СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бастауыш сынып "Ша?ыра?" лагері жоба ж?мысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныпта о?ушыларды? ?здігінен ізденіп,?мірге бейімделу ма?сатында ?ылыми-жоба ж?мыстарына баулу. Осы ма?сатта бірнеше жоба ж?мыстарын о?ушылармен зерттедік. Соны? бірі - "Ша?ыра?" лагері жобасы. б?л жоба ауылда жазда балалар демалу ?шін уа?ытын тиімді ?ткізу ма?сатында о?ушылар то?ай ішіне лагерь жобасын ??рды.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып "Ша?ыра?" лагері жоба ж?мысы»

«Ключевой орта мектебі» ММ





ЖОБА



Тақырып: Жазғы демалыс лагерь алаңы







Орындаған: 1 «А»,3 «А» сынып



Жоба жетекшісі: Карбозова С.Т.

















2013-14 оқу жылы

Мақсаты: Заман талабына сай лагерь алаңын орнату. Ынтымақ пен достық орнату, жаз айында оқушылардың уақытын тиімді ұйымдастыру. Тәлім-тәрбиелік шараларды ұйымдастыру арқылы оқушылардың ішкі жан-дүниесін жаңарту, рухани азық алу, өмірге бейімдеу.

Міндеттері:

  • Өз денсаулығымыздың өсіп-жетілуіне мән беру;

  • Ойын әрекеттері барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеру;

  • Достық, жолдастық сйыластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғына түсу;

  • Туған жердің табиғатының және экологиялық маңызына мән беру;

  • Әр оқушыда азаматтық-елжандылық сана қалыптастыру;

  • Ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр және т.б. ұғымдарды меңгеруін қалыптастыру.

















Жоба барысы:

Жаз айлары мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды.

Жазғы демалыс – біздің жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Бастауыш және орта буын сынып балалары үшін бұл уақыт тән-тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейіп, көзқарас қалыптасып, ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жазғы демалыс лагері жобасын ұсынып отырған себебіміз, біз осы мектепте бір жылдай оқыдық. Сондықтан демалыс лагерін тоғай аймағында болғанын армандаймыз. Осыған орай біз мынадай жоба жұмысын құрастырып сіздерге ұсынбақшымыз.

Макеттің түсіндірілуі:

  1. Лагерь аймағына тоғайдың ішінен қолайлы жерді таңдап алу;

  2. Лагерь санитарлық басқа да талаптарға сай болуы;

  3. Лагерь алаңы міндетті түрде қоршалуы тиіс;

  4. Лагердің атын: «Шаңырақ» деп алдық;

  5. Балаларға арналған шағын үй салу; (ағаштан)

  6. Күннен қорғалатын шатыршалар орындықтарымен бірге;

  7. Бірнеше палаткалар орнату;

  8. Балаларға демалуға ыңғайлы ағашқа байланған тор жатақтары;

  9. Сонымен қатар жақын маңда спорт алаңының болуы (волейбол ойнайтын тор, теннис стөлі т.б.);

  10. Өте күн ыстық болған кезде балалардың ең жақсы көретіні суға шомылу. Біз қауіпсіздік ережесін сақтай отырып бұлаққа жақын бірнеше үрленген жасама хауыздар орнату;

  11. Лагердің түрлі жұмыстарын жүзеге асыру және талқылау мақсатында жиын өткізілетін, бас қосатын орын салу;

  12. Өнерлерін көрсету мақсатында лагерь сахнасын салу.(Соңғы күні «Жұлдызды түн» өткізу. Бұл түнге ауданның жұлдыздарын немесе басқа да жұлдыздарды шақыруға болады)

  13. Үйдің қасына үстел мен орындықтар орнату;

  14. Лагерь алаусыз болмайды, дегенмен тоғай ішінде қауіпсіздік техникасын ескеруіміз керек. Сондықтан құмды жерден ортасын таспен дөңгелетіп қоршау;

  15. Лагерде жеке-бас гигиенасын сақтау үшін қол жуатын орындар өте көбірек қажет. Ол үшін бос пластмас бөтелкелерді үлгілеу арқылы ағашқа қағу арқылы жасауға болады;

  16. Лагерді безендіру мақсатында жалауша, таспалармен шаңырақ қылып тарту.

  17. Дәретхана орнату.





Қорытынды:

Болашақта немесе алдағы уақыттарда мүмкіндік болып жатса осындай лагердің біздің ауылда болғанын қалаймыз. Сонымен қатар жоба іске асып жатса басқа да ауылдардың, аудандардың балаларын шақырып ынтымақтастық орта қалыптастыруға болады. Осындай лагерь аймағы болса ауылымыздың да мақтанышы, көркі болар еді.

Назарларыңызға рахмет!