Күні:
Тақырыбы: Ас атасы не?
Мақсаты: 1. Нанның дастарқанға қалай келетін, оған көптеген адамдардың
еңбек сіңіретінін түсіндіру.
2. Нан жайлы ой-өрістерін кеңейту.
3. Еңбек адамдарын сыйлай білуге, нан тағамын қастерлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, нан түрлері, нан туралы мақал-мәтелдер.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ. Ардақты нан! Ана мінез асыл ан,
Жеп үйренген жаным сүйіп жасымнан.
Бір күлшеңді мың есе артық дер едім,
Бар дүниенің інжу, маржан тасынан.
Ситуациялық жағдай: балалар далада ойнап жүр. Қолында наны бар үйден Берік шықты. Ол нанын жеп тауыспай, лақтыра сап балалармен ойнауға жүгірді. Оны көріп қалған Гүлнұр:
Берік, нанды лақтыруға болмайды, - деді.
Біздің үйде нан көп, қаласам басқасын жеймін, - деді Берік.
Сен олай деме, өзің осы нанның дастарқанға қалай келетінін білесің бе?
«Нан дастарқанға қалай келеді?» сюжетті суреттер арқылы нанның дастарқанға келу жолын оқушылар бір-бірден сипаттап береді.
Балалар, күнделікті біз жеп жүрген нанның қанша түрі бар екенін білесіңдер ме?
Нанның 200-ден астам түрі болады екен.Наннан басқа ұннан жасалатын тағамның түрлері қаншама.
«Қуыршақ пен бауырсақ» атты өлеңмен таныстыру.
«Нан қиқымын шашпаңдар» - түскі асты ішіп болған соң, Маржан үстелдегі нан қиқымы мен қалдығын сыпырып алып, қоқысқа тастамақшы болады
Алуа: - Маржан, сен не істегелі жатырсың? Нанның дастарқанға қаншама еңбекпен келетінін түсінген жоқсың ба? Ендеше біз сендермен нан туралы бірнеше өлеңмен танысайық.
Жұмбақ жасыру. Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар. (бидай)
Асты – тас, үсті – тас,
Ортасында піскен ас. (нан)
Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын ашу.
Нан тіршілік көзі.
Бар байлықтың басы – нан.
Даланы дәнге бөлейтін дихан,
Диханды әнге бөлейтін нан.
Есте сақтау!
Дүкенге барғанда нанды өолмен ұстап көру – мәдениетсіздік.
Нанды таза пакетке салу керек.
Нанды таза тақтайдың үстіне қойып тураған жөн.
Қорытынды: Нан болса ойнап кұлеміз,
Нан барда еркін жүреміз.
Тіршілік көзі – нан ғана,
Нан қадірін білеміз.
Күні:
Тақырыбы: Күзгі құбылыстар
Мақсаты: күзгі құбылыстар жайлы балалардың білімдерін пысықтау.
Күз ерекшелітері жайлы ой-өрістерін дамыту.
Табиғатқа деген сүйіспеншлігін арттыру.
Көрнекілігі: суреттер, бейнематериалдар.
Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:
Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Балалар қазір қандай жыл мезгілі? Күз айларын кім атап береді? Ауа райы қандай? Күз жыл мезгілі басқа мезгілдерден несімен ерекшеленеді?
Әсіресе, қандай белгілерден күз мезгілі жақсы байқалады?
Күзгі құбылыстарды атап кетейікші: жиі жаңбыр жауады, күн бұлттанып тұрады, суық жел соғады, күн көзі жер бетіне жылуын аз шашады, күн салқындай бастайды, даланы қыру басады, жиі түман болады.
Жұмбақ шештіру.
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың. (жаңбыр)
Суретпен жұмыс. Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрайды. Құрастырған әңгімелерін сипаттап айтып береді.
Оқушыларға қосымша сұрақтар қойылады:
Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген?
Неге күз маусымы деген ат қойылған?
Алманың қандай түрлерін білесің?
Алмадан не жасайды?
Оның қандай пайдасы бар?
«Күзгі жапырақтар» атты өлеңді оқу.
Дәптермен жұмыс.
тапсырма. Әртүрлі пішінді үш жапырақтың суретін салып, әртүрлі түспен бояп шығу.
Қандай ағаштың жапырақтарын салғандарын сұрау.
тапсырма. Нөсер, өткінші жаңбыр, ақ жаңбыр, жылы жаңбыр, салқын жаңбыр сөздерімен сөйлем құрастыру.
Экология әліппесі: Күзде бау-бақшадағы жапырақтарды сыпырып, жинауға көмектес. Оларды жерге көму керек. Ол үшін жұмыс киім кию керек. Ал неге жерге көму керектігін үлкен кісілерден сұрап анықта.
Қорытынды: Сонымен бүгін біз сендермен немен таныстық?
Күзгі өзгерістерге не жатады екен?
Күз туралы кім қандай тақпақ біледі?
Күні:
Тақырыбы: Мен және табиғат.
Мақсаты: Адам мен табиғат үйлесімділігі жайлы түсінік беру.
«Табиғат», «үйлесімділік» түсініктері туралы ойларын кеңейту.
Табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, дәптер
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың сабаққа дайынджығын тексеру.
ІІ.Психологиялық дайындық
Армысың, алтын Күн! Суларым таза ма?
Көгілдір көк аспан! Талдарым аман ба?
Бармысың, құстарым! Бас ием тауларға
Қанатты достарым! Жамылған қарларға.
Жаңа сабақ.
Айналамызға көз жіберсек, алуан түсті бояуға малынған сұлу көріністі байқаймыз. Ол суреттің ішіне ағащ та,бұта да, шөп те, гүл де, өзен де, көл де,тау мен тас та кіреді. Бұлардың барлығы сені қоршаған дүние немесе табиғат деп аталатынын сендер білесіңдер. Осы дүниенің ішінде сен де барсың.
Табиғатпен біргеміз дегенді қалай түсінесіңдер?
Аймен, Күнмен, жұлдыздармен сөйлесіп көрдіңдер ме?
Әсем табиғаттан, шуақты күннен, жауған жаңбырдан қандай әсер аласыңдар?
Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, шаттыққа кенелтеді. Адам табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын саұтауға көмектеседі.
Жұмбақ шештіру.
Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң – бәріне тең.
Адамзат, жан-жануар соның арқасында,
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. (жер)
Бір түкті кілем, бір түксіз кілем. (жер, аспан)
Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (Күн)
Күндіз бәрі қашады, түнде аспанды басады. (жұлдыз)
Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен. (су)
Балаларға табиғаттың сұлулығын ұғындыру мақсатында тапсырма беру.
Онда суретке қарап, ол туралы өз ойларын айту тапсырылады.
Тыныштық сәті.
Баланың ішкі күйіне үңілуіне, оның табиғатпен байланысын сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті ұйымдастырылады.
Ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Өзөдеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббатқа, шаттыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. Тек жасыл түсті пайдаланып, табиғат құбылыстарының суретін салыңдар.
2-тапсырма. Табиғатқа қамқаорлық жайлы өз ойларыңды жазыңдар.
Қорытынды: Жадыраған Күндейміз, Күндейміз!
Жайнап өскен Гүлдейміз, Гүлдейміз!
Тұнық таза ауамыз, Ауамыз!
Сылдыраған сумыз біз, Тазамыз, Тазамыз!
Күні:
Тақырыбы: Мен және басқалар
Мақсаты: Өзінің және айналасындағы адамдардың қандай екендігін түсінуіне көмек беру. Өзін және айналасын тануға деген қызығушылығын арттыру. Ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сюжетті суреттер.
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Шеңбер құру. Балалар қолдарынан ұстап, бір-біріне зор денсаулық, оқуда табыс, сенімді дос тілейді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушылар суреттерге қарап, «Менің жазғы демалысым» атты әңгіме құрастырады. Жазғы демалыста ата-әжелеріне барғандықтары, бау-бақша күтуге көмектескендері жайлы, табиғат аясына серуенге шыққандықтары, саяхат-сапарға шыққандықтары, аулада ойнаған кездері еске түсіріледі.
Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға «Балапан» деген мәтінді оқып беру.
Жазғы демалыста Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаларды арамшөптеріден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды. барса, жердешиқылдап, сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа. Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды. Арман мен нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін еді.
Ой толғау.
Сен 1 – сыныпта нені жақсы көруші едің? Биыл ше?
Не істей алушы едің? Ал биыл не үйрендің?
Былтыр не армандадың? Ал биылғы арманың қандай?
Былтыр досың қанша болды? Биыл ше?
Шығармашылық тапсырма.
Өсімдіктер мен жан-жануарларыдың өсуіне не ықпал етеді?
Адамның дамуына не ықпал етеді?
Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгеріс байқадыңдар?
Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?
Қорытынды.
Бір-екі сөзбен жазда өздеріңнің жасаған істеріңді айтып беру.
«Мен жаңа дос таптым», «Мен әкеме үй жөндеу жұмыстарына көмектестім», «Мен көрші әжеге дүкеннен азық-түлік әкеп бердім», «Мен гүл өсірдім», «Мен ініме сурет салуды үйреттім», «Мен атам мен әжемнің айтқанын орындадым», т.б.
Күні:
Тақырыбы: Мен нені білемін?
Мақсаты: Әңгіме мазмұнын тыңдай отырып, жыл мезгілдері жайлы білімдерін бекіту. «Жыл бойы» деген жалпы түсінік беретін тіркестермен таныстыру. Балалардың жыл мезгілдеріне байланысты білімдерін анықтау жіне әрі қарай дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, әр баланың жауабына сай асықтар, қалташалар.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ. Бүгін біз жыл мезгіліне байланысты таңғажайып саяхатқа аттанамыз. Жол бойы көптеген аялдамаларға тоқтаймыз, демаламыз.
1 – аялдама. Балалар, айналаға қараңдаршығ айнала ақ көрпе жамылған, өзендер қатып, қалған, жылы киінген балалар шаңғы теуіп жүр.
Оқушылар жауабы:
2 – аялдама. Аспанның түсі суық, сұр бұлт жиі-жиі торлайды. Тырналар сап түзеп, жылы жаққа ұшып бара жатыр. Бау-бақшада жемістер уылжып пісіп тұр.
Оқушылар жауабы:
3 – аялдама. Сай-салада сылдырлап су ағып жатыр. Ағаштар бүршік жара бастады. Құстар ұшып келіп, балалар оларға ұя жасап жүр.
Оқушылар жауабы:
4 – аялдама. айнала қызыл-жасыл гүлге оранған. Көбелектер, аралар гүлден-гүлге қонып жүр. Балалар өзен жағасында күнге қыздырынап жатыр.
Оқушылар жауаптары:
Дұрыс тапқан балалардың қалташасына асықтар салынады.
Енді НЕГЕШ сұрақтарына жауап береміз:
Күз белгілерін ата.
Күз мезгілінде неше ай бар? Олар қалай аталады?
Күзде күн суытқанда қандай құстар жыды жаққа ұшып кетеді?
Қандай құстар ұшпай қалып қояды? Сендер оларға қандай көмек бересіңдер?
Күзде адамдар қандай еңбекпен айналысады?
Неліктен жомарт күз деп атаймыз?
Күз мезгіліне байланысты қандай өлең-тақпақтар білесіңдер?
Күзден кейін қандай жыл мезгілі келеді?
Дәптермен жұмыс. Күздің бір белгісінің суретін салу.
Қорытынды: бу ұшады жоғары,
Сайларға су толады.
Дүрілдейді трактор,
Түрленеді қырат-қыр.
Жұпары аңқып даланың
Иісі мұрын жарады,
Жылы самал соғады,
Бұл қай кезде болады? /көктемде/
Көбелек те, гүл де бір,
Қызыл-жасыл күллі өңір.
Аспан төрі ақша бұлт
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары.
Жидек пісіп толады,
Бұл қай кезде болады? /жазда/
Күні:
Тақырыбы: Ауа туралы аңыз.
Мақсаты: 1. Ауаның тазалығын сақтау туралы ұғым қалыптастыру; табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; ауаны неден және қалай қорғау керектігін ұғындыру.
Көрнекілігі: ауаның құрамы және қасиеттері туралы сызба.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Психологиялық дайындық
Жадыраған Күндейміз, Күндейміз!
Жайнап өскен Гүлдейміз, Гүлдейміз!
Тұнық таза ауамыз, Ауамыз!
Сылдыраған сумыз біз, Тазамыз, Тазамыз!
Жаңа сабақ.
Ауаның қасиетін айтыңдар.
Пікірталас ұйымдастыру. «Ауа таза болу керек» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ауа өсімдіктер, жануарлар, адамның дем алуы үшін қажет деген түсінікті дәлеледеу.
Рөлдік ойын. 4 топқа бөлінеді.
1 – тапсырма.
Адамдар 3. Құстар мен аңдар
Балықтар. 4. Өсімдіктер
Әр топ таңдап алған тақырыбына ауаның маңыздылығын айтады.
2 – тапсырма. 3 топқа бөлінеді.
1 – топ: адам
2 – топ: экологтар
3 – топ: жануарлар
Экологтарға адамдардың үстінен жануарлардың шағымы түседі. Адам жаңа комбинаттар, зауыттар, жанармай колонналарын салу керектігін айтады. Жануарлар адамның жете ойламағандығынан көптеген жануарлардың қырылып жатқандығын айтады.
Жануарларды қорғау туралы экологтар көтереді.
Әңгімені қорытындылай келгенде тақтаға сызба сызылады.
Ауаның ластану себептері


Ормандағы ағаштарды кесу және т.б.
Түрлі қалдықтар, улы газдар, пайдаланылған газ, радиация
Мұғалім әңгімеге араласпай, оқушылардың өздерін сөйлетеді. Пікірталас соңында оқушылар Жердегі тіршілік атаулының бәрі адам әрекеттеріне тәуелді екендігіне, сондықтан адам ауа кеңістігін қорғап, оның тазағын сақтауы тиістігіне көздерін жеткізеді. Ауа – тіршілік көзі.
Дәптермен жұмыс. «Ауа тазалығын сақтаңдар!» тақырыбына сурет салу.
Қорытынды:
Күні:
Тақырыбы: Сусыз тіршілік жоқ.
Мақсаты: 1. Су туралы білімдерін толықтыру. Су қоймаларын ластау, сақтандыру шаралары туралы әңгімелеу, суды үнемдеп пайдалану және оны босқа шығындамау жайлы ой өрісттерін арттыру.
Көрнекілігі: табиғаттағы су айналымы, сызба
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Психологиялық дайындық
Жадыраған Күндейміз, Күндейміз!
Жайнап өскен Гүлдейміз, Гүлдейміз!
Тұнық таза ауамыз, Ауамыз!
Сылдыраған сумыз біз, Тазамыз, Тазамыз!
Жаңа сабақ.
Е. Өтетілеуұлының «Су» өлеңімен таныстыру.
Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар қою.
Су тіршілік көзі дегенді қалай түсінесің?
Судың қандай пайдасы бар?
Сен тұратын жерде суды қорғау үшін қандай шаралар жүзеге асырылады?
«Су» сөзін топтастыру жасау.
Су





Судың үш күйде болатынын еске түсіру.
Судың күйі | Түрлі күйде болуының себептері |
Қатты | Температура 0 градустан төмен болған кезде |
Сұйық | Температура 0 градустан жоғары болған кезде |
Газ тәрізді | Температура, 100 градуста қайнайды. Буға айналады. |
Логикалық тапсырма.
Жүк артқан түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған. Алдарына өзен ағып жатты. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, судан әрең өтіп келе жатқан екінші түйеге қулана қарады. Неге? Қандай жағдай болды?
Дәптермен жұмыс.
«Су» - бес жол өлең құрастыру.
Су.
Ағады, қоректенеді.
Мөлдір, таза, иіссіз.
Су – бұл тіршілік көзі.
«Суға төніп тұр» тақырыбына сурет салу.
Қорытынды: Мына түсініктерді сипатта:
Су – адамның еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика)
Су – қозғалтқыш (паровоз, пароход)
Су – жол (өзен,теңіз көліктері)
Су – бұзушы (сел, дауыл, су тасқыны)
Су - тіршілік
Күні:
Тақырыбы: Орман әншілері мен емшілері.
Мақсаты: оқушылардың құстар, олардың тіршілігі жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту; табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, бейнематериалдар.
Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:
Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Оқушылардың құстар туралы жинаған мәліметтері тыңдалады. Берілген мәтіннің мазмұны сай әңгіме жүргізу.
Айдар айналада болып жатқан өзгерістерді, табиғатты бақылағанды жақсы көреді.
Бірде ол хайуанаттар паркіне барды. Торда отырған алуан түрлі құстарды , олардың дауыстарын естіп, таң-тамаша болды. Кенет көлшіктің ортасында ашылып тұрған аппақ гүлге көзі түсті. Гүл көз алдында ашылып, лезде ғайып болды. Гүл дегені аққу екен.
Айдардың сол күні құстардың алуан түрлілігіне көзі жетті.
Музыка әуенімен «Аққу» биінің элементтерін орындату.
Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Судағы құстың нәні өзі.
Жердегі құстың серкесі,
Көктегі құстың еркесі –
Аққу құсым сен бе едің?
(халық ауыз әдебиеті)
«Құстар» сөзіне топтастыру құру. Жұмбақ шештіру.
пайдалы
Жыл құстары


отырықшы
әдемі
ҚҰСТАР





Қыстап қалатын құстар
дос
қорғаушы
«Кім құстарды көп біледі?» сайыс өткізу.
Шарты: оқушылар өздері білетін құстың аттарын атайды. Кім көп атайды, сол жеңеді.
Өзекті сұрақтар:
Құстар неліктен жылы жаққа ұшып кетеді?
Үйіңнің жанында тіршілік ететін құстарға қандай жағдайлар жасалған?
Қорытынды: Сонымен бүгін біз сендермен немен таныстық?
«Егер біз болмасақ құстарға кім көмектеседі?» пікір – талас
Күні:
Тақырыбы: Жануарлар әлемі.
Мақсаты: жануарлар тіршілігімен танысу. Табиғатпен байланыс орната білу дағдыларын дамыту; табиғатқа қамқорлықпен қарауға үйрету.
Көрнекілігі: жабайы жануарлар суреттері, бейетаспа.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Психологиялық ахуал.
Жұмбақтар шешу.
Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсіп тұр бір басында. (Бұғы)
Жаз бойы орман кезеді,
Жеміс-жидек қорегі.
Апан – оның іні,
Қысқы ермегі – ұйқы. (аю)
ІІ. Жаңа сабақ.
«Жануарлардың жиналысы» ойынын ойнату.
Шарты: оқушылар бірін-бірі көретіндей дөңгелене отырады. Әрбір оқушы өзін бір жануардың орнына қойып, соның атынан сөйлейді. Мысалы,
Біз, бақалар, көктемде ұйқыдан оянып, уылдырық шашамыз...
Жыландар мен кесірткелер...
Аю...
Кірпілер ...
Бұландар ...
Қояндар ...
Жануарлардың табиғатқа тигіетін пайдасы туралы әңгімелесу.
Жануарлардың балаларының аттарымен таныстыру.
Аққудың баласы – көгілдір.
Еліктің баласы – еңлік.
Жолбарыстың баласы – шөнжік.
Аюдың баласы – қонжық.
Бұғының баласы – бұғышақ.
Түлкінің баласы – түлкішек, мыршай.
Жануарлар мен табиғат арасындағы байланысты көрсету.
Өсімдік → дала, орман тышқандары →аю
Өсімдік →жәндіктер→аю
Өсімдік →жәндіктер→кірпілер
Өсімдік →бұлан→қасқырлар т.б.
Қорытынды.
Сызық арқылы әрбір жануардың баласын көрсету.
Күні
Тақырыбы: Табиғаттың тылсым сыры.
Мақсаты.Табиғат туралы білімдерін кеңейту; табиғатқа аялы қарым-қатынасты дамыту; табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнек-құралдар: суреттер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық ахуал.
Армысың, Алтын күн! Бас ием тауларға,
Көгілдір көк аспан! Жамылған қарларға.
Бармысың, құстарым! Жайқалған даланы,
Қанатты достарым! Табиғат – ананы
Суларым таза ма? Көруге асығам
Талдарым аман ба? Келген біз балаңыз!
ІІІ. Жаңа сабақ.
Әңгімелесу.
Табиғатпен біргеміз деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Аймен, Күнмен, жұлдыздармен сөйлесіп көрдіңдер ме?
Әсем табиғаттан, шуақты күннен, жауған жаңбырдан, қандай әсер аласыңдар?
Мәтінмен жұмыс.
Жел.
Қыс мезгілі еді. Таң ата жапалақтап жауған қар түс қайта басылған. Ал кешке қарай алақұйын жел тұрды да, бір-бірте күшейіп, жараған бурадай зілкілдеп, буырқана тапырақтады. Жұп-жұмсақ ұлпа қарды ұйытқыта үйіріп, астан-кестен қып сапырылыстырады. Кенет қардың астынан:
Абайласаңшы, таптайсың ғой!... деген жалынышты нәзік дыбыс естілді. Тосын үннен сасқалақтап қалған жел қанатын жайып жіберіп, қонған құсша жерге шөге қалды. Қибыжықтап қасаттанған қарға қарады.
Оу,неге сонша қиналдың, Ақ ерке?
Білмейсің бе, менің құшағымда Көктемнің гүлі ұйықтап жатыр ғой. Соның ұйқысын бұзып алмашы!...
Қырдың бетін тозаңдатқан ұлпа қарының үнінде аса мейірімді өтініштің лебізі бар. Желдің тарпаңдығын еріксіз тындырды.
Ә, солай ма?... Ендеше қойдым, абыржыма!
Желпінген Жел желігін басып, жерге бауырын төседі де, сұлай кетті. Табиғат құбылыстарының да тілеуі тіршілік сарынымен үндес секілді.
Қорытынды
Тапсырма.
Сурет бойынша табиғат туралы өз ойларын айту.
Тек қана жасыл түсті пайдаланып, табиғаттың суретін салу.
Табиғаттың сырлары тақырыбына әңгіме жазу.
Күні:
Тақырыбы: Дөңгелек үстел.
Мақсаты: Жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, әңгімелей білуге үйрету. Балалар берілген суреттердің мазмұнына сәйкес жаман, жақсы істерді ажыратады және ол неге жаман, жақсы іс-әрекеттер екенін түсіндіреді.
Көрнекі-құралдар: жаман және жақс істерді бейнелейтін іс-әрекеттерден көрініс беретін мазмұнды суреттер.
Ойынның барысы:
Ағаш бұтағын сындырып жатқан баланың әрекетін бейнелейтін сурет.
Ағаштағы құстың ұясын бұзған баланың іс-әрекеттегі суреті.
Әкесімен ағаш отырғызып жүрген баланың әрекетін бейнелейтін сурет.
Құстарға ұя жасап ағашқа іліп жатқан баланың әрекетін бейнелейтін сурет.
Гүлдерге су құйып, қамқорлық жасаған қыздың әрекетін бейнелейтін сурет.
Ағаш бұтағына қонған торғайды рогаткамен атқалы тұрған баланың әрекетін бейнелейтін сурет.
Далада өсіп, айналаға көрік, сән берген гүлдерді бейберекет жұлып жүрген баланың іс-әрекетән бейнелейтін сурет.
Жайлауда қошақанға емізікпен сүт беріп тұрған баланың іс-әрекетін бейнелейтін сурет.
Күні:
Тақырыбы: Ең қызықты жануар.
Мақсаты: Тасбақа жануары жайлы мағлұмат беру. Жануар тіршіліг жайлы ой-өрістерін дамыту. Жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: суреттер, бейнетаспа.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық ахуал.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тасбақа.
Жайбасармын, сылбырмын.
Жүрісім бір өнбейді,
Мыртық аяқ құрғырың,
Жүгіруге көнбейді.
«Тасбақа» мәтінімен таныстыру.
Ең үлкен тасбақа Малайзияда мекендейді. Оның салмағы 1,5 тонна. Олар жұмыртқаларын құмға салады. Ал Алматы хайуанаттар бағында салмағы 1 центнер тасбақа бар. Балалар оған отырып серуендейді екен. Ол тіпті ересек адамдарды да көтереді. Ең үлкен тасбақа жемістер, көкөністермен, жасыл жуамен қоректенеді. Ол сүт, 10 литрге жақын су ішеді.
ІҮ. Шығармашылық тапсырма.
* Тасбақаның суретін салу. Суреттер көрмесін ұйымдастыру.
* Тасбақа жайлы жұмбақ жасыру.
Қорытынды. Сонымен бүгін біз сендермен немен айналыстық?
Күні:
Тақырыбы: Орман тіршілігі.
Мақсаты: Орман тіршілігі жайлы мағлұмат беру. Мекендейтін құстар мен жануарлар туралы ой-өрістерін дамыту. Жануарлар мен құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: орман көрінісі суреттері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық ахуал.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Азық талғамайтындар
Шөп қоректілер
жыртқыштар
Жануарлар
Орман көрінісі суреті бойынша әңгімелесу жүргізу.
Орманда мекендейтін жануарларды топтарға бөлу.
Олар қалай мекен етеді?
«Жануарлар азығын тап» ойынын ойнату.
«Тоқылдық» құсын неге орман емшісі деп атайды?
Өз ойларын айтқызу.
Шығармашылық тапсырма.
Орманда мекен ететін жануарлар мен құстардан өзіңе ұнайтынын бейнелеп бер.
Бекіту. Жұмбақ жасыру.
Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да шу. (түлкі)
Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны. (аю)
Есек емес,
Жылқы емес,
Екеуінің ұқсастығы
Береді тұрқы елес. (құлан)
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
Қорытынды.
Орман және қораның суретін қойылған. Жануарларды тез орналастыру.
Күні:
Тақырыбы: Емші шөптер туралы мағлұмат.
Мақсаты: Емші өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту. Оқушыларды табиғатта өздерін дұрыс ұстауға үйрету.
Көрнекілігі: дәрілік шөптер суреті.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық.
ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс.
Тақтада дәрілік өсімдіктердің суреттері ілінген.
Жұмбақтар шешу.
а)Өзіне шап-шақ, ә) Саздауыт жерде өседі,
Киген қалпағы аппақ, Хош иісі аңқыған,
Балалар тұр қаптап. Шипа өсімдік деседі.
б) Бұтаға ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек.
Шешулері: бақбақ, жалбыз, бүлдірген.
Шығармашылық тапсырма.
Мәтін құрастыру. Бір дәрілік өсімдіктің рөлін алады да, соның атынан 1-жақта сөйлейді.
Бекіту.
Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктердің түрі өте көп. Олар: шайқурай, қалақай, түймедағы, тікенжиде, итмұрын, долана, жусан, т.б.
Табиғат аясында адамдар өздері дұрыс ұстағаны жөн.
Сондықтан мына ережелерді естеріңде сақтап алыңдар:
Гүлшоқтары үшін өсімдіктерді жұлуға болмайды.
Дәрілік өсімдіктерді олар қалың өскен жерден жинау керек.
Орманда, шалғында, жалпы табиғатта соқпақ жолмен жүр, оларды таптама.
Сирек кездесетін дәрілік өсімдіктерді жинауға болмайды.
Жердің байлығы мен сұлулығы адамның қолында екенін ұмытпа.
Қорытынды.
Егер өсімдік сөйлей алса, олар не айтар еді?
«Сен білесің бе?» айдары.
Жұпаргүл ас қорытуды жақсартады.
Түймедақ, өгейшөп қайнатпалары, бал қосылған ұара шомырдың шырыны, сүт қосылған сәбіздің шырыны жөтелге көмектеседі.
Қайыңның шырыны организмді шынықтырады.