СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған жылдық жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған жылдық жоспар

Просмотр содержимого документа
«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған жылдық жоспар»

Бекітемін

№34орта мектеп директоры

Д.Х.Нуралиева

«______» ________ 2019 ж.

________________

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай

«Тараз қаласы әкімдігінің №34 орта мектебі»МКМ-де өткізілетін

«Абай – дана, Абай – дара» жобасының

жоспары

р/н

Іс-шара атауы

Өткізілу формасы

Қамтылатын сыныптар

Мерзімі

Жауапты

Мәнерлеп оқу байқауы

«Жаздыгүн шілде болғанда...»


Мәнерлеп оқу (кітаптан, жатқа емес)

1 сыныптар

Қараша

Сынып жетекшілер, Сметова М.

«Жазғытұры қалмайды қыстың сызы...»

Мәнерлеп жатқа оқу

3-4 сыныптар

Қараша

Сынып жетекшілер, Унгарова Г.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

Мәнерлеп оқу

5-6 сыныптар қазақ, орыс тілді сыныптар

Желтоқсан

Сынып жетекшілер, Сметова Б.

Абайдың афоризмдері



«Сегізаяқ» өлеңі

Абайдың қанатты сөздерін жатқа айту

Өлеңді жатқа айту

7-8 қазақ тілді сыныптар

7-8 орыс тілді сыныптар

Желтоқсан

Сынып жетекшілер, Умирбаева А.Ж.

«Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?!»

Поэмалардың бірін жатқа оқу

9ә-10ә-11ә сыныптар

Қаңтар

Сынып жетекшілер, Меңдиярова Қ.Б.

Көркем жазу байқауы

«Ғылым таппай мақтанба...»

Жатқа, көркем жазу

2 сыныптар

Қаңтар

Сынып жетекшілер, Бебезова Ф.Е.

Абайдың қарасөздері

«Білгенге – маржан...» қарасөздерін мәнерлеп оқу байқауы

Қарасөздерін жатқа оқу


Ақпан

Сынып жетекшілер, Дүйсенова А.Т.

Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер

9а, б

Ақпан

Қазақтың мақал - мәтелдері туралы:

29, 24, 5 - сөздер

10а

Ақпан

Бала психологиясы туралы 7-сөз

11а

Ақпан

Абай әндерін орындау байқауы

«Көңілім әнді ұғады...»

Ән байқауы

7-8

Наурыз

Сынып жетекшілер, Көшкінбаев Е.Е., Аманбаева Қ.Ж.

«Құлақтан кіріп бойды алар...»

Ән байқауы

9

Наурыз

«Әнді сүйсең менше сүй...»

Ән байқауы

10а, 11а

Наурыз

Абай шығармашылығына сурет салу

«Ақ киімді денелі, ақ сақалды»

Түрлі-түсті қарындаш, акварель, гуашь сурет байқауы

2-4

Қазан-сәуір

Қуатбек К., Сынып жетекшілер, Яковлева Г.В., Каюпова М.С., Омаркулов Ж.Н., Мусаева Ф.Г.


«Ғылым таппай мақтанба»

Білім, ғылым туралы графикалық сурет байқауы

5-8

«Көңілім әнді ұғады»

Өнер, мәдениет туралы сурет, қолөнер байқауы

9-11





Мақала, эссе, шығарма байқауы

«Әсемпаз болма әрнеге...»

Шығарма

8

Наурыз

Сынып жетекшілер, Құдайбергенова К.Ө.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім...»

Эссе

9

Наурыз

«Пайда ойлама, ар ойла...»

Мақала

10

Наурыз

Шағын ғылыми жоба, іздену жұмыстары

«Ғылым таппай мақтанба»

Шағын ғылыми жоба, іздену жұмыстары

9

Қараша-сәуір

Сынып жетекшілер, Муханова Б.Т.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім...»

10

«Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп»

11

Абайдың 175 жылдығына арнау өлең жазу

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

Авторлық өлең

Барлық сыныптар

Қараша-сәуір

Сынып жетекшілер, Муханова Б.Т.

Педагог құрамына арналған байқау

«Ақынның аты өлмейді...»

Әлеуметтік желілер арқылы #34мектепабай175

Мектептің ұстаздар қауымы

Қараша-мамыр

Қуатбек К.Қ., Муханова Б.Т.

Мерекелік концерт



Мамыр

Қуатбек К.Қ., Көшкінбаев Е.Е.

Жүлдегерлерді марапаттау



Мамыр

Нуралиева Д.Х., Қуатбек К.Қ., Көшкінбаев Е.Е.









































Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай

«Тараз қаласы әкімдігінің №34 орта мектебі»МКМ-нің оқушылары арасында өткізілетін

Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауының

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

    1. Бірінші мектепішілік « Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл» атты байқауға (бұдан әрі – Байқау) Тараз қ. №34 орта мектебінде 2019 жылдың 10 қазан -30қараша аралығында 2-4, 5-10 сынып оқушылары арасында өткізіледі.

    2. Байқау – оқушылардың Абай Құнанбайұлының поэзиялық немесе прозалық шығармаларынан үзіндіні дауыстап оқу бойынша өтетін іс-шара. Байқау аясында оқушыларға олардың өздері таңдап алған, мектеп бағдарламасына енбейтін поэзиялық немесе прозалық шығармадан үзіндіні қазақ тілінде дауыстап оқу тапсырылады.

    3. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • «ҚР Тілдер туралы Заңын» жүзеге асыру;

  • Қазақ халқының мол әдеби-мәдени мұрасын жаңғырту;

  • Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, ағартушы, философ, реалист ақын, гуманист ақын, композитор Абай Құнанбайұлының ұлы мұрасын насихаттау.

  • Оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау;

  • Оқушылардың оқырмандық көзқарасын кеңейту;

  • Дарынды, қабілетті балаларды анықтау, өз таланттарын көрсетуге жағдай жасау.

  1. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу

2.1. Байқауды ұйымдастырушы – Тараз қаласы №34 орта мектебінің әкімшілігі.

2.2. Байқауды ұйымдастыратын және жүргізетін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен тәлімгерлер, мұғалімдер, сынып жетекшілер.

2.3. Байқаудың әділ қазылар алқасы мектеп әкімшілігі бекіткен құрамнан тұрады.

2.4. Байқау 1 кезеңнен тұрады.

  1. Байқаудың шарты

3.1. Байқауда Абай Құнанбайұлының поэзиялық немесе прозалық шығармаларын жатқа оқу;

3.2. Бір оқылымының регламенті 3-5 минуттан аспауы тиіс. Оқу барысында музыкалық сүйемелдеу, декорация, костюм қолдануға болады. Қатысушы дауысын жазуға болмайды. Қатысушылар шығарманы ешкімнің көмегінсіз өзі оқуы тиіс.

3.3. байқауға барлық тілек білдірушілер қатыса алады.



  1. Бағалау

4.1. байқау қатысушыларының мәнерлеп бағалаудың негізгі критерийлері:

- таңдап алған шығарманың өзіндік ерекшеліктері;

- сөйлеу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік бояуы)

- мәтіннің мазмұндық құрылымын сезіну;

- актерлік шеберлік;

- орындаушының сырт келбеті;

- шығарма тақырыбы мен музыкалық сүйемелдеудің, костюм мен декорацияның үндесуі, сәйкестігі.

4.2. Қатысушылар 10 баллдық жүйемен бағаланады.

  1. Байқаудың мерзімі мен кезеңдері

2019 жылдың 16-22 қыркүйек аралығы

  1. Марапаттау

Байқаудың жеңімпазы болып жоғары ұпайлары бойынша қазақ тілде оқытылатын және орыс тілде оқытылатын сыныптар арасынан сәйкесіншее үш қатысушыдан таңдап алынады. Жеңімпаздар дипломдармен, мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталады.