СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ сын есім, 6 сынып

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ сын есім, 6 сынып. Сын есімнің мағыналық түрлерін ажырату

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ сын есім, 6 сынып»



Қазақ тілі 6 сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

 Сын есімнің мағыналық түрлері

Сілтеме

6-сынып «Қазақ тілі» оқулығы, таныстырылым

Сабақтың мақсаты:

Сын есімнің мағыналық түрлерін таныту, оның жасалу жолдарын меңгерту. Сын есімнің өзіне тән белгілерін білу, синтездеу, талдау салыстыру, ой қорытындысын жасауды игерту, Сөз мағынасына мән беруге тәрбиелеу.

Оқуты нәтижесі

Сын есімнің мағыналық түрлерін меңгереді. Сын есімдерге талдай жасай алады, ой қорытындысын жасауды үйренеді,
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құрады, жеке, топтық жұмыстар арқылы өзіндік пікір, көзқарас қалыптасады.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Топқа бөлу , «Миға шабуыл», тест «ия және жоқ», «Жылдам жауап бер», кері байланыс.

Сабақтың көрнекілігі

Сызба-кесте, слайд, үлестірмелі қағаздар

Түйінді идея

Бірлік болса, тірлік болады.

Пәнаралық байланыс:

әдебиет



Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Уақы-ты

          Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1мин

а) оқушылармен амандасып, түгендеу

б) оқушылардың назарын жаңа сабаққа аударту

Оқушылар сәлемдеседі, назарларын сабаққа аударады

Қызығушылықты ояту Тренинг: "Керемет"

2мин

Оқушыларды шеңберге тұрғызып кезегімен бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтқызу .

Барлығы жақсы қасиеттерді айтып болғаннан кейін керемет еен деп айтып, бір мезгілде бас бармағын көрсетіп, қолдарын жоғары көтереді.

Топ ережесін құру.


1мин

 Топ ережесін құрғызады.

 Топ ережелерін жазып, бекітеді.

Үй тапсырмасын сұрау

5мин

«Сен – маған, мен - саған» әдісімен оқушылардың бір-біріне сұрақ қою арқылы өткенді қайталату. Тест «ия немесе жоқ»
1. Бағдаршам – қос сөз
2. көңіл – туынды сөз
3. біркелкі сөздерді жаппай атайтын сөздерді жалпы есім дейді
4. Мектеп дерексіз зат есім
5. туынды сын есім жалғау арқылы жасалады.

1. үйдей – негізгі сын есім
2. Алатау жалқы есім
3. адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын ұғым атаулары дерексіз зат есім деп аталады.
4. көк ала, ойлы-қырлы – күрделі сын есім
5. –аған, -еген есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақ
1. –лы,-лі, -ды, -ді, -ты, -ті есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақ
2. сын есім заттың қимылынбілдіреді
3. қызық қоңыр - дара сын есім
4. сөздердің түбірлері өзгеріске ұшырап
бірігуін кіріккен сөз дейді
5. жақсы, әдемі сөздері заттың сапалық белгісін білдіреді.
1. қосымшаның 3 түрі бар
2. күрделі атаулардың белгілі тәсілмен қысқартылып алуын қысқарған сөздер дейді.
3.киім-кешек– қайталама қос сөз
4. алғыр – туынды сын есім
5. сын есім тұлғасына қарай екіге бөлінеді

Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді.
Оқушылар «ия» не «жоқ» деп жауап береді

Мағынаны тану

10мин

 Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есім мағынасына қарай екіге бөлінеді
Сапалық сын есім
Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын сын есім
Мыс: ащылау, қызғылт, үлкендеу
Қатыстық сын есім
Заттың сын-сипатын басқа сөз табының (зат есім, есімдік, етістік, үстеулерге жұрнақ жалғану арқылы туынды сын есім) қатысы арқылы білдіретін сын есім
Мыс: алтындай, мейірімді, бақытты, ұйқышыл, түнгі

Оқушылар тыңдайды, ұғынады.

Дәптермен жұмыс.




6мин

122-жаттығу
Қарамен берілген сөздерді қатыстық сын есімге айналдыру
1-топ: бала, өкше, су
2-топ:бұлақ, рақым, ана
3-топ: тер, серги, жас
4-топ: қайғы, мұң, күн
123-жаттығу
Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау
Әр топ қалаған үш сөзді таңдауға болады.
«Жылдам жауап бер»
Сын есімнің астына қатарлап сын есім жаз, тігінен оқығанда бірінші сөз шығу керек
1-топ:
Келбетті
2-топ:
Абыройлы
3-топ
Инабатты
4-топ:
Тәрбиелі

Әр топ өздерінің берілген тапсырмаларын орындайды.

Сергіту сәті



3мин

 «Көршінің бейнесі» ойыны. Шарты: Бастаушы оқушы сын есім сөз арқылы көршісін сипаттайды, келесі оқушы солай жалғастыра береді.

Ойынның шарты бойынша оқушылар ойнайды.

Жұптық жұмыс.

4мин

«Мағыналық түріне ажырат» Оқушыларды жұптастырып, сын есімнің сапалық, қатыстық түрлеріне мысалдар жаздыру

Оқушылар жұптастасады, сын есімнің сапалық, қатыстық түрлеріне мысалдар жазады.

Семантикалық картамен жұмыс

3мин

 Әр топқа кеспе таратылып беріледі.

Берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

Шығармашылық жұмыс

5мин

1- топ: Менің сыныбым
2- топ: Менің мектебім
3- топ: Менің ұстазым
4- топ: Менің досым

Берілген тақырыпқа сын есім сөздерді қатыстырып, мәтін құрау

Үйге тапсырма

1мин

125-жаттығу, ереже жаттау

Тапсырмаларды белгілеп алады.

Бағалау



1

Жинаған жұлдызшалар арқылы бағалау. Жинаған жұлдызшаларын ұсынады

Жинаған жұлдызшаларын ұсынады .

Рефлексия

2мин

Кері байланыс «Ойлаудың бес гүлі» Сабақ барысындағы іс-әрекеттерін гүл жапырақшаларына қорытындылап жазады.


Сабақ барысындағы іс-әрекеттерін гүл жапырақшаларына қорытындылап жазады.