І этап Мотивациялық қозғаушылық | -Мен кіммін? -Мен адаммын. -Менде басқа адамдарда сияқты екі қол, екі аяқ, бас, мұрын, ауыз, құлақ бар, бірақ мен басқаларға ұқсамаймын.Мен өзгешемін. Тақтадағы суреттерге назар аударту. Суреттегі адамдардың дене пішіні әртүрлі (толық,арық), терілері, көздері, шаштары әр түсті екеніне назар аударту. Релаксация жасату. | Балалар шеңберге тұрады. Суреттерге қарап балалар тұжырымдайды: олар адамдар, өйткені олардың басы, көзі, құлағы бар, олар отбасымен бірге тұрады.Олардың достары бар. Жайқалған гүлдерді елестетеді, гүлдің иісін сезеді, оны сипап, аялайды. Дене мүшелерінің қызметтері жайлы айтады (көз -көреді,құлақ- естиді,т.с.с) |
ІІ этап ұйымдастырушылық- ізденушілік | -Балалар, қазір біз өз қалауларымыз бойынша үш топқа бөлінеміз. Бірінші топ: «Мен кіммін?» -мен адаммын дегенді дәлелдейді. Әр балаға айна беріп,өздеріне қарауды ұсыну. Д.О. «Мен не істесем,сен де соны істе». Екінші топ: «Менің отбасым бар,мен отбасымның мүшесімін»дегенді дәлелдейді. Үстел үстіндегі суреттерден өз отбасын құрастырады. С.р.о. «Кім қайда отырады?» Мақсаты: Отбасы мүшелерін дастархан басында орналастыру. ІІІ топ «Менің достарым бар». Карточкалармен жұмыс. Д.О. «Татуласу». Мақсаты:Достық қарым- қатынасты орната білуге тәрбиелеу. | Топтарға өз қалаулары бойынша бөлінеді. Айнаға қарап,өз келбетін көреді, шаштарының,көздерінің түстерін анықтап айтады. Балалар айнаға қарап күлімдейді,қабағын шытады,бұртияды. Отбасы мүшелері жайлы айтады.Олардың жақсы қасиеттерін,оларға деген сүйіспеншілігін айтуға тырысады. Өздері отбасылық мүшелерінің рөлдерін таңдайды. Дастархан басында үлкендерді төрге отырғызады,кішілер төменірек отырады. Достық қарым- қатынасты бейнелейтін карточкаларды ажыратып,топтастыру. Балалар жұптарға бөлінеді. Әкел досым қолынды, (бір- біріне оң қолын береді). Татуласқан орынды. (Шынашақтарын айқастырады). Өкпелесіп қайтеміз, Қане,көрсет сонынды. (шапалақтап,алақандарын беттестіреді)ойынды бірнеше рет қайталайды. |
ІІІ этап Жетекші- жөндеуші. | Балаларға олардың адам екенін, отбасыларының, достарының бар екенін білдіру үшін кластер жасатқызу. | Карточкаларды алып,тақтаға іледі (адам, отбасы, достар). |