СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНА.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-ананың бас куанышы, кызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Дүниеге келерінде де, келген соң да әке-шешесін бірден-ақ татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақырып, ата-ана көңілін жакындастыра түсетін де – бала.

Отбасы – ең алғаш рет тұлганы дамытатын кішігірім орта. Қоғамдағы отбасының мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. 

Просмотр содержимого документа
«БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНА.»

БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНА.

Ата-ананың бас куанышы, кызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Дүниеге келерінде де, келген соң да әке-шешесін бірден-ақ татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақырып, ата-ана көңілін жакындастыра түсетін де – бала.

Отбасы – ең алғаш рет тұлганы дамытатын кішігірім орта. Қоғамдағы отбасының мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру.

Баланың құқы жөніндегі конвенцияның 5-11-баптарында отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы маххабат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, түсінушілік, ұйымшылдық, мәдениеттілік қасиеттері ықпал етеді. Отбасы тәрбиесі – қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі. Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ен жақын әлеуметтік орта. Отбасы – салт-дәстүрлердің, үлгі-өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысып, моральдық, рухани нормаларды игереді. Отбасындағы басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс-әрекетін ұйымдастыру. Ол ушін баланың күн тәртібі, жеке басына қойлатын талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уакытын дұрыс ұйымдастыру сияқты мәселелерге баса көңіл бөлген жөн. Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім алуына ата-ана барынша жағдай жасауы тиіс.

Бала тәуліктің 1/4 бөлігінде, яғни, 6 сағат мектепте болса 18 сағат өз отбасында алады. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген нақыл сөз тегін айтылмаған. Ата –ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді.

Бала тәрбиесі –өте күрделі үрдіс. Оның күрделілігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл-күйімен және қабілетімен, икемділігімен,қадағалау кажеттіліктермен ұғынылады. Тәрбие баланың кішкентай сәбі кезінен бастап кәрілік кезеңіне дейін бірнеше кезендерді қамтып өтеді екен .

1Нәресте-ана құрсағынан шыққан сәбилік кезені.

2Бүлдіршін-балалық кезені.

3Қоршаған ортамен танысу. 4Бала-бақша, мектеп, тағы сол сияқты оқу орындары.

5Жұмыс орны.

6Кәрілік кезең. Бұл кезендер өзіне сай ерекшеліктерімен адам өмірінің сатылары болып табылады.

Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтады. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп , ата-ананы өмірдң тірегі санайды. Эпик те «Күллі ғажаптың ішінде ең тамашысы-жақсы тәрбиеленген адам» деп пайымдайды. Ата-ана-отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.

Ата-ананың тіршілігіндегі көргенқызығы жақсылығының ең бағалысы ол-перзенті. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі, Адамның жеке басының алғашкы калыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашкы адамгершілік белгілері отбасында калыптасады, сондыктан да туған ұйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сакталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашкы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жаксы білуі тиіс.

Ата-ананың міндеті:

1.Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;

2.Білім алуына көмектесуге міндетті;

3.Жүйелі білім алуына жагдай жасауға міндетті;

4.Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті.

5Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін заттарды қолданбауға,балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті.

6 Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қыйна, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла,-деген қадиғаны берік сақтауға міндетті.

Ата-ананың жауапкершілігі .

1Балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін жауапты.

2 Мүғалімге, мектептің педагогиқалық ұжымын балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты.

3 Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.

4Баланың адамгершілік тәрбие алу үшін өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты.

5Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты.

6 Кәмелеттік жасқа жеткенге дейін баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.