СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Балаларға арналған картотека.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды түстер жүйесімен таныстыру. Спектрдегі түстердің орналасуымен таныстыру

Просмотр содержимого документа
«Балаларға арналған картотека.»

Картотека № 1 «Кемпірқосақ»


Мақсаты: Балаларды түстер жүйесімен таныстыру. Спектрдегі түстердің орналасуымен таныстыру
Көрнекіліктер: «Кемпірқосақ» суреті.
Толық аяқталмаған кемпірқосақ қағаздары. Жапсыруды аяқтауға ареалған жеті түсті жолақшалар. Жапсыру құралдары.
Ойын барысы: Балалардан жауыннан кейінгі шығатын кемпірқосақты кімнің көргенін, онда қандай түстер бар екенін сұрап, ойын құралдарын тақтаға іледі, түстерді толық атын атап орналастырады. Жеке балалардың алдарына ойын құралдары үлестіріліп балалар өз бетімен жұмысты үлгіге қарай отырып орналастырады.

Картотека № 2 «Қуыршақты серуенге киіндіріп, шығарайық»


Мақсаты: Негізгі түстерді меңгеруге, киім атауын атай білуге және сөйлемде қолдана білуге жаттықтыру.
Ойын құралдары: 4 түсті пальто киген қыздар / панносы/көк, қоңыр, қызыл, жасыл,
Ойын барысы: Педагог балаларға қуыршақтың серуенге шығатындығын, ол үшін
Қуыршақтың үстіндегі пальто түсіне сәйкес бас және аяқ киімдерді
таңдап алуға көмектесулерін сұрайды. Балалар түрлі түстердің арасынан өзіне қажетті киімдерді таңдап киіндіреді.





























































Картотека № 3 «Дүкен»


Мақсаты: Ойын барысында рөлдерді ойнай білуге үйрету.

Барысы: Тәрбиеші балаларға санамақ арқылы сатушы және алушы рөлдерін анықтайды. Сатушы заттар түрлерін таныстырады.

Құралдары: Азық-түлік, киім-кешек, ойыншықтар, т.б.































Картотека № 4 «Дәрігер»


Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды оната отырып, жан-жақты дамыту. Тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Барысы: Тәрбиеші санамақ арқылы дәрігерді таңдайды. Қалған балалар емделуші рөлін ойнайды.

Құралдары: Медициналық ойыншық құралдар.