Мотивациялық қозғаушы | Балалар дөңгеленіп тұрып, бір- біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. -«Сәлем», -дейміз,-Алтын күн -«Сәлем»,-дейміз,-Жер Ана -«Сәлем», дейміз баршаңа | әуеннің ырғағымен айналу |
Ұйымдастыру-іздену | Жұмбақ шешу. Дәмі де, жоқ, түсі жоқ Пайдаланбас кісі жоқ Ол не? -Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар, жұмабақтың шешуі-су. Су-мөлдір, сұйық зат. Суретпен жұмыс. -су адамға не үшін қажет екен? -Суды ішеміз, тамақ әзірлеу үшін пайдаланамыз Шомыламыз, киімді жуамыз, үйді тазалаймыз. -ал, енді су кімге және не үшін қажет екенін білесіңдер ме? -Иә, сусыз адам да, жануар да, өсімдік те тіршілік ете аламайды. «Су тіршілік-көзі деп» бекер айтпаған. Үлестірмелі материалдармен жұмыс: Шарты: Айсұлуға қол жууға баратын жолды көрсету. Сергіту сәті. «Су айналымы» ертегісін оқып беру. -ертеде су болмай құстар шөлдеп, ағаштар қурап, гүлдер солып қалыпты. Қурап қалған ағаштарға Аяулымның қатты жаны ашыпты. Ойланып тұрып, Аяулым күннен көмек сұрайды. Осы кезде Күн көмекке келеді. Жердегі су Күннің ыстығынан буға айналып, аспанға көтеріледі де, бу бұлтқа айналады бұлтты жел қуалап, су түйіршіктері жерге жаңбыр болып жауады. Жаңбырдан кейін жер тыныс алады. Шөлін қандырған өсімдіктер, құстар, жан-жануарлар Аяулымға рахметін айтады. Сөйтіп, жер беті құлпырып кетеді. Ойын: «Күн мен жаңбыр» Шарты: Балалар Күн дегенде қолдарын жоғары көтеріп, алақандарын ашады, «Жаңбыр жауды» дегенде отырып, еденге саусақтарын тақылдатады. | Балалар шешуін педагогтың көмегімен бірге табады. -сусыз тіршілік жоқ. Су адамдарға,жануарларға,құстарға, өсімдіктерге керек. Балалар педагогтың көмегімен сұраққа жауап қайтарады. Балалар тапсырманы педагогтың көмегімен бірге орындайды. Балалар ертегіні мұқият тыңдайды. Балалар ойынды қызыға ойнайды. |