалаға келетін кемелер оның екі аяғының ортасынан өтеді екен дейді.977 жылы ақшаға мұқтаж болған араб билеушісі бір көпеске сатқанға дейін қақ бөлінген алып мүсін Родос аралында мың жыл жатады. Ал, көпес мүсінді қайта балқыту үшін бірнеше бөлікке бөліп, таза қоланың өзін 900 түйеге теңдеп әкетеді.

Александрия шамшырағы — “Әлемнің жеті кереметінің” бірі саналатын, б.з.б. 280 ж. салынған архитектуралық құрылыс. Александрия шамшырағын Ніл аңғарына таяу, Фарос аралының шығыс бөлігіне Мысыр патшасының бұйрығымен Книдтік Сострат тұрғызған. Кейінгі ұрпаққа өз атын қалдырғысы келген сәулетші шамшырақтың мәрмәр қабырғасына “Книдтен шыққан Декстифонұлы Сострат, теңізшілердің амандығы үшін құтқарушы-құдайларға бағыштайды” деп жазған. Бірақ патшаның қаһарынан қорқып жазудың үстін сылап бетіне әміршінің атын жазған. Уақыт өте келе сылақ түсіп қалып, ел сәулетшінің өз атын білді.

Александрия шамшырағы — “Әлемнің жеті кереметінің” бірі саналатын, б.з.б. 280 ж. салынған архитектуралық құрылыс. Александрия шамшырағын Ніл аңғарына таяу, Фарос аралының шығыс бөлігіне Мысыр патшасының бұйрығымен Книдтік Сострат тұрғызған. Кейінгі ұрпаққа өз атын қалдырғысы келген сәулетші шамшырақтың мәрмәр қабырғасына “Книдтен шыққан Декстифонұлы Сострат, теңізшілердің амандығы үшін құтқарушы-құдайларға бағыштайды” деп жазған. Бірақ патшаның қаһарынан қорқып жазудың үстін сылап бетіне әміршінің атын жазған. Уақыт өте келе сылақ түсіп қалып, ел сәулетшінің өз атын білді.

Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның ғажайып үлгісі болып табылады. Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына қарай орналастырылған. Бізге жеткен деректерден осы екінші қабатта флюгер желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал міндетін атқарған ескерткіш-мүсіндердің болғаны анықталды. Мәрмәрмен қапталған мұнара зәулім шамшырақпен аяқталады. Осы үшінші қабат гранит колонналар тіреп тұрған күмбезбен жабылған. Күмбез басына өте алыстан анық көрініп тұрған теңіз құдайы Посейдонның 7 метрлік қола мүсіні қойылған. Александрия шамшырағы өзінің негізгі міндеті — теңізшілерге жол көрсетуден басқа, бекініс қызметін де атқарған. Құрылыстың ішінде ауыз су құйылған күбі сақталған. Ішкі бұрама баспалдақ арқылы алауға жанармай беріліп тұрған. Темір айналарды шебер қолдану нәтижесінде алау оты бірнеше еселеніп, өте алыстан көрінетін болған. Александрия шамшырағы 14 ғасырда жер сілкінісінен қираған. Александрия маягы керемет көрініс болды: ол түнде жарық шашып, кемелерді су астындағы жартастарға соғылып қалмауларынан сақтандырып тұратын. Әлемнің жеті кереметінің ең соңғысы болып салынған маяктың практикалық пайдасы да болды, ол әрі бекініс, әрі қарауыл мұнарасы болды. Жүз жылдар бойы Фарос әлемдегі адамдар тұратын ең биік құрылыс қатарына жатты. Ол 1700 жыл бойы тұрған ол осы кезге дейін салынған маяктардың ішіндегі ең биігі болып табылады.

Александр Македонский Александрия қаласының негізін б.з.б. 332 жылы қалады. Алғашында бұл шағын балықшылар тұратын ауыл болатын, оның жағасындағы жартастарға үнемі кемелер соғылып апат болған. Қаланың өсіп, дамуына байланысты қалаға келетін кемелердің портқа шығынсыз жетулері үшін маяк қажеттілігі туған. Б.з.б. 229 ж. Александрдың мұрагері Птолемей Сотер жақын жердегі Фарос аралында маяктың құрылысын бастайды. Бұл 20 жыл мезгілге созылады. Ақырында Александрияны арабтар басып алып, қала құлдырап, төмендеп кетті, кеме тоқтайтын жерді батпақ басты, Фаростың енді қажеті болмады. Жер сілкіністерінің тербеліс салдарынан ғимарат қирап, біртіндеп теңізге құлаған. Көптеген сарапшылар мұсылмандардың Каит Бей бекінісі Александрия маягының орнында тұр деп болжайды. Каит Бей сұлтан 1840 жылы салғызған форттың кейбір бөліктерін салуға қираған маяктың кейбір материалдары пайдаланылған болуы керек. Қалған бөліктері жер сілкінісі кезінде суға батып кеткен.

Александр Македонский Александрия қаласының негізін б.з.б. 332 жылы қалады. Алғашында бұл шағын балықшылар тұратын ауыл болатын, оның жағасындағы жартастарға үнемі кемелер соғылып апат болған. Қаланың өсіп, дамуына байланысты қалаға келетін кемелердің портқа шығынсыз жетулері үшін маяк қажеттілігі туған. Б.з.б. 229 ж. Александрдың мұрагері Птолемей Сотер жақын жердегі Фарос аралында маяктың құрылысын бастайды. Бұл 20 жыл мезгілге созылады.

Ақырында Александрияны арабтар басып алып, қала құлдырап, төмендеп кетті, кеме тоқтайтын жерді батпақ басты, Фаростың енді қажеті болмады. Жер сілкіністерінің тербеліс салдарынан ғимарат қирап, біртіндеп теңізге құлаған.

Көптеген сарапшылар мұсылмандардың Каит Бей бекінісі Александрия маягының орнында тұр деп болжайды. Каит Бей сұлтан 1840 жылы салғызған форттың кейбір бөліктерін салуға қираған маяктың кейбір материалдары пайдаланылған болуы керек. Қалған бөліктері жер сілкінісі кезінде суға батып кеткен.

• Фарос кереметтердің қатарына шамамен біздің заманымыздың 6-ғасырында енгізілген. • Бір жазушының айтуына қарағанда, маяктың биіктігі

• Фарос кереметтердің қатарына шамамен біздің заманымыздың 6-ғасырында енгізілген.

• Бір жазушының айтуына қарағанда, маяктың биіктігі "360 фатом" – көп қабатты үйлерден де биік болған.

• Бір дерекке байланысты Фаростың құрылысына "800 талант" күміс жұмсалған. Бұл қазіргі 6,4 млн долларға барабар.

• Кейбірлеулердің пайымдауынша, ең бас жағындағы айна 1250 км Византиядан (Стамбул) келген сигналдың сәулесін түсіріп тұрған.

• 20-ғасырдың 90-шы жылдары француз археологы Жан-Ив Эмперер және оның командасы су астынан маяктың қалдықтарын, сонымен бірге мүсіндер тапқан, мүмкін бұл мүсіндер маякта болған шығар.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!