СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Бастауышпен қоштасу" воспитательный час

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл ашық тәрбие сағаты-сынып аяқтап жатқан оқушыларға арналған бағдарлама..

Просмотр содержимого документа
«"Бастауышпен қоштасу" воспитательный час»

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қособа ауылы Никонор бастауыш жалпы білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кушекенова Алтынай Талаповна

Тақырыбы: Рахмет саған, бастауыш! Жүргізуші:

- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар, шәкірттер. Бүгінгі күн бәріміз үшін ерекше күн. Бүгінгі «Рахмет саған,бастауыш!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші:Бүгін сіздер үлкен мерекеге келіп отырсыздар.Армандасаң да,қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді.Мынау ғажайып өмір шат күлкілі балалық шақтан бастау алады емес пе?Бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып,бір жылға тағы есейгелі отыр. Жас жүректің өмірлік құштары гүл, Бағбан-ұстаз баулыған құстары бұл. Бастауышпен қоштасып олар бүгін, Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр. Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым, Орындалсын арман-тілек,талаптарың. Әрқайсыңа арнаймын жырымды мен, 6-ыңды жетектеп парақтадым. Осыдан 4 жыл бұрын 2013 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын имене ашқан  бүлдіршіндер қазіргі таңда бойлары да өсіп, ойлары да өсіп, бастауышта білім нәрімен сусындап, орта буын табалдырғын аттағалы отыр. Талаптарыңа нұр жаусын!Қадамдарыңа гүл бітсін деген тілекпен: Никонор бастауыш жалпы білім беретін мектебінің  көңілді де ақылды 4 сыныбын ортаға шақырайық. Қарсы алайық ағайын!     Музыка ойнайды    (Өз елім)        КОНФЕТИ шашу   (Әжелер шашу шашады) Міне, бігүн біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып,бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да,ғаламат өзгерістер сыйлаған,білім нәрімен сусындатқан,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата – аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

  Олай болса, алғашқы бөліміміз: «Ұстаз ұлағаты» деп аталады.
5 оқушы шығады:

Ұ – ұлағатты           Балғындарға баянды,

                                 Сырын төккен ұстазым!

С – салмақты          Шәкіртіне аяулы,

                                 Нұрын төккен ұстазым!

Т – танымал            Есейіп ертең кетсең де,

                                 Шәкіртпін ұстаз алдында.

А – ардақты              Білім – ойдың сұлуын

                                  Асу еткен ұстазым. 

З – зиялы                  Жүрегінің жылуын

                                 Шашу еткен ұстазым.

Диас:                   Есімде ерен ұстазым,

Басымнан сипап өткенің

Аянбай бізге қыс-жазы

Молынан мейір төккенің

Жанымды менің жайнатып,

Баураған өзің мұғалім

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзіңмен күліп күн шығар

Шәкіртің өткен іздерден

Үмітің гүлдер, мұғалім,

Білеміз ертең бізден де

Өмірдің талап сұрауын.

Сонда ардақты мұғалім,

Уәдемде берік тұрамын.

 

Мәди: Ұстазым – ұлағатты сая бағым,

Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

Қолыма әліппенің кілтін берген,

Адалдық, ақ жолыңды бағаладың.

  Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны.

Айқара есік ашып тастағаны,

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

Енді міне, сағымдай өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз-ана жасады мына бізден,

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Қарақат: Ұстазсыз жанда сөнбек күн,

Шәкіртсіз өмір-сусыз жер.

Көрінбес ғажап еңбектің.

Бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,

Жанымнан жалын жігер күт.

Ұстазым, сенің әр күнің,

Әр сәтің тұрған бір ерлік!

Мейірбек: Кім боласың?

Кім болсаң да аман бол.

Бастықпысың?

Өте жақсы тұра қал.

Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары,

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі.

Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,

Ұстаздардан шықпаңыздар жоғары.

Махаббаты: бала және Отаны.

Сүйікті ісі: қағаз, кітап қопару.

Демалысы: шәкірттерге хат жазу,

Ал кәсібі: от беру мен от алу.

Бұл халықтың мектеп жалпы тұрағы,

Мектеп деме жан-дүние құрамы.

Үсті-үстіне соққылаған жүрекпен

Өзін-өзі ұмытудан тұрады.

Ал мұғалім барса алдыңа дұрысы,

Жүрегіңмен сездір дағы ұлы ісін.

Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,

Тастай қылып тындырып бер жұмысын.

Кім боласыз ұмтылмаңыз жоғары,

Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі.

Кім маңыз, прокурор ма, сотсыз ба?

Шықпаңыздар мұғалімнен жоғары.

Назерке: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келді,

Бар асылын бізге жиып мол берді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүректен хан көрді.

Жүрегі нұр,өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыма ұқсадым.

Адам жанын тәрбиелеп аялар,

Құрметтеймін сүйікті ғой ұстазым.

Әлімжан: Мұғалім ғазиз мұғалім-

Төгілген,арай шуағым.

Арманым қонса қолыма,

Арқаң деп сенің ұғамын.

Мұғалім ғазиз мұғалім-

Сарқылмас мәңгі бұлағым.

Ұланың бүгін тойында

Арнайды саған бұл әнін.

Жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға,жазуға үйреткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап  «Ұстазым» әні шырқалады.

Жүргізуші: Біздің ұл балаларымыздың орындауындағы биді қабылч алыңыздар!

Жүргізуші: Бас иіп,шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған,бізбен бірге уайымдаған –ата-ана.Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

Әлімжан: Мен бәріне адалмын,

Маған жақын бар адам.

Барлығынан солардың,

Жақынырақ жан анам.

Мәди: Осы халге жеткенің,

Ата-анаңның еңбегі.

Өлшеусіз сол еңбекті,

Ақта!-деді ұстазым.

Назерке: Кір түсірмей жағаға

Шашымды да тарайсың.

Мектебіме барарда

Мейірлене қарайсың.

Тау қопарып тасты ұрып,

Тұрғыздың сен не қала.

Саған қандай жақсылық,

Жасай алам мен ана!

Қарақат: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен .

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,

Ақылды балаларың оны білген.

Мейірбек: Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтіңмен тал бойына нәр бердің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Диас: Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әкені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Хор: Аман болсын,аяулы анамыз,

  Асқар таудай әкеміз!

  Ата-анаға мың да бір рахмет!

Жүргізуші:  4-сынып ата-аналарына сөз кезегі беріледі.

(ата-аналардың ыстық лебіздері)

Жүргізуші: Әке мен ананың құрметіне «Әке -ана» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Құрметті ата-ана, шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай келе Сіздерді  алғыс хатпен марапаттаймыз.

Өнерді жанымменен түйсінемін,

Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.

Орыс биін билесін мың бұралып,

Бименен шашу шашып бишілерім!

Би: «Орыс биі»

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр түрлі номинацияларда Сіздерді  дипломдармен марапаттаймыз.

Жүргізуші: Келесі сөз кезегі мектеп директорының міндетін атқарушысы Улболсын Бақтыгерейқызына беріледі.



Диас: Өмірге азық мол сыйын

  Құшағы құтты нұрлы ұям

Мектебім менің өз үйім

Санама күнде нұр құйған

Мейірбек:                    Армысың сен,алтын ұя мектебім,    

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағың,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Назерке: Айтыңдаршы,мақтанады текке кім?

Жұртқа аян талай сыннан өткені.

Мынау тұрған бір қабатты зәулім үй,

Никонор бастауыш менің мектебім.

Әлімжан: Мектеп,мектеп,менің жарқын көңілім,

Мектеп,мектеп,шаттық толы өмірің.

Мектеп,мектеп,әнім болып төгілдің,

Мектеп,мектеп,ана боп та көріндің.

Қарақат: Бастауышым-бал бұлағым

Алдым сеннен балдың дәмін,

Әріп танып,білім алдым

Рахметімді жаудырамын.

Мәди: Өзіңсің балауса көктемім,

Мен сеннен нәр алдым көктедім.

Өмірде алғашқы өткелім,

Рақмет саған,бастауышым мектебім.

Ән: «Армандастар»

Жүргізуші: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, бастауыш сынып өмірінен ескерткіш болсын деп әр оқушыға диплом табыс етемін.

 

  1. Қарақаттың мінезі бар жанға жайлы,

Ешкімді еш уақытта алдамайды.

Күліп жүр өмірде дәл осылай

Қиындыққа кездессең болма қайғы.

  2.Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,

Қате істі әрқашан мойындатар.

Әр ісіне жауапты Мейірбек

Арманың болашақта орындалар. 

 3.Айтар сөзім, тілегім бар.

Көп жинап білім деген тірегіңді ал.

  Диас сенің көңілің ақ, жүзің жылы,

Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.

 4. Қуаныш көп болуда сүйікті елде

Ақылды адам - бәрінен биік пенде.

Назерке болашағың жарқын болсын

Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.

5.Бос жіберме ешқашан уақытыңды,

Аялай біл ақылың жақұтыңды.

Әлімжан  сен ел сыйлар азамат боп,

Болашақтан табарсың бақытыңды.

 6.Мәди  сондай салмақты,

Сабақ оқудан бір талмапты

Әр іске де жауапты екенін сезінумен

Кімге болса да ол ардақты

  Жүргізуші: Ал енді 4 сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» биін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші: Осымен «Рахмет саған, бастауыш» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Жүргізуші: Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады!

Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз босын!                                         

Мұғалім: Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарыңды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріңе оралуларыңа тілектеспіз!