Мазмұны.
І. Кіріспе бөлім
1.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлға ретінде дамуы мен физикалық денсаулығы мықты болып қалыптасуы.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Дене шынықтыру сабақтарында дәстүрден тыс әдістерді қолдана отырып, бала денсаулығын нығайту және дамыту.
2.2. Дене шынықтыру сабақтарындағы дәстүрден тыс әдістер.
2.3. Дәстүрден тыс сабақ жоспары.
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Мақсаты
Денсаулықты дене шынықтырудың дәстүрден тыс әдістерін пайдалана отырып, физикалық , психологиялық тұрғыдан нығайту болып табылады.
Міндеттері
Дәстүрден тыс әдістерді қолдана отырып, әр баланы өз бетімен шынығуға үйрету;
Жаттығулардың барлық түрлерін нақты орындауға , қимыл-қозғалыс қажеттілігін дамыту;
Ұйымдастыру қабілетін дамыту, өз қатарластарымен жолдастық қарым-қатынасты қолдау. Ерте жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Өзектілігі
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру сабақтары дәстүрлі, мемлекеттік білім стандартына байланысты өтіледі, дәстүрден тыс әдістері үнемі қолданылмайды, алдағы уақытта осы әдістерді қолдана отырып, бүлдіршіндердің денсаулықтарын нығайту мақсаты алға қойылып отыр.
Күтілетін нәтиже
стандартқа сай емес құрал – жабдықтарды қолдана отырып, ойын сабақтары, жаттығуларының жүйесі арқылы жүзеге асатын баланың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту және дамыту;
мектепке дейінгі жастағы топ балаларында кездесетін ауруларды алдын – алу және ағзасын сауықтыруды қамтамасыз ету;
денсаулығы, жалпы төзімділігі, жұмыс қабілеттілігі мен өмір тіршілігі және тағы да басқа қасиеттері дамыған жеке тұлға қалыптастыру;
өз қатарластарымен жолдастық қарым-қатынастарын қолдап, ұйымшыл бола білулерін дамыту;
дене сымбаттылығы қалыптасқан,
І. Кіріспе бөлім
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлға ретінде дамуы мен физикалық денсаулығы мықты болып қалыптасуы.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттілігін айтқанындай, жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті, салауатты өмір құндылықтарын енгізу − біздің міндетіміз. Сондықтан бала денсаулығын нығайтып, психологиялық сақтандыруды жүзеге асыру және оның насихаттау шараларын белсендірек жүргізу балабақшадан басталғаны абзал. Жеке тұлғаның дамуы үшін мектепке дейінгі кезең ең қолайлы кезеңі болып саналады, себебі оқу-тәрбие үрдісін салауаттандыру
мақсатын жүзеге асыруда, балалардың жеке психологиялық, физиологиялық денсаулықтарын сақтауды ескеру аса маңызды.«2030 Қазақстан Республикасының гүлденуі мен ұзақ мерзімді даму және өркендеу бағдарламасын» жүзеге асыру жобасының аясында мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлға ретінде дамуы мен физикалық денсаулығы мықты болып қалыптасуы ерекше орын алады. Дәл осы жаста мақсатты бағытқа көзделген педагогикалық әсер ету нәтижесінің арқасында денсаулығы, жалпы төзімділігі, жұмыс қабілеттілігі мен өмір тіршілігі және тағы да басқа қасиеттері, жеке тұлға болып дамуына қажетті басқа да қырлары қалыптасады.
Осы принципті іске асыра отырып, денсаулықты физикалық және психологиялық тұрғыдан дамыту және қалыптастыру баланың жас ерекшелігін және жеке тұлға ерекшеліктерін ескере отырып жасалады. Дене шынықтырудың дәстүрден тыс әдістері қолданылған: өз денесін иеленуге арналған хатка-йога жаттығулары; газ алмасу мен қан айналымын жақсартатын тыныс алу жаттығулары; К.П.Бутейконың терең тыныс алуды жоюға арналған тексеру үзілісі; тратака - көру қабілетін жақсарту және көзбен шамалауды дамыту жаттығулары өмірлік маңызды дене мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттырады;
Нүктелі-сауықтыру массаждары әртүрлі аурулардың алдын алады; сонымен қатар релаксация – көңіл – күйді, қал – жағдайды жақсартуға әсер ететін, психикалық және физикалық босаңсуға арналған жаттығулар.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Дене шынықтыру сабақтарында дәстүрден тыс әдістерді қолдана отырып, бала денсаулығын нығайту және дамыту.
Дәстүрден тыс әдістерді қолдана отырып, мектепке дейінгі жастағы баланың физикалық дамуындағы міндеттерін шешуге болады. Бала денсаулығын сауықтырудағы дәстүрлі емес әдістерге негізделген. Бала денсаулығын нығайтудың негізгі мақсаты –стандартқа сай емес құрал – жабдықтарды қолдана отырып, ойын сабақтары, жаттығуларының жүйесі арқылы жүзеге асатын баланың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту және дамыту. Осы бағытта жұмыс жүргізу барысында ортаңғы және ересек жастағы топ балаларында кездесетін ауруларды алдын – алу және ағзасын сауықтыруды қамтамасыз етеді. «2030 Қазақстан Республикасының гүлденуі мен ұзақ мерзімді даму және өркендеу бағдарламасын» жүзеге асыру тарапынан жекелікті дамыту проблемасымен мектепке дейінгі денсаулығы мықты баланы қалыптастыру маңызды орын алады.
Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының типтік принципін сақтай отырып, сауықтырудың стандартқа сай емес әдістерін енгізе отырып, негізделген дәстүрден тыс әдістерді сабақтарда қолдану бала денсаулығын нығайту мен сауықтыру мақсатын жүзеге асырудың жеңіл жолдары деп есептеуге болады.Бұл бағытта жұмыс жүргізудің стандартқа сай емес құрал – жабдықтарды қолдана отырып, ойын сабақтары, жаттығуларының жүйесі арқылы жүзеге асатын баланың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту мен дамыту. Сонымен қатар дәстүрден тыс әдістер арқылы жұмыс жүргізу кезінде балаларда көптеген ауруларды алдын – алуға және ағзасын бекітуге себепші болады. Ортаңғы топ балаларының жас ерекшеліктеріне қарай қимыл – қозғалыс пен дағдылардың физикалық сапалықтың даму деңгейінің шарттары дұрыс әрі ықпалды жолдарды қолдануда айқындалады. Физикалық сапалықтың дамуы хатха-йога, тыныс алу жатттығулары, нүктелі массажды, релаксация, тратаканы қолданудың әсерінен іске асады. Осының нәтижесінде балалардың қимыл – қозғалыс мүмкіндіктері молайып байып кеңейеді, олардың күштері артады.
Ересек жастағы топтарда балалардың қимыл – қозғалыс белсенділігі әртүрлі болып келеді. Көптеген спорттық жаттығуларды орындаудың жаңа түрлерін меңгеруден басталады. Хатха-йога жаттығуларының қалпы күрделене түседі, тазарту тынысы, кейбір дана жаттығулары, хуа-то, ушу сияқты түрлеріде қосылады. Ересек топтағы балалардың даму деңгейінің жетістігі олардың мектепте оқуға дайын екендігін және алға қарай жетілдіруді жоспарлауды көрсетеді.Әртүрлі жаттығулар кезінде денесінің қимыл-қозғалыстарына байыппен саналы түрде мән беруге үйрету, дене сымбаттылығын сақтай білуді қалыптастыруға дағдыландырады.
Балаларда төзімділікті, ептілікті және басқа да физикалық қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, олардың алғашқы кезең тәрбиесінен басталады. Өз қатарластарымен жолдастық қарым-қатынастарын қолдап, ұйымшыл бола білулерін дамытады.
2.2. Дене шынықтыру сабақтарындағы дәстүрден тыс әдістер.
Спорттық шаралар мен ойын-сауықтар
Балалардың өз бетімен қалыптасуын, төзімділігін, ынта-ықыласын, қимыл-қозғалыстағы жылдамдық реакцияларын, күшін. Жүгіру мен секірудегі жетістерін дамыту. Балалардың ойындарда, жарыстарда ынта-ықыласын, тез шешім қабылдауларын, батылдығын мақтай білу. Өз араларында жолдастық қарым-қатынасты, ұйымдастыруды қалыптастыру.
Стретчинг (Созылу)
Стретчинг алғаш Швецияда пайда болып, 20 жыл ішінде бүкіл әлемге белсенді түрде таратылды. Стретчинпен айналысқанда сіз денеңіздің жоғары жұмыс істеу қабілеттігіне ие боласыз және жүрек жүйесінің жұмысын жақсартатынына көздеріңізді жеткізе аласыз. Ағылшын тілінен аударғанда «to stretch» етістігі «созылу» деген мағынаны білдіреді.
адамның өз денесімен өздігімен созылмалы жаттығулармен айналысуы.
адам қозғалмай жатады, ал екінші адам оған жаттығуларды жасап тұрады.
айналмалы әрекеттер
статикалық бір жаттығудың ұзақ уақыт бойы жасалуы.