СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

7-8 сыныптарға арналған қазақ тілі пәнінен ашық сабақ жоспары: Мақсатты келер шақ. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл   7-8 сыныптарға арналған қазақ тілі пәнінен  ашық сабақ жоспары.

Просмотр содержимого документа
«семинарға ашық сабақ»

Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің

«Алтынсарин орта мектебі» ММ









Қазақ тілі пәнінен біріктірілген 7,8 сыныптарға арналған

бірпәндік сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы

7-сынып

Келер шақ. Мақсатты келер шақ.

8-сынып

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем








Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ниязбекова Г.Б



2017 оқу жылы


7-сынып

8-сынып

Сабақтың тақырыбы

Келер шақ. Мақсатты келер шақ.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

1.Келер шақтың түрлері туралы түсініктерін кеңейту, мақсатты келер шақ туралы түсінік беру.

2. Сын тұрғысынан ойлау әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту. Өз бетінше ізденуге, сауатты әрі көркем жазуға баулу

1. Қарсылықты салаластан алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

2. Оқушылардың қабілетіне сай тапсырмалар беріп, байланыстырып сөйлеуді, өз бетінше сөйлем құрауды дамыту - өз ойларын еркін айта білуге, тиянақты, мәдениетті түрде жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты:

Ұлттық ойындар арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

Туған Отанын құрметтеуге ,сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқыту әдістері:

Ойын элементтері арқылы түсіндіру, талдау,салыстыру,сұрақ- жауап, карточкалар

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, тарих,орыс тілі, ағылшын


Көрнекіліктер:

Суреттер, тірек сызбалар, нөмірленген асықтар,слайдтар

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, психологиялық ахуал туғызу)

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар,көңіл -күйлерің қандай?

-Көңіл –күйлерің одан да жақсы болу үшін ортаға шығып, шеңбер құрып,бір-бірімізге үш тілде сәттілік тілейік! Бір-біріне гүл стикерлерін сыйлайды.

І.Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау-мотивациялық кезең

Мұғалім сабақты туған тіл туралы кіріспе әңгімеден бастайды.

Кіріспе әңгіме:- Слайд 1«Өнер алды-қызыл тіл », – деп Абай атамыз бекер айтпаса керек. Бұл мәтелді қалай түсінесіңдер?

  • Тіл арқылы сөз,сөз арқылы адамның ішкі жан дүниесі сезілсе,сөйлеген сөзі,сөз саптауы арқылы оның мәдениеттілігі,адамгершілігі көрінеді. Атадан қалған мирас асыл сөз-ана тілімізді жаксы меңгеріп қана қоймай, оны мақтан тұту, дәріптеу, құрметтеу өзге тілмен шұбалтпай таза ұстау әр қазақ азаматының басты борышы

-Балалар, осы құндылық, мәртебе деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер? (Тіліміздің, дініміздің жоғары деңгейде ұстау, құндап ұстау, құрмет тұту.)

-Сол құндылықтарымызға не жатады? (Салт-дәстүріміз, киіз үйіміз, ұлттық киіміміз, ұлттық тағамдарымыз, ұлттық аспаптарымыз, ұлттық ойындарымыз)

-Ендеше, сабақта белсенділік танытып, білетіндеріңді ортаға салып, ана тілімізді бойымызға дарытып, сабағымызды бастайық.Берілген смайликтер арқылы жұптарыңды бағалап отырайық.

ІІ. Үй тапсыр-масын тексеру:

7- сынып 8- сынып

«Алшы, тәйке» әдісі арқылы оқушылардың білімдерін тексеру. Жұптық ойын. Оқушылар алған асықтарды атады, асықтың түсуіне байланысты сұрақтарға жауап береді.(алшы,тәйке,бүк,шік)











Алшы.

1.Етістіктің шақтары дегеніміз не?

2.Осы шақтың түрлері

Тәйке.

1.Қалып етістіктердің атаңыз

2. Келер шақ дегеніміз не?

Шік.

1.Болжалды келер шақ қалай жасалады?

2. Нақ осы шақ дегеніміз не?

Бүк.

1.Ауыспалы осы шақ дегеніміз не?

2.Болжалды келер шақты жіктеңіз

Алшы.

1.Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді? Қандай?

2. Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?

Тәйке.

1. Ыңғайлас сөйлем қалай жасалады?

2. Себеп-салдар салалас

қалай жасалады?

Шік.

1.Себеп-салдар салалас қандай шылаулар арқылы байланысады?

2.ыңғайлас салалас қандай тыныс белгісімен ажыратылады?

Бүк.

1.Себеп-салдар салаласқа мысал келтіріңіз

2.Батырбек үйде қалады да, мен балалармен ойнап келемін. (сөйлемді талдаңыз)

ІІІ.Қызығушылықты ояту





Слайд 2. Тапсырма. Келтірілген мысалдарға талдау жасап, осыдан келіп жаңа тақырыптың мазмұнына түсу.

8-с. Жақсы істе от боп жан, бірақ жаман іске жолама.

7-с. Балалар, Абай атамыздың мына өлең жолдарын оқып, қарамен жазылған етістіктерді сөз құрамына талдаңдар

Мақсатым –тіл ұстартып, өнер шашпақ.

Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.

-Мұндағы етістіктер қандай жұрнақтар арқылы жасалған?

-пақ;

- Бұл етістіктер қандай қимылды білдіріп тұр?

-мақсатын

-Ендеше , балалар, осы жұрнақтар арқылы ереже шығарайық

Қалай ойлайсыңдар бұл тапсырманы сіздерге не үшін бердім?

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай екен?

Сабақтың мақсаты,тақырыбы айтылады.

Слайд 3 .Дәптерлеріңе күні, сабақтың тақырыбы жазылады.

ІҮ. Мағынаны тану Пысықтау

7-сынып.

  1. ЖЖ. Мақсатты келер шақтың ережесіне сай ереже тауып алып, постер құрып қорғау.

Мақсатты келер шақ қимылдың,іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ –мақ,-мек,пақ,-пек,-бақ,-бек жұрнақтары арқылы жасалып, одан кейін жіктік жалғауы қосылады. Мен бармақпын.



2.(ӨЖ) Оқулықпен жұмыс.

121-жаттығу. Мақсатты келер шақты тауып, жасалуын түсіндіріп,келер шақ тұлғасындағы етістіктерге морф.талдау жасаңдар.

3. Тақтамен жұмыс

Кәртішкемен жұмыс.. Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап,жіктеп, әрқайсысына сөйлем құраңдар.

Үлгі. Шаш- шашпақ. Мақсатым- тіл ұстартып, өнер шашпақ.

Оқы, сөйле, қайт, өткіз, кел,бар.


Сергіту сәті

8- сынып.

  1. (ЖЖ) Кәртішкемен жұмыс. (ауызша)

1-жұп. Жалғаулықты қарсылықты құрмалас сөйлемнің жалғасын жалғастырыңыз. Алыстан әлдекімдердің даусы естілгендей болды, бірақ...

Сен менің досымсың, дегенмен...

2-жұп. Жалғаулықсыз қарсылықты құрмалас сөйлемнің жалғасын жалғастырыңыз.

Қайырбек келіп еді,...

Қоңырау соғылып еді,...

2. ЖЖ кластер. (өз білгендерін ортаға салады)



3.Тыңдалым. Электрондық оқулықтан жаңа сабақты түсіндіру.


4. Электрондық оқулықпен жұмыс.(жазбаша) 1-тапсырма.Берілген үш сөйлемге салалас сөйлемдердің жалғаулық шылауларын қойып, қарсылықты салалас жасаңдар.(қалғанын ауызша орындау)


Сергіту сәті

4) (ЖЖ) Диалог құрастыру «Етістіктің шақтары»




5)Шығармашылық жұмыс (ЖЖ)

Берілген сурет бойынша ,етістіктерді мақсатты келер шақта қолданып мәтін құрастыру.

4) Электрондық оқулықпен жұмыс.

2-тапсырма. (ӨЖ) Берілген сөйлемдерден ыңғайлас,себеп-салдар,қарсылықты сөйлемдерді бөліп, өз шеңберіне салыңдар.

5)Шығармашылық жұмыс (ЖЖ)

Берілген суреттер бойынша, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді қолданып мәтін құрастыру.

ҮІ Кіріктірілген бөлім

Бекіту кезеңі

(ЖЖ) «Ойынды жалғастыр» ойыны

Мұғалім оқушыға тақырып бойынша бір сөйлем жазылған парақ береді. Оқушылар кезектеп өз ойларын жалғастырады. Сөйтіп өтілген тақырып бойынша мәтін шығады.


Семантикалық картаны толтыру

Құрмалас сөйл

ыңғайлас

Себеп-салдар

қарсылықты


















ҮІІ.Қорытынды. Семантикалық карта

5)Венн диаграммасы (ЖЖ)

1-жұп

Қарсылықты салалас Ыңғайлас салалас


2-жұп

Қарсылықты салалас Себеп-салдар салалас


Бағалау критерийі (жұптар бір-бірін бағалайды) Формативті бағалау

Үйге тапсырма

7-сынып

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек »

8-сынып








Құрмалас сөйлемдер

Ыңғайлас

Себеп-салдар

Қарсылықты

1

Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді.

 

       

+

 

2

Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді,- жұмыстан қолы тимеді.

 

 

 

+

3

Мұндай шыбыны көп шөл даланы ешбір ауыл жайламайды: жаз айларында ондай шұбарлы жердің масасы мен сонасы қалың болады.

 

 

 

+

 

4

Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

+

 

 

5

Сөз бергенге ерме,- бөз бергенге ер.

 

 

+





Құрмалас сөйлемдер

Ыңғайлас

Себеп-салдар

Қарсылықты

1

Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді.

 

       

+

 

2

Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді,- жұмыстан қолы тимеді.

 

 

 

+

3

Мұндай шыбыны көп шөл даланы ешбір ауыл жайламайды: жаз айларында ондай шұбарлы жердің масасы мен сонасы қалың болады.

 

 

 

+

 

4

Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

+

 

 

5

Сөз бергенге ерме,- бөз бергенге ер.

 

 

+


















1-жұп. Жалғаулықты қарсылықты құрмалас сөйлемнің жалғасын жалғастырыңыз.

Алыстан әлдекімдердің даусы естілгендей болды, бірақ...

Сен менің досымсың, дегенмен...



2-жұп. Жалғаулықсыз қарсылықты құрмалас сөйлемнің жалғасын жалғастырыңыз.

Қайырбек келіп еді,...

Қоңырау соғылып еді,...



1-жұп. Жалғаулықты қарсылықты құрмалас сөйлемнің жалғасын жалғастырыңыз.

Алыстан әлдекімдердің даусы естілгендей болды, бірақ...

Сен менің досымсың, дегенмен...



2-жұп. Жалғаулықсыз қарсылықты құрмалас сөйлемнің жалғасын жалғастырыңыз.

Қайырбек келіп еді,...

Қоңырау соғылып еді,...





















Мақсатты келер шақ

Қимылдық іс әрекеттің келешекке мақсат етіле орындалатынын білдіретін келер шақ түрі



Етістік түбіріне -мақ, -мек-пақ, -пек -бақ, -бек

жұрнақ жалғану арқылы жасалып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы да мақсатты келер шақ жасалады.



Мен ауылға бармақпын

Ол ерте кетпек




Етістіктің –мақ, -мек,-пақ,-пек,-бақ, -бек, жұрнағынан кейін –шы, -ші,жұрнағы арқылы да мақсатты келер шақ жасалады.



Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-шы-мын

Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі



Жақ



Жекеше



Көпше



І бармақпын, бармақшымын

бармақпыз, бармақшымыз

ІІ бармақсың, бармақшысың

бармақсыз, бармақшысыз

бармақсыңдар, бармақшысыңдар

бармақсыздар, бармақшысыздар

ІІІ бармақ, бармақшы

бармақ, бармақшы




Алдағы уақытта болатын іс-әрекеттің жүзеге асу, аспауын күдікті, болжалды түрде аңғартады.


Етістіктің түбіріне -р, -ар, -ер қосымшалары жалғануы арқылы жасалады.


Жекеше

Соңғы

дыбыс

Жақ

Дауыссыз

Дауысты

Жіктік жалғауы

Буын

I. Мен

-ар

+мын

Жуан


-ер

+мін

Жіңішке

II. Сен

-ар

+сың

Жуан


-ер

+сің

Жіңішке

II. Сіз

-ар

+сыз

Жуан


-ер

+сіз

Жіңішке

III. Ол

-ар

-

Жуан


-ер

-

Жіңішке




Қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен келе-мін, Сен ойна-й-сың. Ол бар-а-ды. 
Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелу үлгісі. 
айтамын, келемін, сөйлеймін айтасың, келесің, сөйлейсің айтасыз, келесіз, сөйлейсіз айтады, келеді, сөйлейді айтамыз, келеміз, сөйлесеміз айтасыңдар, келесіңдер, сөйлейсіңдер айтасыздар, келесіздер, сөйлейсіздер айтады, келеді, сөйлейді.
Ауыспалы осы шақ тұлғасы (яғни көсемше түрінің жіктелген түрі) сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады: бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, еңді бірде келер шақ мағынасын береді. Сондықтан да осы шақтың бұл тұлғасы ауыспалы деп аталады




Қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді. 
 
а) Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жур деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады. Бұл төрт етістік қалып етістіктері деп аталады. Қалып етістіктеріне жіктік жалғауы тікелей жалғанып, есімдерше жіктеледі.


ә) Нақ осы шақтың күрделі етістіктің -ып, -іп, -п және -а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады.

Бұл нақ осы шақ күрделі етістіктен жасалатындықтан да оның күрделі түрі деп танылады. Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістіктердің (отыр, тұр, жүр, жатыр) жіктелуі арқылы шақтық мағына беріледі. Мысалы: Мен оқып отырмын. Сен ойнап жүрсің. Оқушы кітап оқып тұр.































































1.Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді? Қандай?

2. Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?



1. Ыңғайлас сөйлем қалай жасалады?

2. Себеп-салдар салалас қалай жасалады?



1.Себеп-салдар салалас қандай шылаулар арқылы байланысады?

2.ыңғайлас салалас қандай тыныс белгісімен ажыратылады?


1.Себеп-салдар салаласқа мысал келтіріңіз

2.Батырбек үйде қалады да, мен балалармен ойнап келемін. (сөйлемді талдаңыз)