СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

8 сынып оқушылары арасында өткізілген зияткерлік ойын

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

 8 сынып оқушылары арасында өткізілген зияткерлік ойын  

Просмотр содержимого документа
«8 сынып оқушылары арасында өткізілген зияткерлік ойын»

Ел тарихын білесің бе?
8 сынып оқушылары арасында өткізілген зияткерлік ойын/
Мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушыны тәрбиелеу мен оқытудың бір формасы деуге болады. Сыныптан тыс жұмыстар балаларды біріктіріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мол мүмкіндік береді және оқушының өзіне деген сенімін арттырады, оқушы мен мұғалім арасында берік қарым – қатынас орнап, мұғалімнің оқушыны танып – білуіне мол мүмкіндік туғызады.

Мақсаты: ойын барысында оқушылар Қазақ хандығының құрылғанына 550 - жыл толуына орай Қазақстан тарихы пәнінен түрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ хандығының құрылу тарихымен танысады, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, мәдениет төңірегіндегі сауалдарға жауап бере алады, оқушының ойлау қабілетін дамытып, тарих пәніне деген қызығушылығын арттырады;
Түрі: «Ел тарихын білесің бе?» атты зияткерлік ойыны Ойын барысында оқушылар сыныптар бойынша топтастырып, 3 - оқушыдан үш топқа бөлінеді. Әрбір орындалған тапсырма 5 - 10 балдық жүйемен бағаланады.
Көрнекіліктер: сынып бөлмесін пәнге сай безендіру, тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар, қазақ хандарының суреттері, музыкамен көркемдеу;

І тур: «Миға арналған жаттығу» Командаларға 20 - сұрақ қойылады,1 мин ішінде көп ұпай алған команда ойынды бірінші бастауға мүмкіндік алады. Бұл кезеңде оқушының ойын жинақтау мақсатында төменгі сыныптарда өткен материалдар қамтылады.Әр сынып бөлек –бөлек ортаға шақырылады. Әр сұрақ 1 ұпаймен есептеледі

1.Ғалымдар алғашқы адамдарды қалай атаған? «Епті адам»

2.Синантроп адам нешінші жылы қай жерден табылған ? 1927ж Қытайдағы Чжоу-коу-дянь

3.Алғашқы адамдардың қарапайым құралдары Чоппер

4. Алғашқы адамдардың маймылдан айырмашылығы Еңбек құралдарын жасай білуі

5.Ғалымдардың айтуы бойынша мұз қай мың жылдықта ери бастады? 13 мың жыл бұрын

6.Неолиттің екінші атауы « Қыш құмыралар дәуірі»

7.Мысты-тас ғасыры (энолит) шамамен алғанда нешінші ғасырларды қамтиды. Б.з.б 3000-2800 ж

8.Қазақстан жеріндегі қола дәуірін зерттеген ғалым 1946ж зерттеген Ә.Марғұлан

9.Киіз үйдің қаңқасы үш бөліктен тұрады. Шаңырақ, уық, керегеден

10.Сақтарға қатысы жоқ тайпа атауы : Гиркани

11. Геродот сақтарды басқаша қалай атаған: Массагет

12.Аппасиактардың астанасы: Шірік-Рабад

13.Сақтардың Томирис патшайымның өмір сүрген уақыты: б.з.б. 570-520ж өмір сүрді

14.Үлкен Бесшатыр обасының атауы Патша қорғандары

15.Есік обасы қай ғасырларға жатады? Б.з.б Ү-ІҮ ғ жатады

16.Үйсін мәдениеті неше жылдай өмір сүрген? 700 жылдай

17.Үйсін тайпалардың басшысын қалай атаған? «Гуньмо»

18. «Авеста» кітабы б.з.б қай ғасырда жазылған б.з.б ҮІ.ғ.

19.Рим империясына қауып төндірген ғұн билеушісі: Еділ (Аттила)

20.Сарыарқаның орталығында өмір сүрген сақтарды қалай атаған: Исссодандар

ІІ тур: «Сөз мағынасын білесің бе?» әр топқа екі-екіден сөздіктер беріледі,жауап бере алмаса келесі топтардан сұралып ұпай айтқан топқа беріледі /5 балдық/

1.Империя император басқаратын,отарлық иеліктері бар монархиялық мемлекет

2.Отар мемлекеттік тәуелсіздіктен айырылған ел

3.сепаратизм өзінше бөлініп шығуға ,жеке билікке ұмтылу

4.жұт қыс қатты болған жылдары аштықтан,суықтан малдың қырылуы,індет,мал өлімі

5.оппазиция қарама-қарсылық,қарсылық көрсету

6.стелла ескерткіш құлпытас

7.шежіресі қазақтардың генеалогиялық кестесі,тарихи жылнама

8.расправа кіші жүздегі ру ақсақалдары кіруге тиісті болған әкімшілік орган

9.барымта жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алып,кек қайтару

10.зайырлы діни емес,азаматтық өмір салты



ІІІ тур: «Дархан даламның батыр бабалары» бұл кезеңде қазақ даласында әр кезеңде өмір сүрген қазақ батырлары туралы білгендерін ортаға салады? Әр топқа екі сұрақтан қойылады:
І топ:
1. Жаугершілік заманында 50 - жылдан астам уақыт қазақ қолын бастаған батыр?/Бөгенбай батыр/
2. Абылай хан бұл батырды тапқырлығы, алғырлығы үшін ерекше бағалаған, бұл қай батыр? /Баян батыр/
ІІ топ:
1. Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» жасауға қатысқан қазақ батыры кім??/Бөгенбай батыр/
2. 7 - жасынан жетім қалған қазақтың дарабоз батыры кім? /Қабанбай батыр/
ІІІ топ:
1. Ұлы Жүздің шапырашты руынан шыққан батыр кім? /Наурызбай батыр/
2. Қазақ халқының азаттығы туралы жырлаған батыр кім? /М. Өтемісұлы/

ІҮ тур: « Маңғыстау тарихын білесің бе?»

1.Ново-Александровск бекінісі қашан салынды? 1934ж

2. «Форт Александровск» нешінші жылы «Форт Шевченко» атанды 1939ж

3.1973-1988жылдары «Маңғышлақ», нешінші жылдан бастап Маңғыстау болып аталды

1990 жылдан

4.Маңғыстау түбегінде халық көтерілісі қай жылы ,кімдер басқарды? 1870ж Иса мен Досан

5.Әлиби Жангелдин бастаған интернационалдық отряд қай жылы келді? 1918ж тамызда

6.Атты әскер командирі 1916ж соғысқа қатысқан маңғыстаулық- Төлесін Алиев

7.Тобанияз Әлниязұлы кім? Ақыл –ойы кмел,өмірден көргені мен түйгені көп,ел қамын ойлайтын,көпке сыйлы ,1918-1920ж «Дала ревкомы», 1920-1923ж Адай уездік ревкомының төрағасы

8.Жалау Мыңбаев кім? 1923ж уездік ревком мүшесі

9.Адай уезінің жер көлемі 256 456 шаршы шақырым

10.Нешінші жылы «Адай уезінде» 5 аудан болды? 1921 ж Ата: Адай-Табын ,Александр Бай, Бозашы , Сенек-Сұмса , Адай уездік ревком,

11. 1931жылғы Адай көтерілісінің туындауына себеп болған жұт қалай аталады? «Аққоянның» жұты

12.Маңғыстау жеріне келген экспедиция құрамында болған ғұлама Әлкей Марғұлан

13.Форт Александровскде орыс тілінде оқытатын алғашқы мектеп,қазір сәулет ескерткіштерінің біріне айналған мектеп қалай аталады ,нешінші жылы салынды? 1978ж «Көк школ » деп аталды

14.1 кластық қыздар училищесі қашан және неше оқушымен бастады? 1896жылы 58 адам оқыды

15.Ә.Марғұлан адайлардың қонақжайлылығы туралы қалай суреттеген: «Олар Ә.Бөкейхановтың халық алдындағы еңбегін бағалай біледі екен.Ә.Бөкейханов адайлар үлкен ілтипатпен тік тұрып қарсы алып,қазақта аса сыйлы қонактарға көрсетілетін құрмет-құлын сойып,қонағасы берген»

16. Маңғыстауда орта мектеп қай жылы ашылды? 1936ж

17. Маңғыстау жерінде алғаш шыққан газет атаулары: «Жаңа жұртшылық » кейін «Колхоз жолы» кейін «Ленин жолы» болып өзгертілді

18. Маңғыстау ауданының газеті «Жаңа өмір »1941 ж бастап шықты

19. «Адай көтерілісі» қашан болды ? 1931ж сәуір- қыркүйек айларында

20.Адайдың жеті қайқын ата: Шолтаман ,Жылкелді,Тұрсын Алдашұлы ,Тастемір, Досат,Әділ Өтегенұлы, Өскенбай Қалмамбетұлы,

Әрі қарай 4 - кезеңнің қорытындысы бойынша нәтижелер шығарылып, жеңімпаздар анықталады, марапатталады





Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Жаңаөзен мектеп-гимназиясы

Екінші деңгейлі,жоғары санатты , тарих пәні мұғалімі Бесімбаева Гүлшара Өмірбайқызы



















: