БАГАЖДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕН БЕРУ.
140. Багаж тағайындалған станциясына келгеннен кейін алушыға ол багаж квитанциясы мен жеке басын куәландыратын құжат ұсынғаннан кейін беріледі (станция қабылдау мен беру бойынша операцияларды орындау үшін ашық уақыт барысында). Бұл ретте, багаж квитанциясы қайтып алынып, багаж жол ведомісіне жапсырылады және темір жол көлігінің ұйымына жіберіледі. Жолаушының (алушының) қалауы бойынша тағайындалған станция тәулік өткеннен кейін (келген күнін есептемегенде) алушыға телефон арқылы, тапсырысты хатпен (тапсырысты ашық хатпен) немесе басқа да жолмен оның атына багаж келгені туралы хабарлайды.
Хабарландырғаны үшін белгіленген (тариф) алым алынады.
Егер тағайындалған станция жолаушыға багаждың келгені туралы хабарламаны белгіленген мерзімде бермесе, онда ол хабарлама жіберілгенге дейінгі багажды сақтаудың өткізіп алған күндері үшін төлем алу құқығынан айырылады.
141. Келген багаж станция жолаушы тасымалдары бойынша операциялар үшін ашық кездегі уақыты ішінде беріледі. Багаж тағайындалған станциясында поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы тікелей багаж вагонынан бере алады (таңба бойынша қабылданған багаждан басқа).
Тасымалдаушы аралық станцияда келген багажды беру бойынша операцияларды поезд өткеннен кейін 2 (екі) сағаттан кешіктірмей, ал соңғы станцияларда - багаж вагонын түсіргеннен кейін жүргізеді.
Көлік құралдары бар болғанда багаж жолаушының (алушының) қалауы бойынша ол көрсеткен жерге дейін белгіленген ставкалар бойынша ақы алынғаннан кейін жеткізілуі мүмкін.
Алушы багаждың салмағын тексере алады. Багаждың салмағын тексеру үшін төлем алынбайды.
142. Багаж келмеген жағдайда, ал оны беруді жолаушы (алушы) талап еткен кезде, тағайындалған станция багаж квитанциясының кері жағына жеткізу мерзімі өтіп кеткеннен кейін "Багаж келген жоқ" деген белгі жасауға, жылын, айын және күнін көрсетумен мөртабанын қоюға және жолаушыдан (алушыдан) багаж келгені туралы хабарлама беруді жіберу үшін оның мекенжайы көрсетілген өтініш алуға міндетті. Осы жағдайда хабарлама үшін ақы алынбайды.
143. Багажды жеткізу мерзімі багаж жіберілген поездың қозғалыс кестесіне сәйкес темір жол тағайындалған станциясына жету уақытымен анықталады. Егер багаж маршрут бойынша жолда асқынжүкпен баратын болса, онда багажды жеткізу мерзімі осы маршрут бойынша келісілген поездардың жүру уақытымен әрбір асқынжүкке 1 тәулік қосумен белгіленеді.
144. Іздеп табылған багаждың келгені туралы тағайындау станциясы оның келген күні жолаушыға (алушыға) тапсырысты хатпен (тапсырысты ашық хатпен) хабарлама жіберуге міндетті.
Егер тағайындалған станция іздеп табылған багаждың келгені туралы хабарламаса, онда ол хабарландыру жібергенге дейін багажды сақтаған күндері үшін төлем алу құқығынан айрылады.
Просмотр содержимого документа
«Багажды қабылдау мен беру»