СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Баланың мектептегі алғашқы күні"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала алғаш мектепке келгенде ең бірінші қарым -қатынасты мұғаліммен жасайды. Алғашқы күн балалар үшін ерекше. Бүлдіршіндер бейне бір үлкен өмірге аяқ басқандай жəне өздерін үлкен адамдарша көрсетуге тырысады. Бəрібір балалар балалықтың базарынан алыстай алмай, сол жаққа ауып тұратынын аңғарасың.

Просмотр содержимого документа
«"Баланың мектептегі алғашқы күні"»

Астана қаласы

Гуманитарлық колледжі

Мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту”

мамандығы бойынша оқитын

214 кб тобының студенті

Қылышбаева Сұлушаштың

Мектептегі алғашқы күн” тақырыбындағы



ЭССЕ

  • Кезекті практикамыз 02.09 – 14.09.17 ж аралығында Астана қаласы 54 мектеп-лицейінің 1”В” сыныбында “Баланың мектептегі алғашқы күндері” практикасымен басталды.

  • Бала алғаш мектепке келгенде ең бірінші қарым -қатынасты мұғаліммен жасайды. Алғашқы күн балалар үшін ерекше. Бүлдіршіндер бейне бір үлкен өмірге аяқ басқандай жəне өздерін үлкен адамдарша көрсетуге тырысады. Бəрібір балалар балалықтың базарынан алыстай алмай, сол жаққа ауып тұратынын аңғарасың. Тəжірибе жинау барысында осы жолы Астана қаласындағы 54 мектеп-лицейінің 1”В” сыныбына алынған жас буындардың мектептегі алғашқы күндерін жетекшіміз Тайманова Райхан Тыныштыкбайқызымен бірге қарсы алдық. Осылайша 4 курстағы бірінші практиканың есігін балалардың мектепке алғаш келуімен бірге аштым. Бүлдіршіндердің алғашқы мектепке келуі бұл бір қызық сəт. Өзімнің мектептегі алғашқы күнімді еске түсіре алмай əлекпін. Балалар да ертең осы мектептегі алғашқы күндерін есінде сақтар ма екен?! Сактауы мүмкін, өйткені оларды өзінің қанатының астына алған ұстазы Райхан Тыныштықбайқызы осал емес сияқты. Балаларды өзіне бірден қаратып, өзегінен өрбіп шыққан өнегелі сөздерін ұйып тыңдап қалған бүлдіршіндер тапсырманы бірден ұғып, орындап кеткені ұстаздың даналығын аңғартады. Осындай ұстаздардың асқақ арманы бүлдіршіндердің болашақта өз орындарын тауып, елге кішкене болсада еңбектерін сіңірсе деген үміт қой бəрімізде. Сол сенім ақталып жатса мұғалімнің бағы жанғаны. Баланың қандай жағдайда білімі жоғары, ақылды, жан- жақты, адамгершілігі мол сияқты құндылықтардың қалыптасуына ұшқан ұясы, балабақша, мектеп, қоршаған орта ғана дəлел бола алады. Тəжірибе барысында 54 мектеп- лицейінің 1”В” сыныбының жетекшісі Райхан Тыныштықбаевнаны жан -жақты қырынан байқадық. Сабақты өте мəнді, қызықты өткізуді, оның үстіне əр сабақ сайын балаларды жалықтырмай сергітіп отыруы жəне біздің тəрбие үстіне тəрбие қосуымызға қол үшін бергені ғой. Біз тəжірибе жинау кезінде көп нəрсені ұғындық. Осы жолы мен балабақша мен мектептің арасындағы айырмашылықты айқындадым. Мектеп деген əлем балабақша əлемінен əлдеқайда ересек екен.

  • Тəжірибе кезінде мен балалардың болашағынан педагог ретінде зор үміт күтемін. Себебі олар мен бірге өткізген мектептегі ең алғашқы күндер қызықты өтті. Болашағынан көп үміт күттіретін жас буындардың 54 мектеп-лицейді таңдап келгендері Райхан Тыныштықбайқызының көңілінен шықты. Сонымен мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын балалар педагогтің мол сенімін ақтап шығатынына сенемін.