СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бастауыш сынып бойынша сыныптан тыс іс-шаралар әзірлемелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жоғары сынып оқушыларына арналған сабақ әзірлемелері.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып бойынша сыныптан тыс іс-шаралар әзірлемелері»

Жаңа жыл мерекесінің сценарийі

8-11 сынып

1 жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2 жүргізуші: Армысыздар, құрметті жанкүйерлер! Бүгінгі «Жаңа жыл» мерекесіне қош келдіңіздер!

1 жүргізуші: Жаңалық күтетін жаңа жыл несімен қызықты болар екен қалай ойлайсың?

2 жүргізуші: Өмірді қызықты қылу өз қолымызда емес пе, солай ма, достар?

1 жүргізуші: Олай болса, бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, «Жаңа жыл» сайысының шарттарымен таныс болыңыздар.

  1. Әр сынып өз өнерлерін көрсетеді.

  2. Әр сынып 1 ойынды ойнатады.

2 жүргізуші: Тұра тұр, Жаңа жылдық кешімізді бастамас бұрын Аяз атаны шақырмаймыз ба?

1 жүргізуші: Дұрыс айтасың, Аяз атасыз жаңа жылдық кеш кеш емес қой.

2 жүргізуші: Ендеше, оқушылар барлығымыз бірдей Аяз атаны шақырайық. (Аяз ата... Аяз ата.. деп айғайлайды)

Балалар: Аяз ата, Ақшақар.

Аяз ата:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде

Кездессем деп сендермен,

Таратсам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

2 жүргізуші: Қане, оқушылар алыстан шаршап келген Аяз атаға өз өнерімізді көрсетейік. Ендеше, сайыскерлерімізді әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Әділқазылар алқасының төрағасы Аяз ата.

  2. Өзін—өзі тану пәнінің мұғалімі -------

  3. Бастауыш сынып мұғалімі ----------------------

Сайыс 5 балдық жүйемен бағаланады. Сыныптар өнерлеріңізді, әрі ойындарыңызды көрсетесіздер.

1 жүргізуші: Ал, енді сайысымызды бастайық!

2 жүргізуші: Ортаға өз өнерлерін көрсетуге 8 «А» сыныбын шақырамыз.

1 жүргізуші: Ортада 8 «Ә» сыныбы

2 жүргізуші: Алдарыңызда 8«Б» сыныбы

1 жүргізуші: Ендігі кезекте 9«А» сыныбы

2 жүргізуші: Келесі ортаға шығатын сынып 9 «Ә»

1 жүргізуші: Енді 9 «Б» сыныбын шақырамыз.

2 жүргізуші: Өз өнерімен 10 «А» сыныбын шақырамыз.

1 жүргізуші: ортада 10 «Ә» сыныбы.

2 жүргізуші: 1 сайысты аяқтайтын 11 «А» сыныбы


1 жүргізуші: Ал, енді сайысымыздың осы кезеңі бойынша біздің әділқазылар алқасы сайыскерлерді қалай бағалар екен?

2 жүргізуші: Кезек әділқазылар алқасында. Сонымен:

8 «А» сыныбының ұпай сандары

8 «Ә» сыныбының ұпай сандары

8 «Б» сыныбының қпай сандары

9 «А» сыныбының ұпай сандары

9 «Ә» сыныбының ұпай сандары

9 «Б» сыныбының ұпай сандары

10 «А» сыныбының ұпай сандары

10 «Ә» сыныбының ұпай сандары

11 «А» сыныбының ұпай сандары


2 жүргізуші: Сонымен, сайысты әділқазылар алқасы қорытындылағанша, дастарханымызды жинастырып, мәжіліс залына би кешіне шақырамыз.

Мәжіліс залы

1 жүргізуші: оқушылар мен мұғалімдер, әділқазылар алқасының шешімін естуге дайынбыз ба? (Әділқазылар сөйлейді)

2 жүргізуші: Сіздер үшін би кеші басталды.