ТЫҢДАЛЫМ тапсырма Оқушылар мәтінді мұқият тыңдап, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Мәтіндегі кейіпкеріміз қай кезден бастап спортпен айналысқан? Спортты жақсы көру оның сабағына кері әсерін тигізді ма? Мектеп оқушыларының спортты жақсы көруіне кімнің әсері болды? Тапсырма Оқушылар мәтінді оқып, мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады. Мәтін мазмұнына сай сұрақтар құрастыра отырып, бір - бірінің сұрақтарына жауап береді (әр топ екі сұрақ құрастырады). Менің атым – Еркін. Мен бос уақытымда спортпен айналысамын. Әр адам спортпен айналысуы керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Менің отбасымда анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Күнде таңертең ерте тұрып, түрлі жаттығулар жасаймын. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Соның барысында мектепте түрлі спорттық үйірмелер жұмыс атқарады. Атап айтсам, бокс, волейбол, баскетбол, футбол, сонымен қатар шахмат, ұлттық ойын түрлері тоғызқұмалақ үйірмесі ұдайы жүргізіледі. Солардың ішінде мен баскетбол үйірмесіне қатысып келемін. Біздің мектептегі баскетбол үйірмесін Байназаров Бахтияр ағай басқарады. Үйірмеге мектебіміздің жоғары сыныбының ұлдары қатысады. Күнделікті белгіленген уақытта ағайымызбен бірге жаттығулар жүргіземіз. Баскетболдан аудан, облыс көлеміндегі турнирлерге қатысып тұрамыз. Атап айтсам, ауданымызда өткізілген жасөспірім ұлдар арасындағы облыстық ашық біріншілігінде командамыз арнайы дипломмен марапатталды. Биыл мектебіміздің ұлдары аудандық біріншілікті жеңіп алды. Мен болашақта Қазақстанның намысын қорғаймын. Бірінші байлық – денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты болады. Бұл сөз кезегінде жақсы оқуға жемісті еңбект етуге деген ынта–жігерді арттырады. Елбасымыз қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үміт артады. Яғни, дені сау, білімді де, білікті жастарды көзге елестетеді. Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Ұлы ойшыл Сократ: «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақыттты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» -деп айтқандай, адам бақытты болуы үшін оған денсаулық керек. Ал, денсаулықтың кепілі салауаттылық. Дені сау, жан-жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Салауатты өмір салтын ұстанайық , достар! Дескриптор: Мәтіннің мазмұнын түсінеді Мәтіннен қосымша ақпаратты анықтайды Мәтіннен негізігі ақпаратты анықтайды Сұрақтар құрастырады Сұраққа жауап береді Тапсырма Мәтіннен берілген үзінді бойынша әр топ өз дәлелдемелерін келтіреді 1-топ. Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. 2-топ. Дені сау - кедей, ауру патшадан бақыттырақ. Дескриптор: Сергіту сәті: Оқушылар бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді Тапсырма «Аукцион» ойыны. Шарты: цифрлар(яғни балдар) жазылады, оның артында сұрақтар. Топтың кез –келген мүшесі санды таңдайды, сұрақ ашылады, жауап беріледі. 10 Мәтін не туралы? 20 Мәтінде қандай ойшыл өз пікірін айтты? 30 Мәтінде кездескен жас, кедей сөздерінің антонимдерін ата 5 Мәтіндегі кейіпкер қандай үйірмеге қатысып жүр? 10 Мәтіндегі кейіпкердің аты кім? 20 Адам баласы спортпен не үшін шұғылданады? 50 Мәтінде спорттың қандай түрлері айтылды? 50 Салауатты өмір салты дегеніміз не екен? 5 Денсаулыққа пайдалы заттар мен зиянды заттарды ата? 30 Еліміздегі қандай атақты спортшыларды білесің? Сабақты бекіту «Тұлғаны таны» әдісі арқылы сабақты бекітемін. Оқушылар өз ойын айтып, Жақсылық Үшкемпіровтің Қазақ елі үшін орны ерекше адам екенін жеткізіп, сол кісі сияқты атақты болуға еңбектену керепіз! |