СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әлемнің ақпараттық көрінісі. (6 - сынып)

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Информатика пәнінен 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары ивт мұғалімдеріне

Просмотр содержимого документа
«Әлемнің ақпараттық көрінісі. (6 - сынып)»

Күні:10.09.2016ж.

Сыныбы: 6 «А»

Пәні: Информатика


Сабақтыңтақырыбы: Әлемнің ақпараттық көрінісі..

Сабақтыңмақсаты:

Білімділік: Оқушылар бойында әлемнің ақпараттық көрінісі туралы білім қалыптастыру ;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Ақпарат әр түрлі байланыс желілері арқылы беріледі: электрлік, талшықты және т.б. Қазіргі кезде біртұтас ақпараттық кеңістік пайда болды-компьютерлік желілер құрылып, дами бастады.Осыған байланысты техникалық жүйелерді (мысалы, Жерден спутникті басқару немесе мобильдік телефон арқылы үйдегі кондиционерді қосу және т.б.) қашықтан басқару мүмкін болды. Ақпарат адам еңбегінің негізіне айналды. Адам үшін маңызды технологиялардың барлығы ақпараттық технологияларынсыз жүзеге аспайды. Бірақ әлем туралы түсінік бүгінгі түсінік деңгейімен аяқталмайды. Адамныі қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтетін үнемі жаңа идеялар пайда болып, жаңа ашылулар орын алады. Әлемде болып жатқан өзгерістерді ақпарат арқылы ғана танып білуге болады. Адам қоғамда, табиғатта, техникада болып жатқан өзгерістерден үнемі хабардар болуы керек. Мұны түсіну үшін болып жатқан құбылыстарды дұрыс қабылдап, саралап, әлемнің ақпараттық бейнесі туралы түсінік қалыптастыру қажет. Мегаәлемді галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар, яғни үлкен көлемді нысандар құрайды. Макроәлем адам өлшемдерімен салыстыруға болатындай тірі және өлі табиғаттан тұрады. Микроәлем өлшемдері молекула, атом сияқты өте кішкентай нысандардан тұрады. Барлық нысандар заттан тұрады. Зат дегеніміз бізді қоршаған нәрселер-ауа, жер, су, адам және т.б. Барлық нысандардың өзара әрекеттесетін энергиялары немесе қуаты болады. «Энергия» немесе «қуат» түсінігі өңдегіш техниканы, қозғалтқыштарды ойлап табу мен байланысты пайда болды. Әлемдегі барлық құбылыстарды заттық-энергия алмасумен түсіндіруге болмайды. Әлемнің ақпараттық бейнесі заттық-энергия бейнесін ақпараттық тұрғыдан түсіндіреді.

Адам өз өмірінде үнемі әртүрлі үдерістермен кездеседі. Егер әрекет нәтижесінде (мысалы, өсімдіктерді өсіру, киім тігу, тамақ пісіру және т.б.) белгілі бір нысан өзгерсе, онда үдерістің орын алғанын білуміз қажет.

Сұрақтарды қарастыру:

  • Ақпараттық үдерістер, түрлері.

  • Ақпарат әлеміндегі адамдар.

  • Қоғамдағы ақпарат.

  • Техникадағы ақпараттық үдерістер.

  • Ақпарат және үдеріс.

Жаңа сабақты оқып-үйрену.

1-жаттығу. Ақпаратты өңдеу, сақтау, жөнелтуде қай маманға жалақы төленеді? Мұғалім, фотограф, сазгер, хирург, программалаушы, суретші, ақын, аспаз, кітапханашы, сатушы.



2-жаттығу. Кестені толтыру:

Үдеріс

З- зат

Э-энергия

А-ақпарат

Ж-жөнелту

С-сақтау

Ө-өңдеу

Таб-табиғат

Қ-қоғам

Т-техника


Қар жауып тұр

З

Ж

Т


Қоймада азық-түлік қоры тұр





Көліктің багында жанармай толып тұр





Түлкі ін қазып жатыр





Автомат ұнды қаптарға қаптап жатыр





Теледидар антеннасы жұмыс істеп тұр





Шәйнек қайнап, біраз уақыт суымай тұрды





Мобильді телефонда аккумулятор зарятталып тұр





Танымал бағдарлама жүріп жатыр





Аудармашы келіс сөздерде жұмыс істиді





Факс қабылданып жатыр





Бекіту.

2-тарауға берілген «Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды» орындау

Қорытындылау.

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Бүгін сендер жаңа тақырыптан не білдіндер?

  • Сұрақтарын барма?

Орындаған жаттығуларды қарап бағалау.

Үйге тапсырма: Оқулықтағы 2- тарауды оқып, 1-11 сұрақтарға жауап беру.